INTERVIEW Юля Лим 9 июля, 2015 08:00

«ДЯДЯ ДЕДАМЕН» ҚАЛАЙ АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ: ЕВГЕНИЙ ЯКОВЛЕВПЕН ИНТЕРВЬЮ

«ДЯДЯ ДЕДАМЕН» ҚАЛАЙ АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ: ЕВГЕНИЙ ЯКОВЛЕВПЕН ИНТЕРВЬЮ
Фото: Мухтар Жиренов
Батыста комикстер өнеркәсібі он жылдан астам уақытта өркендеп, жақсы табыс әкеліп жатса, совет өкіметі елдерінде бұл өнеркәсіп байыпты емес, балалар ермегі болып саналады. Біз АҚШ-та, Ресей және Европада жұмыстары жарияланған қазақстандық суретші- комиксист Евгений Яковлевпен «суреттері бар кітаппен» Қарағандыда тұрып пайда табу мүмкіндігі туралы әңгімелестік.

Қарағандылық  Евгений Яковлев — өзі үйренген суретші, ол өз күшімен завод жұмысшысынан комиксистке дейін көтерілген. Оның жұмыстары АҚШ, Швеция, Аргентина, Чехия, Польша, Болгария, Украина, Ресей және Қазақстанда жарияланған. Қазіргі таңда Евгений- ресейлік  комекс- баспасы BUBBLE (Мәскеу) және американдық  BOOM!Studios (Лос-Анджелес) баспасы бірлесе жұмыс істейтін жалғыз қазақстандық суретші.

— Сурет салуға деген махаббат балалық шағымда басталған. 12 жасымда мен жергілікті газетте карикатуршы болып жұмыс істедім. Мектеп бітірген соң мен бірнеше мамандық ауыстырдым. Бір кездері заводта жұмысшы болдым, кейін музыкамен айналыстым, одан кеін журналистикаға жол тарттым. Журналистика саласында бірнеше жылл жүріп, бұл маған лайықты жұмыс еместігін түсіндім. Одан кейін балалық шағымда жақсы көрген ісім- сурет салуға көшуді шештім. Сурет салумен қатар графикалық редакторларды меңгере бастадым, дизайнер болып жұмысқа тұрдым. Жұмыс істей жүріп, блогымда өз жұмыстарыммен иллюстрацияларымды қоса бастадым. Солардың арқасында шет елдік комикс- баспалары мені байкады. Кейінірек, мен суретші- комиксист болуға нақты әрі соңғы шешім қабылдадым.  

— BUBBLE- мен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі барына менің қуанышым шексіз. Бұл балалар алға ұмтылып, ТМД комикс өнеркәсібіне біртіндеп  келе жатыр. Ресейде комикстер мәдениеттің табиғи бөлігі болса, Қазақстанға ол енді келеді. Қазіргі таңда  BUBBLE өздерін ағылшын тілді нарықта көрсеткісі келеді- осы айда олар Сан Диегодағы Comic-Con халықаралық гик-фестиваліне қатысты. Бұл фестивальде олар өз жұмыстарын, тек ағылшын тілінде ұсынды.  

— Сонымен қатар мен Лос- Анджелестегі  BOOM!Studios АҚШ фирмасымен бірлесіп жұмыс істеймін. Олар желіде менің жұмыстарымды көріп, менің стилімді ұнатқан екен. Олар менімен хабарласып, «Дядя Деда» («Дядя Деда» — Cartoon Network халықаралық арнасында хабарланатын мультсериал)  комиксін суреттеуді ұсынды. Америкалықтарда бәрі байыпты: мен ойлап тапқан комикстер баспаға шығар алдында өте ұзақ уақытта және бірнеше рет бекітілген. 

— Бір жыл бұрын мен өз RGB комикстердің  pdf-жинағын шығардым- оны желіден тегін көшіріп алуға болады. Барлығы 6 бөлім шықты. Оны жасауда маған менің бүкіл дүние жүзіндегі «шеберхана әріптестерім» көмектесті.  Олардың бірі бастаушы иллюстратор болса, тағы бірі кішігірім орталарда танымал суретшілер. Қазіргі таңда уақыт тығыздығынан және баланың дүниеге келуіне байланысты RGB шығарымдарымдарын бас тартуға тура келді. 

Біздің елде комикстерге  бүлдіршіндер журналы «Мурзилка» секілді қарайды. Қазір олар тек ғана бүлдіршіндерге арналған деп айту өте ұят. Комикс- мәдениет баяғыдан бері қатал дәрежеге жеткен. Оны дәлелдейтін  Достоевский романдарымен  Пулитцеровский премиялары, яғни бұл комикстерге қатысты.  

