INTERVIEW Жанна Прашкевич 21 мая, 2015 16:55

КОНСТАНТИН ГОРОЖАНКИН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАЛАМТОРЫНДАҒЫ БИЗНЕС ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАЙЛЫ

КОНСТАНТИН ГОРОЖАНКИН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАЛАМТОРЫНДАҒЫ БИЗНЕС ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАЙЛЫ
Қазақстандық ғаламтор бизнес Ассоцияациясының президенті, Қазғаламтордың басты AWARD.kz жүлдесінің негізін салушы, Константин Горожакин бізге стартаптар мектебі, Қазғаламтордағы «ағалар» , мемлекеттен қалай ақща алу, және мемлекеттегі ғаламтор бизнестің табыстылығына дін мен ғаламтордың енуі қалай әсер ететіндігі жайлы айтып берді.

BTT_7935

Константин, қоғамның сіз жайлы көптеген пікірлері бар. Сізддің қазақстандық ғаламтор аясындағы қызығушылықтарының көп екені анық. Бұл стартаптар да, электронды көммерция да, инвестициялар да, конференцияларды өткізу де, және Қазғаламтордың ең басты жүлдесі AWARD.kz те. Горожакин мырза, көпқырлы, көпжүзді.  Сіздің ресми лауазымыз немесе компанияңыз бар ма?

Менің бірнеше компанияда ресми қызметтерім бар. Мен «Ұлттық AWARD.KZ ғаламтор жүлдесі» қоғамдық қорын басқарамын, оның атауынан оның жүлделерді ұйымдастырумен айналысатыны анық шығар. Сонымен қатар мен ҚҒБА, Қазақстандық ғаламтор бизнес Ассоцияациясының  президентімін.

Енді компаниялар бойынша.  Ұзақ уаұыт бойы мен Processing.kz тың бас директоры болдым, және мен осы позициядан кетемін деп инвесторлармен бірге шекенімізге жарты жыл болды. Бәрі соғылған, банктер қосылған, компания қазіргі сатылымына шықыт. Қазір    мен компанияда  аптаның 30% салмақтықпен басты клиеттермен жұмысқа жауапытымын, сонымен қатар мен акицонер және директорлар Кеңеңсінің мүшесімін. Біз жалақымның 50% қықаруы жайлы келістік. Түрлі ғаламтор жобалар  – қазіргі менің басты жұмысым.

Мен соңғы 20 жыл бойы әлемнің 70 мемлекетінің дамуын зерттеп келемін, бұл менғаламтор пайда болғаннан бастап жыл сайынғы мемлекеттердің 30 көрсеткішін бақылаймын деген сөз.

Мен стартап үшін қызықты бір бағытты көрсем, менбірінші кезекте осы іспен жанып тұратын адамды, менеджерды іздеймін. Жанып тұрған мен бұл іске жетпесем керек. Ол менеджер айлық алып, мен оған ой салып, оған тоб құруға көмектесіп, қосымша ол опцион ретінде үлес алады, пайзы үнемі өсіп тұрған компания үлесін. Егер ол  белгілі мерзім ішінде бір көрсеткіштерге жетсе, үлес оның артында ресми түрде бекітіледі. Егер ол одан ертерек кетсе, мысалы бес жылға жетпей, ол үлесін жоғалтады. Бірақ ол осы уақыт бойы менімен бірге табысты бөліп отырады. 

BTT_7930

Мен дұрыс түсінсем, сіз инвестор ретінде қызмет жұмыс жасап жатсыз?

Ия, кейде мен инвестицияларыммен, кейде тек ой және маркетингпен көмектесемін. Егер жобалар үлкен салымдарды талап етсе, мен сырт жатан инвесторды тартамын. Мен бастау беремін, «періштелік» 50 мың долларға дейін баратын инвестициялар, және жоба бір пішінге келіп, оның жұмыс жасайтыны көрінген кезде, іс соның қаражатына әрі қарай дамитын инвесторды шақырамын. 

Самарада туылған, Шымкентте тұрған бағдарламашы осыған дейін қалай өсті?

Менің анам төртінші ұрпақта қазақстандық, ол Ресейге оқуға барып сол жердегі бағдарламашы әйелдердің біріншілерінің қатарында болған. Екінші курста анам әкемді кездестіріп, үшінші курста мен пайда боламын. Оқу біткен соң анам әкемді өзінің туған жері Шымкентке алып кетіп, мен сол жерде өсіп, алғашқы ИТ-білім алдым. Екінші, қаржылық білімді мен сырттай Алматыда алдым. 90-шы жылдардың соңында ақшаны тек екі салада  – мұнай немесе банктерде жасауға болатын еді. Мен мұнайға араласып, жәй айтқанда, ол жерде бәрінің қиын екенін түсіндім. Сондықтан мен банк саласына келдім, «Халық банкте» жұмыс жасадым, әдеттегі менеджер ретінде со кезде іске қосылып жатқан ғаламтор кассаларда ғаламтор банкингтен бастадым, кейін ақапараттың қорғаныс бөлімінде бағдарламашы болдым, кештеу менеджер болдым. Ол кезде Карим Масимов «Халық банкін» басқарып, мемлекеттің бәрін ғаламтор кассалармен қаптату ойымен жанып жүрген еді. Қазақстанда алғашқы болып ғаламтор банкингті кім жасады леген тақырыпқа көп даулар болатын, Halyk немесе Kazkom? Шын мәнінде оны алғашқы болып ол кездегі американдық «Технобанк» жасады, (оны кейін «Сбербанк» сатып алған еді), кейін Halyk, одан кейін Kazkom болатын. 

BTT_8053

Мен Шымкентте «Халық банктің» шағын бөлімшесінде жұмыс жасайтынмын, ғаламтор кассалар жобасына 16 қаласынан адамдарды жинап, менің қолымнан оларды бір тәсілмен біріктіріп, тіпті басқару да келді. Сол 2000-шы жылы мен ойдың айналасында адамдарды жинай алатындығыма көзім жетті. Мен сол сәттен бастап карьералық баспалдақпен тез өстім.

Бірде мен Алматыға іссапармен келген кезде бұл жер маған өте ұнаған. Жұбайыммен бала күтіп отырған едік, мен өзімнің күлкі келтірерлік жалақым біздің отбасымызға жетпес еді, бір нәрсе жасау керектігін түсіндім. Есімде, мен ЦУМдағы бағаларға таң қалып, ол соңғы тамшы болды  – көшу керек деп шештім. Мен бәрін тастап, дәл өзімнің туылған күнімде Алматыға  резюмеммен келіп, бірнеше банктерді қарап, өзіме деген қызығушылықты байқап, бірақ қайтадан Halykқа тоқтадым. Маған айтарлықтай қызықты орын ұсынды, мен Шымкентте болып сол жерде салған нәрсемді осы жерде, мен Алматыда болғандықтан бар мемлекет аясында дамыту болатын.

Бастапқыда қиын болды: менің жалақым есімде, 350 доллар еді, оның 170 біз пәтер үшін беретінміз, баламыз туылатын уақыт жақындаған болатын. Кәдімгідей тағам жеуден қалғанмын, қазір түсінгенімдей. Мені сол уақытта жасалған жеке күәлігімдегі суретті көрсе танымас еді. Етті тек менің жұбайым жейтін. Жалпы, өмір тез ойлануға мәжбүрледі. Алматыда мен ешкімді танымайтынбын. Біз Саша Ляховпен бірлестік, ол да банкте қызмет ететін, біздің екеумізді де жаңа технологиядар сұрағы толғандыратын, біз AWARD.KZ ты жасауды шештік. Сашаға сайттарды бағалап, рейтингтеу қызық болған шығар. Маған қоғамдық жасау қызық болатын. Біз осылай көптеген адамдармен таныстық. AWARD.kzтің аясында бірінші Ассоциация пайда болды, ИАК, оны қазір Шавкат САбиров басқаруда. AWARD аясында iMIX, iProf конференциялары, istartup.kz стартаптар қоғамдығы өсті. Егер бұның шынайы жақсы жарыс екендігін жақшаның сыртына шығарсақ, AWARD мамандар қоғамдығын жасауда көп жұмыс атқарды.  Ұйымдатыру комитетінде жұмыс жасайтын адамдардың көбісі керекті ортаға түсіп, қазір өздерінің бизнестерін жасап алған немесе жақсы лауазымдарға ие. 

BTT_7895

Сіз өзіңіздің ісіңізді қалай жасадыңыз? Көбісі жалданған қызметкердің немесе өзі іскер адамның рөлінен өндіруші немесе инвестордың рөліне үйрене алмайды.

Маған қызмет атқарушыдан жетекшіге айналу қиын болды. Мен өзімдегі орындаушыны  қиын жеңдім, жетекшіге айналу үшін. Оған ір жылдай уақыт кетті. Бастапқыда мен бағдарламашы болдым, кейін аға бағдарламашы, одан кеіе менің бөлемшем, кейін  – басқару пайда болды. Бірақ маған үнемі мен жұмысты «ол жігіттерден» жылдамырақ жасай алатынымдай көрінетін. Менің серіктесім Крис айтқандай: «Өткен бағдарламашылар болмайды, өткен МҚК қызметкерлеріндей». Өзімдегі бағдарламашыны өте ұзақ жоюға тура келді.

Кейін өмірден көбірек ләззат алу керектігін түсіндім, менің отбасым мені ұзақ көрмеді. «Алдымен өзіңе төлеп ал». Мен банкке келіп, бір сағат уақытты  бизнес-сұрауларға, өзін өзі дамытуға, кәсіпкерлерге арналған көптеген әдебиеттерді оқуға арнайтынмын. Біз элкетронды кітаптарлы іске қосып жатқан кезде өзгерту керек болатын заңға маған кірісуге тура келді. Заң тек төрт жыл өткеннен соң президенттің қолына ие болған. 2008 жылы мен банктен кету қажеттігін түсіндім. Банк, әрине мені жібергісі кедмеді, тіпті директорлар кеңесінің төрағасынан таудағы үй сияқты ұсынысты есту өте кенет және жасырмаймын, ұнамды болды. Бірақ мен уақыт келгенін, ешқандай үй мені тоқата алмайтынын, өзіме жұмыс жасағым келетіндігімді түсіндім.

Мен 2009 жылы жұмыстан, жақсы орыннан кеткен едім, ол кезде Департаментті басқаратынмын, менің карт-бланшым, бар банк нарығынан өзім жинаған 16 адамнан тұратын супер-тобым, біздің арқамызда көптеген керемет жобалар болатын. Біз елде алғаш болып мобильды ғаламтор банкингті іске қостық, ол кезде 2004 жылы ол ерекшелік еді, ал қазір бұл кафедегі әр 2-ші адам картамен төлем жасағаннан кейін SMS қабылдайды. «Халық банкте» бұл жүйемен 800 мыңнан астам адам қолданады және ол Қазақстандағы бір миллионнан астам тұтынушысы бар онлайн қызметке айналатын шығар. 2008-ші жылы біз алғаш болып картадан картаға ақша аударуды жасаған біз болған екенбіз. Банктен кету әрине оңай болмады, бірақ... мен бастаумыды анықтап алған едім, электронды коммерциямен айналысқым келді. Бұл тақырып Қазақстанда өте ерекше болатынына дайындалдым. Есептеп, жұмыс барыстық жүйенің жобасын жасау үшін шамамен 3 миллион доллар керектігін анықтадым. Қазақстанда ол кезде ешкім әлі e-commerce ның не екенін ешкім түсінбейтін, оған миллион долларды құйып не қажеті бар. Және менің жолым болды  – менің Гарвард бойынша жетекшімнің топтасы Қазақстанға инвестиция құю мүмкіндігін іздеп жүрген екен. Біз бірнеше рет кездесіп, келістік. Ол ақшасын салды, мен компанияны салдым. Топ жинау үшін біздің екі жыл уақытымыз кетті, жұлдызды құрам жинадық, қажетті Visa, Mastercard секілді сертификаттаудан өтіп, қауіпсіздікке көңіл бөлдік, PCI DSS және тағы басқа. 2011 жылдан бастап біз жақсы дамудамыз. 

BTT_7851

Бірақ ең бастысы, ол Processing.kz нарықта пайда болуы монополияны жойып, оған дамуға мүмкіндік берді. Біздің келуімізге дейін ғаламтор-дүкендер ғаламтор төлеудің 5% коммисиясын төлейтін, бірақ, ең сорақысы, дүкен өз шоттарында ақшаны 30-60 күннен кейін көретін. Қазір орта есеп 2,6-2,8%, ал ақша сол күні түседі. Оны бәсекелестік жасады. Банктердің бағыттары көп: депозиттер, несие, аудармалар және т.б. Ғаламтор төлемлердің барысы  – жиырмасыншы қызмет, сондықтан олар оған аз көңіл бөледі. Біз назарды дәл соған аудардық, оның арқасында тұтынушылардың сұрақтарын шешу үшін ыңғайлы шешімдерді таба алады.

Мен немен айналысуды қарастырған кезде, бар әлемде бұл бизнесті шағын  барыс компаниялар жасайтындықтарын көрдім. АҚШ та ол 5 компания, Ресейде  – 3, дәл сол жағдай бізде де болады. Біздің тобымыз шағын, 11 адам, бірақ біздер әр күні ғламтор төлемдерін одан әрі ыңғайылырақ және қол жетімдірек етуді ойланамыз. Бізбен бірге төрт ірі банктер жұмыс жасаыды, тағы бірнешесі енді қосылып жатыр  – олар бұл жұмысты олар емес мамандырылған топтар жасау қажеттігін түсінді. Банк қаржымен, ал техникалық жағын техникалық топтар жасау керек.

Біз нарықтағы жағдайды өзгерткен кезде мен екі жайтты түсіндім. Біріншісі: Қазақстанда жақсы ИТ-жобаларды іске асыруға болады, олар нарыққа әсер ете алады. Екіншісі: Қазақстанда стартаптарға ақша табу өте қиын. Менің қолымнан бәрі қиын келсе де, менің тәжірбием және байланыстарыммен,  жаңа ғана университет қабырғасынан шыққан жас жігіттердің жағдайы қалай екендігін мен түсінемін.