Мен бірнеше жылдан бері Қазақстан мен Ресейде мастер- кластар жүргіземін. Мастер – класта мен өз тәжірибеме сүйеніп,  суретші болу үшін міндетті түрде суретші білімі қажет еместігін айтамын.  

Евгений Қазақстанда комикс пен иллюстрация салып жүріп күн көруге болатынына сенімді. Ең бастысы- нақты мақсат қойып, істеген ісіңнен бас тартпау.  

— Сурет салудың алдында мен музыкамен айналыстым. Менің өлеңдерім де ешкімге керегі жоқ болды. Мен өзім концерттер ұйымдастырып, сахнаға шыға бастадым. Жергілікті баспаларға барып: «Біздің концерт туралы жазыңызшы!» деп жүрдім.  «Ал сен өзің жазшы!» деген жауап естіп жүрдім. Сосын мен жаза бастадым- 5 жыл жтілші болып жұмыс істедім.  Сурет салу саласындағы секілді RGB pdf-жинағын жасадым.  Оның арқасында   BUBBLE баспасы мені тапты. Сондықтан, менің жас суретші- иллюстраторларға айтар кеңесім: «Жылжымайтын тастың астынан су да ақпайды!» деген қағиданы ұстаныңдар!

Мен комикстерді мәтінсіз саламын. Оны жасы де, кәрісі де, жапон немесе ағылшын да түсінеді. 

Евгений өзін «олдскульщик» деп санайды— барлық ойын қара қарындаш көмегімен қағаз бетіне түсіргенді ұнатады. Сурет салып болып, маркерлермен айналдыра сызып, суретті сканерлейді.  Салынған сурет цифрлық нұсқада боялады. 

— Мен бірнеше жылдан бері Қазақстан мен Ресейде мастер- кластар жүргіземін. Мастер – класта мен өз тәжірибеме сүйеніп,  суретші болу үшін міндетті түрде суретші білімі қажет еместігін айтамын.  Жаңа стиль ойлап табу үшін басқалардың стилін бөлісіп алуға болады, - кішкене бөлігі, мысалы мұрын немесе құлақ, - өзіңнің ойыңды қоссаң жеткілікті.  Шабытты күтіп отыруға болмайды. Менің шабыты жоқ болса, музасы келгенше күтіп отыратын достарым бар. Ал мен болсам, қажет пе- сал дегенді ұнатамын! 

Менің достарым мұны керемет жетістік деп санады- мәссаған, мені тіпті Джордж Мартиннің өзі мақтады! Шынына келгенде, айтарлықтай ештеңе болмады. 

Яковлев жыл сайын Ресейдегі, Польшадағы, Армениядағы комикс- фестивальдарға қатысады. Фестивальдардан міндетті түрде сыйлық немесе мадақтау қағазымен оралады. Бірақ иллюстратордың өзі жетістіктеріммен мақтануға әлі ерте екендігін айтады. 

— Менің  Wolfhelsing атты жұмысым осы жылы «КомМиссия» мәскеулік фестивальға қатысты. Ол бір орынға ие болған, нақты қай орын екендігі есімде жоқ, – деп күлімсіреді Евгений. Көп нәрсе жасалғанымен, әлі көп жұмыс істеу керек деп ойлаймын.  

— ТМД елдерінде санкт-петербургтік баспалардың қолдауымен менің суреттеріммен ашық хаттар таратылған. Солардың бірінде  «Песнь Льда и Огня» цикл авторы Джордж Мартиннің суреті салынған. Жақында маған атақты фантастпен тілдесіп ғана қоймай, сыйлық ретінде сол ашық хатты сыйлаған қыздан хат келді. Қыздың айтуы бойынша жазушы күліп, карикатураны  бекітіпті. Менің достарым мұны керемет жетістік деп санады- мәссаған, мені тіпті Джордж Мартиннің өзі мақтады! Шынына келгенде, айтарлықтай ештеңе болмады. Әрине, ашық хат Мартиннің қолына түскені керемет болды. Бірақ, мен бұдан не ұттым? Ештеңе!- деп қалжыңдады суретші- комиксист. 

Конкурстарда ұшыраған жеңілістерді теріс қабылдау керек емес. Халықаралық фестивальдардағы жеңістеріме мен дәл солай қараймын. Егер бәріне артық шындылықпен қарасаң, шығармашылық дамуда тоқтап қалуың мүмкін. Ал мені әлі ұзақ жол күтіп тұр.  


Түсірілімді өткізуге көмектескен «Артели творческого энтузиазма» алғыс білдіреміз!

Бөліс
Юля Лим
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000