Осылай, стартап мектеп және стартап қоғамдық жасау ойы туды, бұл жерде біз Қазақстанда бар стартап тәжірбиесін іске қоса аламыз. Біз айналамызға табысты адамадарды жинадық, олар маркетингте немесе ИТ де бір нәрсе жасаған, және олар қазір атайтындай стартаптың дамуы үшін және қаражатқа «жол картасын» салып қойған. 

BTT_7834

Сіздің мектебіңіз қандай?

Бір жыл бойы біз стартаптарды біздің istartup.kz. сайтында орналасуына шақырамыз. Уақыттан уақытқа біз оларды біздің конференция және іс шараларымызыда қарастырып, өздерін таныстыруға мүмкіндік береміз. Осы жылдың ішінде топтардың қалай дамып жатқандарын қарап, жылдың соңында ең үздік ондықты анықтаймыз. Қаңтар ақпан барысында біз топтарға iStartUpSchools акселераторда көмектесіп, оларды көптеген сқрақтар бойынша, бухгалтерия және қаржыдан бастап маркетингпен оның георграфиялық тарауына дейін тренингтер өткіземіз. Өйткені инвесторлармен бір тілде сөйлесу керек. Ақтық мәреде әр топ өзінің заңды тұлғасына, топ ішіндегі бөлінген үлестерге, бизнес жоспар, маркетингтік жоспар, нарықты нақты түсінуге, оларға қанша ақша қажеттілігін және  олар қаншалықты үлесті бере алатындықтарының түсінігіне ие болады. Біз оларды InvestorDay де көрсетеміз. Стартаптар танстырылады, олар мүмкін болатын серіктестермен кездеседі, ал инвесторлар болса қиялшылдарға емес,  адекватты адамадар мен жобаларға ие болады. Жақындағы 4-ші акселератордың шығарылуы 21  мамырда InvestorDay де болады.

Осы жылы сіздің төртінші стартап мектебіңіз болады. Стартап  – бұл салмақты нәрсе емес деген пікір бар. Және егер де сен ақша тапсаң да, сен оларды міндетті түрде жоғалтасың. Сізде табысты жобалар пайызы қандай?

Жартсы. investorDayге дейін 80 пайызы жетеді. Олардың жартсы табысты болады  –  ақша алып, өз шығындарын өздері өтейді. Көрсеткіш жоғары, өйткені біз өзіміз, шын мәнінде, жобаларды сыннан өткізіп, олардың ішінен ең үздіктерін таңдап, топтардың ұйымдасуына үлкен еңбек етеміз. Жайлап тәжірбиелі адамдардың қоғамы жасалады. Өткен жылы, біз алдыңғы үш маусымды жинаған кезде , біз сабантуйға бір үйді жалдау керек болды.

Басқа себебі, Қазақстанда бос орындар көп. Еуропалы немесе американдық нарықта көптеген ойлар баяңыда желініп қойған. 

BTT_7948

Біздің сұхбатымыздың басталуынан бері сіз қоғамдар салып, топтарды құрып келе жатқаныңызды айтасыз. Сіздің табысқа жетуіңіздің негізі осы ма?

Мүмкін, мен ертеректе бұл жайлы мүлдем ойланбайтын едім, бірақ, негізінде мен үнемі бірлестіктерді құрамын. Мен бәрібір адамдарға сенемін, Алматыда өте көп қызықты адамдар өмір сүреді. Және оларды біріктірсе, ол күш міндетті түрде жұмыс жасайды.

Негізі, ғаламтор  – ол таза бәсекелестік. Біздің жігіттерге батыстық жобалармен жарысуға тура келеді. Және маған біздің өзіміздің орындарымызды қайтару жылдамдығы өте ұнайды.

Ғаламтор дүкендер әрқайсысы өзі үшін жауап беретін еді, жиі бір бірімен емес, білімісіздікпен бәсекелестік болатын, ешкім ақпарат және сандармен бөліспейтін. Біз біріккен кезде, біз бір бірімізбен ең жақсы практикалармен бөлісе бастадық: логистика, клиенттермен жұмыс жасау, техникалық сәттермен, бір біріміз үшін жан күйер бола бастадық. Нарық үлкен болды, және бұрын орындаушы ретінде жүгіретін жігіттер қазір компания басшысы болып, өздерінің табыстары жайлы конференцияларда айтып жатады. Шынымен де, көбісі қазір долларлы миллионерлер. Жоғалтатын нәрсе бар, АКИБтың басты мақсаттарының бірі  –  өз мүшелерін қорғау. Бұл жерде пара беру, жемқорлық, «ағалар» мүлдем жоқ десе де болады, жігіттер өзірінің еңбектері және ақылдарының арқасында табыс тауып отыр. 

BTT_7972

Неге «ағалар» жоқ десе де болады? Олардың бар болғаны ма?

Олар қазір ғаламторға кіріп бастап жатыр, өйткені газеттер мен журналдарда ғаламтордың тез дамып жатқандығы жайлы шу пайда болған. Қазақстанда биржаның жоқтығын ескеріп, жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалды, ал адамдарға бір нәрсеге ақшаларын құю қажет болғандықтан көбісі стартапқа келеді. Бум болып жатыр, бұл жайлы одан да жарқынырақ айтатын болады. Ақашасы бар көп адамдар бір нәрсені табуға талпыады, сол себептен менің телефоным үнемі тынбайды.

Бірақ инвесторлардың көбісі делитанттар, олар біздің саламызды түсінбейді. Өздерінің зерттеулері бар адамдар өте аз. Және көбінесе ол жабайы ақша. Адамның бір жерде пәтері болды, ол оны жалға беріп келіп, қазір сатып жіберген, оның қалтасында 200 мың доллар бар, және ол бізге былай айтыды: «Мен бір жерге ақшамды құяйын, сендер маған бір жылдан кейін 300 мың беретін болыңдар».

Біз оған жүйенің олай жұмыс жасамайтынын түсіндіреміз. Үлес үшін қаржы саул нұсқалары бар екендігін, мысалы, 40%. Бірақ мүмкіндік 50 де 50, жоба жүру мүмкін немесе, күйіп кетуі мүмкін. Жағдай жайлап өзгеруде. Дәл сол investorDay де инвесторларға нарықта не болап жатқанын түсінуіне көмек береді. Кейін, біз инвесторларды да үйретеміз. Сонымен қатар, Аламатыда басқа нарықтарғағ Оңтүстік Азияға, Штаттарға ақша салып жатқан адамдар көп, олар қазір Қазақстанға инвестиция салғылары келеді. 

Инвестициядау ол да есірткі, адамдар бұл сияқты «жақсы» азартқа үйренеді.

Ия, ол драйв. Сен басқа нарықтарда бәрі қалай өскенін көріп, Қазақстанға келіп , ол орындардың бос екенін және олардың бірнеше жылдан кейін жарылатынын көресің. Және инвестицияламай тұра алмайсың. Қазақстанда сатып алу мүмкінді өте жоғары, бізде бір адамға 12 000 доллардан көп ЖІӨ келеді. Қырғызстан немесе Украинаменсалыстырып көрңізші  –   айырмаышлығы 6 және  4 есе, бұл  өсу үшін өте үлкен мүмкіндік!

BTT_8035

Ия, айтпақшы, сіз мамыр соңында Бішкекте коференция өткізесіз бе?

Ол жақтағы сатып алу мүмкіндігі бізге қарағанда алты есе нашар, бірақ есесіне бір миллион халқы бар Аламатыдан 230 километр ара қашықтықта орналасқан қаласы бар. Басқа ең жақын мегаполис, Шымкент, үш есе алыс оған дейін 600 километр. Азір ол жақта шекара ашылуда, қазақстандықтарға тез арада сол жаққа шығу қажет. Біздің Ассоциациямыздың қатысушыларының көздері жанып тұр. 

Кері болмай ма, Қырғызстан біздің ғаламтор нарыққа шықпайды ма?

Мен бұл жайлы қырғыздарға айттым. «Жігіттер, сендердің жандарыңда ресми 1,5 миллион адамдық нарық ашылды, ал сатып алу мүмкіндігі сендерге қарағанда алты есе көп. Шығыңдар! Бірақ e-commerce дамуы бойынша олар бізден 2-3 жылға қалып бара жатыр, сондықтан біздің жобалар ол жаққа шығатын шығар. Біздің дүкендер ол жақта өздерінің call-орталыұтаның жасайтын шығар өйкені ол айтарлықтай арзан. Жалпы, нарық өте қызықты.

Электронды ақша карталар жоқ нарықта да жұмыс жасайтынын мойындау қажет. Және бұрыңғы Кеңес одағынан басқа жерде ондай ақша жоқ.

Пара беру сұрағына оралсақ, дәлірек айтасақ олардың Қазнетте жоқытығына. Жарнама жасаушылар сізбен дауласатын еді.

Жарнама нарығына мен айтарлықтай тиіспеймін. Ол жақта ол барлық мүмкіндіктермен іс жүзінде қолданыып келе жатқаны анық. Бірақ  ғаламтор дүкендерге және қызметтерге қатысты емес. Ол таза, әдемі, бәсекелестік бизнес.

Негізі ғааламтор  –  бұл таза бәсекелестік. Біздің жігіттерге батыстық жобалармен жарысуға тура келеді. Және маған өзіміздің орындарымызды қайтарып алу жылдамдығы өте ұнайды. Екі жыл бұрын карточка бойынша транзакциялардың тек 9% Қазақстанда қалатын, басқасы шетелге кететін. Қазір, кішкене Ассоциацияның арқасында да, біз ол санды 27% дейін жеткіздік. Біз мидың арқасында үш есе өстік.

Электронды ақша бойынша, мен түсіндім, жағдай жәй өзгеруде.

Мойындау керек, ол электронды ақшалар картасы жоқ нарықта жұмыс  жасайды.  Және бұрыңғы Кеңестен басқа жерде олар жоқ. Электорнды ақшамен PayPal секілді қызметтре мен ғаламтор банкингтерді шатастырмау қажет. Қазақстанның электронды ақшаның өсу кезеңінен секіріп өту мүмкіндігі болды. Ресейге қарағанда біз ұзақ уақыт бойы ғаламторда және картаардан ештеңе сатып алғымыз келмеді. Ал қазір халықта электронды есептерге қарағанда карталары көп. Сондықтан электронды ақшаларды көбісі падаланбайды, олардың өздерінің орындары бар  –  азартты ойындар, фрилансерлер және фрилансерлерлің қызметіне тапсырыс беретін шетелдіктер. Адамдардың көбісіне карталар мен терминалды желілер жеткілікті болады. 

BTT_8093

Мен сізге басқалардың жадында жүрген сұрақты тура қойғым келіп отыр.  Жыл сайын ең үздік сайтты таңдайтын қазылардың шешіміне қатысты көптеген наразылықтар айтылып келе жатыр. Қоғам өте ерекше сайттар жеңеді деп есептейді. Менің түсінуім бойынша, сіз қазыларға ешқандай ықпал ете алмайсыз. Олардың логикасы неге негізделген?

Ұйымдастыру комитеті қазыларға ешқандай әсер ете алмайды. Біз AWARD ты жасап жатқан кезде, тәуелсіз қазыларды шақырамыз деп шешкенбіз, және ұйымдастыру комитетінің жұмысы  –  кәсіби қазылар алқасын шақыру. Олар 3 жұмыс тобына бөлінеді: жұмыс жасау мүмкіндігі және технологиялық, мазмұны   мен контент, дизайн және юзабилити. Біз шынымен қазыларға сенеміз. Кейін, қазылардың бар бағарары ғаламторда жаряланады  –  ол  қадам біз өзіміз жүлдегерлерді таңдаймыз дейтіндердің аузына құм құяды. Кез келген қазылар алқасының мүшесінен жеке сайттың жеке бағасы жайлы сұрауға болады.

Дегенмен, наразылық көп.

Мен AWARD қы сын айтудың бірнеше себебін көріп отырмын. Біріншісі  –  бұл ИАК мен қақтығыс, ол AWARDтан өсіп шыққан. Менің түсінуім бойынша, ИАК Қазғаламтордың дамуына біршама ақша  бөлінген көрінеді. Мен ол жерден кеткен кезде, ИАК өзінің жарыстарын ұйымдасытруға тырысты, бірақ бірінші бірнеше талпынулардан ары барған жоқ. Ал Қазағламтордың басты жарыс атағын тартып алғысы келеді. Оны қалай жасайды? Мысалы, қаралауға болады. Бірақ біз бұл талпыныстарға өте сабырлы қараймыз.

Басқа да себеп бар.  Мен AWARD.kzты ұйымдастыру үшін келе келе одан да аз  уақыт  бөліп жүргенімізді мойындай аламын. Біз осы жылы, мен жарысқа қатыспайтын болып, ұйымдастыру комитетін Софья Носкова басқарады, ол көп жылдар бойы бізбен бірге. Сонымен қатар, мен үнемі оқтар қадалатын белгілі нысанға айналдым. Сондықтан менің AWARDтан шетте тұрғаным жөн.

Үшінші себеп, ол жыл сайын ұйымдастыру комитеті ауысұандықта. Бұл тірі құрылым, және ол жерде үш жыл бұрын, жас, тәжірбиесіз болған адамдар, қазіргі таңда ірі компанияларды басқарып отыр. Дәл Анна Осипова да бізге 2011 жылы келген,  КТК арнасында маман еді, үш жылдың ішінде жақсы карьера жасап алды. Алексей Назаров, кешегі студент, банкте жұмыс жасап, бір ірі компанияны басқаруда. Алексей Ли екі супер табысты жобаны іске қосып үлгерді ticketon.kz және  aviate.kz, оны ұйымдастыру комитетінде көргенімде ұмыта бастадым. Дамадардың өсуі жайлы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ал оларды алмастыру ойлағандай тез жүріп жатқан жоқ. Біздің барлығымызда отыз үш мың уайымдарымыз пайда болды, сондықтан AWARD қа уақыт аз қалды. Бізде бар барыстар жақсы ойластырылған, бірақ факаптарда  болып тұрады. Жаңа шақыруалар да болады. Мысалы, өткен жылы қазылар алқасының бір мүшесі, сайттардың жартсына өте қатал бағалар берген. Осының себебінен нашар сайттар басымдылыққа ие болды, ал мықтылары зардап шекті. Мен өзім кейін кейьір саттардың алдында, оның ішінде Tengrinewsтің алдында да жеке кешірім сұрап шықтым. Осы жылы, ондай жағдайлардың болмауын қамтамасыз еті үшін, әр сайт боынша ең төменгі және ең жоғарғы бағалар алып тасталынады.

Бұл жылы қандай өзгерістер болады?

Біз алғашқы марапаттауды Астанада өткіземіз деп күтудеміз. «Қазконтен» АҚ қызығушылық білдірді. Өткен жылы оларға жабылу салтанаты өте ұнаған, бірақ байқауға деңгей жетпейтіндігін айтты. Қазір бір шарттар жайлы келсіпі жатырмыз. 

BTT_8060

Шавкаттың сұхбатта сіздердің араларыңыздағы қақтығыс жайлы ашып айтуға мүмкіндігі болды. Сіздің барлық мән жайды ашуға тілегіңіз бар ма?

Мен тек болған жағдайды қайталай аламын. ИАКны ашуға бізге Александр Ольшанский айтқан еді, ол осыған ұқсас жобаны Украинада басқарады. Шавкат ол кезде енді Канададан қайтқан болатын, және Саша Ляхов оны біздің ұйымдастыру кмитетімізге ұсынды, мемлкеттік мекемелермен байланыс үшін жауап беретін. Шавкат өзі Ассоциациямен айналысуға тілек білдірді, кейін мен білгендей, Ассоцияацияны Шавкатқа қатысы бар үш  компания құрғанын білдім. Ол кезде сол сұрақтарға мән беруге уақыт болмады, мен бизнеспен және AWARD пен айналысатын едім. Ассоциация жұмыс жасай бастады, жәнебірінші жылы, менің ойымша біз өте жақсы жұмыс аттқардық  –  біз электронды ақша бойынша заңды лоббирладық, домендерді қорғадық.

Жиналыстардың бірінде бізге табыс және шығындар жайлы есеп берді. Маған ір сандар күдікті көрінді. Мен Президиумда едім, рһолар жайлы білуім қажет еді, бірақ мен білмедім, олар мен үшін тосын сый болды. Нақты есімде емес, бірақ рет солай, ИАК бюджеті 12 млн теңгені құрайтын, олардың екі миллионын мүшелік салымдар құрайтын, ал онын  –  ірі телекоммуникациялық бағдарламаның салымы. Және де басқа бір түсініксіз компанияға үлкен сомаға шығын. Мен бізге қандай қызмет үшін және біз қандай қызмет үшін төлегендігіміз жайлы сұрадым? Маған сайт жасап, зерттеу жүргізгендігіміз жайлы айтты. Бірақ мен оның соншалықты көп тұратынын білетінмін. Мен дәл со жиналыста жауаптарды талап еткенімде, маған Ревизиялық коммисия тексеру жасап қойды, басыңды қайда сұғасың дегенсіп ештеңе айтпады. Менің екінші қаржылық білімім барын ескертіп, ревизиялық коммисияға менің де кіргім келетіндігі жайлы айттым. Бірақ мені сол күйі сандарға жақындатпады.

Мен ол кезде үндемедім, өйткені маған  агрессивті түрде ол тақырыпты көтермеу айтылған болатын. Бірақ ұрыс пайда болды. Және келесі жылдың барысында мен өзіме ұнамайтын сәттерді байқай бастадым. Мен түсіндім, ИАК өте ірі компаниялардың атын жамылып, белгілі бір тәсілмен келісімдер алып, ақша таады екен. Бірақ Ассоцияация өзі табыс таппайды, оның жеке мүшелері табады. Және жиналыстардың бірінде, Горожанкин ұйымның мақсаттарына сай келмейді деген шешімге келіп, менің компаниядан кетуіме дауыс береді... Жалпы, сол кезден бастап мен белгілі адаммен амандаспаймын. Енді дамып келе жатқан ғаламтор бизнесті қорғау және басшылықпен тілдесу үшін нарық өзінің Ассоцияациясын жасады  –  ол АКИБ.

Қазір сіз «Шетелдік мемелекеттердің нарығынан электронды коммерция жобаларын шығару» атты докторлық диссертацияны жазу үстіндесіз. Сіз қандай болам айта аласыз?

Мен соңғы 20 жыл бойы әлемнің 70 мемлекетінің дамуын зерттеп  келемін, бұл ғаламтор пайда болғаннан бері мемлекеттредің  шамамен 30 көрсеткішін бақылаймын: бір адам басына ЖІӨ, адамдардың білімділік деңгейі, бір адам басына компьютерлер саны, тұтынушылар саны, ғаламтордың енуі, логистика деңгейі, гендерлік құрам, діни құрам секілді. Соңғысы, ғаламтор бизнесінің дамуына өте үлкен ықпал жасайтын болып шықты. Мен жыл сайын қандай мемлекеттерде қандай ғаламтор жобалары пайда болғандығын қараймын. Жұмыс жасап жатқан ғаламтор жоба қай мемлекетте, қай уақытта пайда болуына әсер ететін бірнеше басты көрсеткіштер бар екенін көремін. Егер сіз байасыңыз, барлық Қазақстандағы табысты жобалар 2011 жылдан кейін пайда болды. Ол жылы ғаламтор бизнесының жарылысы болған. Оның себебі неде? Мемлекетте халықтың 20% ғаламторды отырса, e-commerce жобаларын жасай беруге болады. Бұл жобаларды іске қосуға мүмкіндік беретін критикалық салмақ. Қырғыстанда өткен жылы 20% болды. 

BTT_7877

Тағы қандай жаңалықтар аштыңыз?

Халықтың діни құрамы өте маңызды. Англосакастық дін, протестанттық, бизнеске үлкен көмек етеді. Егер сіз, мысалы, баптисттермен тілдесіп көрсеңіз, сіз олардың тек қана бизнес жайлы ойлап, онымен айналысып, және олрға дін «бизнеспен айналыс» деп жатқандығын түсінесіз. Православты дін неге үйретеді дейсіз? Бай адамғ жәннатқа түсу ұиын болады деп айтады. Ол шығыс славяндық халықтар байлыққа қауіппен қарайды деген сөз. Исламда несие алуға байланысты бірнеше қатаң ережелер бар. Сондықтан, мұсылман халқы басымырақ мелкеттерде 20% толғаннан кейін 2-3 ға кешігу бар.

Тағы бір қызықты зерттеу бар. Адамға, ғаламтордан ір зат алу үшін оның 1-2 жыл желімен қолданғаны керек. Бастапқыда ол ақпарат іздеп, электронды пошта, немесе ойын үшін келеді. Кейін ол желіде көңіл көтеріп, әуендер тыңдап, фильмдер көреді. Бір екі жыл өткен соң ол желіде тағы да сатып алуға болатындығын түсінеді. Сатып алу болған кезде, және сатып алу жақсы өтсе тұтынушы ғаламтордағы  таңдау да көбірек, бағалар да тиімдірек, жеткізіп салу да ыңғайылырақ деп түсінеді. Солай желіге сене бастайды. Екі жыл  –  ол өте көп. Бірақ қайтадан, екі жыл  –  ол өті оптимисттік көрсеткіш, кейде бұл барыс үш жыл, бес жыл жалғаса алады. 

Айтпақшы, жеолідегі сатып алмыдар жайлы. АКИБтың «КиберЖума» жобасы жайлы айтып беріңізші?

 «КиберЖұма»  өзінен күтілген әсерден асып түскен жоба.  КиберЖұма оффлайндағы адамдарды  жаңа айтылған екі жылдан тезірек ғаталамортдағы сатып алымдарға алып келуі қажет. Америкада ол жоба Cyber Monday деп, ал Ресейде болса «Кибердүйсенбі» деп аталады. Біз, ұл жерде барлығы «Жұма» дгененнің не екендігін түсінеді деп ойладық, орыстар да қазақтар да. Алғашқы «КиберЖұманың» бірнеше бастапқы секундтарында айтарлытай мықты дүкендердің үш сайты түсіп қалды. Адамдардың саны өте көп болғандықтан, біз шыдай алмадық. Сол кезде бізде бір күннің ішінде мың тапсырысты орындаған дүкен пайда болды, ол lamoda.kz еді. Үшінші «КиберЖұмада» олар күніне 3000 тапсырыс орындады. Бұл ғаламторды бір жыл ішінде адамдардың түсінуін көрсетеді. Біздің қолымыздан жарнамаға ірі қаржылар құймай ақ жаңа адамдарды желіге кірізе алдық. Жастар желіде байырғыларға қарағанда чегі жоғарырақ. Байырғылар жастарға қарғанда сатып алымдары көбірек, бірақ чектері азрақ. Ал жастар, олар  –  ух!  сатып алуды бастайды.

Біз «КиберЖұманы» жылына бір рет өткіземіз деп ойлағанбыз, қазір біздің дүкендер оны жылына екі реттен өткізуді сұрап жатыр. Осы жылы біз «КиберЖұманы» сейсенбі күні өткіземіз. Неге? Көптеген дүкендер демалыс күндері жабық болатын басқа дүкендердің қоймаларымен жұмыс жасайды екен. Адам жұма күні тапсырыс жасаса, өзінің затын келесі жұмаға дейін күтеді. Ол өте жағымсыз сезім. Біз осы жылы тәжірбиелейміз. «Жұманы» дүйсенбі күні 18 мамырда өткеһіземіз деп шештік, бірақ ол күнді Алматы қаласының Әкімшілігі Батырхан Шукеновты еске алу күні деп жариялаған. Біз құрмет көрсетіп, науқан  күнін  сейсенбіге ауытырдық. 

!BTT_7859

Сонымен қатар, сіздің  жиналысыңыздың әлеуметтік шақыруыңызда «Зерде» АҚ бірлесіп e-commerceке бірнеше миллион доллар инвестициялау жайлы нүкте ар еді. Осы жайлы толығырақ айта аласыз ба?

 «Зерденің» жақында жетекшісі ауысты. Құрманғалиева Бикеш Қайдаровна өте тірі адам, ол секілділер қазіргі мемлекеттік ИТ-саласында көп емес. «Зерде» АҚ АКИБтың ортақ жиналысында саланың дамуына өз үлестерін қосып, паритетті негізде қаражат салғылары келетіндіктерін айтқан еді, 80% мемлекеттен, 20% – біздің Ассоциациядан.   Оны бізде қай салада бәсекелестік жетіспейтіндігі қызықтырды. Біз ену сұрағын шешу барысында төлем мәселесін шеіп қойғанбыз, бірақ өте өзекті огистика мәселесі бар. Менің ойымша, бұл мемлекетіміздің ауыр сұрағы. Е-commerce нарығы өткен жылға 700 миллионды құрады, кейбір қалалардың арасында үнемі байланыс мүлдем жоқ. Адамдарға машина, жеке кәсіпкердерді іздеп, заттарды жолаушылармен бірге беріп жіберіге тура келетін.

Тәжірбиесі бар адамадар аз, қазақстандықтар өте жалқау. Оны монйындау керек, біз мұнаймен құртылғанбыз. Шетелден келген адамдар оны анық көреді. Мұнай инесі, қалай айтсада, бізді өте қатты өзгертті.

Lamoda біздің логистикаға түкіріп, біздің әр қаламызға Мәскеуден кешкі рейстермен заттарды алп келеді, оған Кедендік одақ мүмкіндік бере алады, кейін олар өздерінің курьерлерімен жеткізеді. Бірақ біздің дүкендер күн сайынғы самолеттарды өздеріне қамтамасыз ету үшін үлкен айналымдарға ие емес. Ақпанда мен Уакраинаға олардың нарығын зерттеу үшін бардым. Ол жақтағы нарықтар белгілі себептермен қысылуда, олар Қазақстанға шыққысы келеді. Е-commerceтегі жеткізу бойынша ең үздік компанияны тауып, жетекшілігімен кездсетім, оларға біздің керемет мемлекетіміз жайлы айтып бердім: «Жігіттер, сендер бізге жетпей жатсыңдар, келіңдер, біз көмектесеміз».

Дұрыс логистика Қазақстандағы бар e-commerceке ырғақ беріп, адамдар таңертең затты тапсырып, кешке міндетті түрде үйге алып, киіп көріп, ұнамаса қайтарып беруге болатындығын түсінеді. Украинадағы жігіттер өздерінің компанияларын сатып, осы жерге 2-3 жылға көшіп келуге дайындалып жатыр, жоба төрт миллион доллар көлемінде инвестиция іздейді. АКИБ арқылы оларды біздің ғаламтор дүкендерімізбен таныстырдық, олар өздерінің логистикасын өздері дамытуға тура келді. Оларға өздерінің штаттарын ұстауға қиын, тиімсіз және қымбат. Дүкен тауарды сату қажет. Барсыты оған басқа мамандырылған компания ұсынады, логистиканы  –  басқа компания. Өзіңдікін салу  –   ол тығырықтық нұсқа, жақсы өірден емес. Біз уақыт өте келе осыған жақындаймыз.

Білесіз бе, мен сізді тыңдап отырып, өзіміздің жігіттеріміз үшін ренжулімін. Адамдарды Украинадан ізде қажет па еді? Қазақстан көршілес мемлекеттер үшін ашық алаңға айналды: Ресей, Украина, тіпті Беларусь та осы жерде. Қазір енді Қырғызстаннан әріптестер келеді ...

Біріккен шатттарда тура осындай жағдай болып жатыр, адамдар ол жаққа ақша табу үшін барады. Менің ойымша ол жақсы жайт. Адамдар бұл жерде өздерінің компанияларын ашп жатыр, салық төлеп, өздерінің миларын алып келеді де, осы жерде бәрі қимылдай бастайды. Бәсекелестік басқарады! Мен Украинаға ол жақтан тұрарлық ойыншыны алып келу үшін кетуге мәжбүр болдым, өйткені жергілікті логисттер жылдам ыңғайлы жеткізу мәселесін шеше алмады. Ал егер «Зерде» оның жартсын қардыландырса, біздің өзіміздің нарығымыз пайда болады. Компанияның басмы үлесі қазақстандық болады. Украиндықтарда да үлес болатындығы түсінікті, бірақ бастысы емес. «Зердеге» егер біз осы жобаны іске асырсақ ескерткіш қою қажет. ОЛ шынымен де үлкен мәселелік аймақты жабады. 

BTT_8046

Мен қазір түсініп отырмын, біздің сұхбатымыздан кейін оқырмандардың көбісінде: «Мәссаған, мен неге әлі де ғаламторда бизнес жасамаймын?» деген ой пайда болады. Олардың көбісі поездқа отырып, өздерінің күштерін сынап, бос жатқан қаражаттар мен уақытын e-commerceке инвестициялауға тілектенеді. Бірақ кейбіреулері: «2011-ші жыл байғыда өтіп кеткен. Мен неден бастауым қажет? Қайда жүгіремін? ИП ашу қажет па? Стартаптар мекетбіне жазылу қажет пе?» деп ойлайды. Жолдың басында жасау қажетті бес үш қадам бар ма?

Ең бастысы  –  алып санау керек. Жиі жобалар біреу бір ерекше нәрсе жасағысы келгеннен басталады. Бір жерден қарап, ойланып, жанғаннан. Біра ешкім де бизнес планды есептемейді, ал барлығын санау өте оңай. Нарықты алып, 17 миллион қазақстандықтардың каншауы, мысалы, ғаламторда төсек жабдықтарын лапы, қандай мерзімде оларды ауыстырантындығын. Біз 3-5 жылдан кеін қазіргіден сәл бай болатынымызды елесететіп, оны сәл жиірек ауыстыратынымызды болжау. Мысалы, екі миллиард тенгеге қазақстандықтар төсек жабдықтарын сатып алатындарын түсіну, оның ішіне сіз қандай пайызын ғаламтор арқылы сата алатындығыңызды елесететіп көру. Егер ол сома сізді қанағаттандырса бизнесті соғуға болады. Бірақ алдымен есептеп алу маңызды.

Екінші, сіз бизнес нұсқа жұмыс жасайтыны түсіненіңізде сізге топ табу қажет. Әрине, ол адамның электронды коммерцияда тәжірбиесі болғаны жөн. Сіз ақша немесе байланыс бере аласыз. Веб студияға барып, олармен жиі бизнестегі үлес жайлы келісуге болады, 10-15%. Немесе, жұмыстан кетіп, осы істі бастап үйрену қажет. Осы жерде біздің стартап мектеп және әлеумет өте қажет болады.

Мен өзім айналысып жүрген ісімді өте жақсы көремін, бұл менің драйвым, мен онымен жанып тұрмын. Бірақ отбасы да мен үшні өте маңызды. Сондықтан жексенбі мен үшін міндетті family day, мен жұмыс істемеймін.

Үшінші  –  ол ақша. Ақшаны сіз өзіңіздің ісіңізден алғашы долларды алған кезде іздуге кеңес беремін. Алғашқы қадамды уақытты жоғалтпау үшін тізерлеп жасайсыз. Мынадай мақал бар: « Егер сіз өзіңіздің сатыңыздың дизайнына риза болсаңыз сіз оны іке қосумен кешігіп қалдыңыз». Алғашқы сайт нашарлау боы мүмкін, бірақ бизнес нұсқа жасайтынын көру сол маңызды. Адамдар сізге ақша төлей бастағанда, инвесторға батыл барып, сіздің ойыңыз, тобыңыз, алғашқы табылған долларыңыз бар екендігін, ақша берсеңіз Қазғаламторды жарамын деп атыңыз. Нарықта инвесторлар жеткілікті, жұмыс жасайтын жобалар аз, болашағы бар топтар одан да аз. Біздің ең басты мәселеміз   –  ол адамдар.

Сіз не айтқыңыз келіп отыр?

Тәжірбиелі адамдар аз, қазақстандықтар өте жалқау, оны мойындау керек, біз мұнаймен құртылғанбыз. Шетелден келген адамдар оны нақты көреді. Мұнай инесі бізді өте қатты өзегртті. Жалақы бойынша біз Ресеймен қатты бәсекелсудеміз, дағдарыстан кейін олардан озып та бар жатырмыз. Бізде, ИТ-ЖООны бітірп жатқан студент, 1000 долларға үміттенеді, одан кем емес, және оған басқасын түсіндіре алмайсың. Бірақ мен дәлл сол қаржыға Украинадан e-commerceте жылдар бойы жұмыс жасаған үш мамандарды алып келе аламын. Біздегі мамандар белгілі жерге дейін жетіп, өздерін құдай санап, әрі қарай өспейді. Банкте жұмыс жасап жүріп мен мобильды төлемдер жобасымен көптеген мемлкеттерде болдым, студенттреге дәрісетр оқитын едім. 

Мен үнемі бизнеспен айналысқы келетіндердің қолдарын көтерулерінн сұраймын. Қазақстанда мен ең аз қол көрдім. Бізде адамдар ірі корпорацияларда жұмыс жасап, шенеунік болғысы келеді. Олардың ойынша, сол оңай ақша оларды қамтамасыз етеді. Сондықтан бізде, басқа көршілес мемлекеттерге қарағанда кәсіпкерлер аз, бұл үлкен мәселе.  Ал ғаламторда тек жұмыс жаау қажет тек солай, басқаша болмайды. Және әрине, ми   –  бұл салада ол байланыс пен ашқадан әлдеқайда маңыздырақ. 

BTT_7997

Сіз ертеректе жалдамалы жұмысшы болып жүргеніңізде сізді отбасыңыз көрмейтіндігін айттыңыз. Ал жылдар өткен соң, қызір, сізді отбасыңыз көреді ме?

Бұл менің мәселем. Осы жылдың басында мен тағы бір нәрсені өзгерту қажеттігін сездім. Мен өзім айналысып жүрген ісімді өте жақсы көремін, ол менің драйвым, мен онымен жанамын. Бірақ отбасы да мен үшін өте маңызды. Сондықтан жексенбіде менің міндетті family day, мен жұмыс істемеймін. Осы жылы енді self-day пайда болды, сәрсенбі. Ол күні ешқандай жұмыс жоқ  –  тек қана отбасы, достар және деке даму. Бірақ уақытымның көп бөлігін отбасыммен өткіземін  –   сенбі және сәрсенбі күндері баламды бағдарламау курстарына  алып барамын. Сенбі тағы менде стартаптарға арналған. Мен үйге 22.00 ерте өте сирек қайтамын. Менің отбасыма өте қиын болады, менің күрделі әңгімелерім болады, бірақ жалпы уақыт өткізу және демалыстар көмектеседі. Үй  –   ол мен шыныменде демалып, қауіпсіздік сезінетін жерім. Менің батареяларым жаңадан қуат алатын жер.

Менің білуімше, сіз экологиялық стартаппен жанасыз ...

Ия, маған Аламтыда болып жатқан жағдай ұнамайды. Шымкентте өте шаң  –   көлікпен болсын, жаяу болсын шаңды жұтып үлгересің. Мен Алматыға 2002 жылы көшкен кезімде маған өте ұнайтын, шаң мүлдем жоқ еді. Он екі жыл ішіндежағдай өте қатты өзгерді. Тіпті жерасты тұрақта да менің көлігім шаң болады, әр екінші адамның аллергиясы бар, аналар анемиямен ауыратын балаларды дүниеге алып келуде. Мен өзімнің сүйікті қалам үшін бір нәрсе жасау қажеттігін түсіндім. Қаланың түрлі бөліктеріндегі ауаның зерттеуінен бастайын деп шештім, біздің өмір сүруімізге кедергі жасап жүрген 21 зиян заттарды есептейтін құрылғыларды орнату керек деп ойладым. Сол кезде алматылықтар қаланың түрлі бөліктерінде, түрлі биіктіктерінде, жауындардан кейін және түрлі жыл мезгілдерінде не болып жатқандығын біліп жүреді. Егер орталықта демалу оңай болса, ол ластықтар жеке біреулерге түскен деуге болады ма? Кейбір заттар бір метрден артық биіктікке көтерілмейді, және сіз өзіңіздің балаңызды алып келе жатқан кезіңізде ол дәл сол ауамен демалады. Бір статистика пайда болған кезде, апаттың көлемі түсінікті болады, сол кезде не шара қолдану қажеттігі анықталады. Алматының үш жақтан таулармен қоршалғаны белгілі, бірақ дәл сол жағдай Лос-Анжелес, Афинада бар, ол жақта демалу оңайырақ. Мына мысал үшін кешірім сұраймын. Біз өткен жазда Италияны аралады, және Италияда сіз мұрныңыздағы құрамы шығарып көрсеңіз ол ақ түсті. Бізде олар қара түсті! Біз қанша уақыттан бері EURO4ке өтіп кеде жатырмыз?біздің мұнайлы лоббиымыз экологилық мәселелерді жоғары деңгейде шешуде. Біреу ақша тауып жатқаның кесірінен біз неге улануымыз қажет. Менің ойымша бұл жағдайды өзгерту қажет. Осы сұрақта бір ойлы адамдары іздеймін, және осы жылдың соңына қарай құрылғыларды орнатуды бастағым келеді. 

BTT_8102

Менің түсінуім бойынша АКИБ мемлкетпен қарым қатынас жасайды. Сіздегі жұмыс қаншалықты жақсы жүрып жатыр?

Әртүрлі. Шенеуніктер біз стартаптармен белсенді жұмыс жасап жатқандығымзды көрген кезде мені екі коммиссияға да шақырды, олар біздің мемлекетіміздегі стартаптарға грант бөледі: Технологилық Даму Ұлттық Агенттігінің және «Дамудың» аясында. Мен айт аламын, менімен Зерттеру коммиссияларында жұмыс жасайтын адамдар,  қосылған. Олардан іс жүзінде көмек алу мүмкін. Мен бұл іске міндетті түрде қарауға кеңес беремін, ол мемлекеттен шынайы ақша. Көптеген жобалар келетіндігі, ол ақшаға жету үшін тозақтың белгілі айналымдарынан өту қажеттігі түсінікті. Бірақ ол ақшаны адамдар шын мәнінде алып жатыр.

Басқа сұрақ. Қазақстанда ИТ-жобалар туатын басты үш қала бар: Алматы, Астана және Қарағанды. Осы жылы «ДАМУ» ақшасы барлық облыстарға бірдей бөлінді. Алматыға мамыр сәуір айларына 28 миллион теңге бөлінді. Басқа қалаларға олар мүмлем бөлінбеуі мүмкін. Бір шенеунікке біздің хаттарымызды алып, оқып, локомотив қалаларға көбірек қаржы бөлінетін етсе болғаны.

НАРТтық гранттар бойынша. Мен бір жобаны білемін, өткен жеолтоқсанда грантты ұтып алған, бірақ ақшаны әлі де алған жоқ. Жарты жыл өтті, мемлекетке стартаптар қолдауға ие болып жатыр деп айтылады, ал іс жүзінде стартаптар ақшаны көремй жатқандығы ешкімді тодғандырмайды. Немен түсіндіріледі? «Біз Министрлікпен келсі қабылдаған жоқпыз», «Бізде сайлау», «Сайлаудан кейін бір нәрсе өзгеріп қалатын шығар», «Девальвация болса ше». Стартаптрадың өлім алаңы басталуда, тіпті жеңгендер де өліп жатыр. Қағазда бағдарламалар әдемі, бірақ іс жүзінде осындай кемшіліктер үшін өңкей қараңғы ауылдар сезімі пайда болады.

Немесе, мысалы, Алматыда орналасқан Ақпараттық технологиялар Саябағы. Ол мемлекеттің құрылым, біздің ИТ-бизнесімізді салықтан босатады мыс. Мәселе әсерлікті ол құрылым жаңағы компаниялардың бюджетке құйған салықтарымен есептейді...Нонсенс! Масқара нәпсені анықтадық. Біріншіден, ПИТ ке бару өте қиын. Ол жаққа бару қиын емес, талғарлық жолмен 12 километр, бірақ мүшесі блу мүмкін емес. Ол жаққа барып бос дәліздерді, қараңғы есіктерді көресің. Исинның ИТ-компания Ассоцияациясы эксаймақтыққа қол жеткізгені жақсы болды, қалада болйып сол льготтарды алуға болады. Бірақ жобаларды таңдайтын коммисия жақсы дегенде жылына екі ақ апта отырады. АКИБтың мақсаттарының бірі ПИТ ке біздің мүшелерімізді кіргізу, бір жылдың ішінде біз тек екі компанияны енгізе алдық. Одан кейін сенің түйе емес екеніңді, шынымен де ИТ саласында жұмыс жасайтыныңды дәлелдеу қажет. Және ПИТте бар 120 компаниядан өткен жылда тек бесеуі нақты жәрдемақы алған болып шықты.

Бес ?

Басқа компаниялар ол жерде тек қана тіркелген, шенеуніктер ерекешелену, олар қанша салық жасағанын көрсету үшін ғана. Жаңа ештеңе жасалмады, бұл таза алдау. Біз министр Исекешевке бұл жұмбақ миссияға біздің өкілімзді қосу жөнінде өтініш жазған болатынбыз, әлі жауап күтудеміз. Алаң жасалған, біра ештеңе жұмыс жасамайды, бірақ мемелкеттік бағдарлама өте жақсы. Қағаз бетінде. 

BTT_8027

Тыңдаңызшы, осылай өмір сүріп, өзіңізге жауларды жасап алу қиын емес...

Менің отбасым, достарым маған бұл жайлы айтады. Бірақ бақытқа орай, мен мемлкеттік ақшаға немесе бір ірі топтарға қарап отқан доқпын, пара алмаймын да бермеймін де. Бұл тәуелсіздіңһк өте қымбат тұрады. Бизнестегі бес жылдан кейін, ол маған бергеннің ең бастысы  –  өзіңе жағымды адамдармен, сенде жағымсыз  әсер шақырмайтын адамдармен жұмыс жасау мүмкіндігі. Өзіңе жақын серіктес және әріптестердің экологиясы, өзің өмір сүріп жатқан жердің экологиясы секілді маңызды. 

Бөліс
Жанна Прашкевич
Жанна Прашкевич
Медиа-консультант
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000