INTERVIEW Святослав Антонов 25 мая, 2015 15:00

АРТИ ОТС, KCELL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: БӘСЕКЕНІҢ КӨБЕЮІ – ОЛ ЖАҚСЫ

АРТИ ОТС, KCELL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: БӘСЕКЕНІҢ КӨБЕЮІ – ОЛ ЖАҚСЫ
Біз мобильді операторлардың басшыларымен сұхбаттарымызды жалғастырамыз. Соңғы күндері бұл бағытқа әсер еткен көптеген жағдайлар болды. Мемлекетпен «Мобильді құлдық» заңының даярлануы, «WhatsApp»-та қоңырау шалу мүмкіндігі ашылуы, операторлардың маркетингті соғыстары, 2015 жылдың бірінші кварталындағы жұмыстардың қорытындысы шығуы, және операторлармен байланысты өсектер мен ұрыс-керістер. Бұл жолы біздің көңіліміздің ортасында Kcell компаниясы.

BTT_0443.jpg

 

 

Kcell компаниясының бас директорымен біз оның кабинетінде кездестік. Компания қызметкерлерінің айтуынша, оның есігі қонақтарға әрдайым ашық екен. Ари Отс кабинеті Apple техникаларымен жабдықталған екен. Бұл компания продукцияларын жақсы көретіні көрініп ақ тұр. Қазір еліміз бойынша, Kcell, Iphone аппараттарының ең ірі дистрибьюторы болып табылуы сол үшін болу керек.

 

Vox: Сіз бүкіл ел  және Kcell компаниясы үшін  мобильді нарықтың дамуын қалай бағалайсыз? 

 

Мобильді нарық қазір дамыған қалыпта тұр. Қазір мобильді байланысты қолданбайтын адам жоқ десек те болады. Сондықтан енді нарықта күрес басталып, енді операторлар абоненттер үшін талас бастауда. Олар абоненттерді өзіне тарту үшін көптеген тарифтер қолдануда. Болашақта 4G нарықтың дамуына ең маңызды рөл атқаратын болады. Енді ол операторларға табысын интернет трафик арқылы көтеруге мүмкіндік беретін болады. 

Қазақстанда смартфонда әлі көбісінде жоқ. Біздің санақ бойынша , әзірге тек 35% ғана смартфон қолданады. Алдыңғы жылы милионнан аса жаңа қолданушылар пайда болды.

Kcell мен Activ-тің дамуы туралы айтсақ, біз енді корпоративті клиенттермен жұмысты дамытпақшымыз және банк пен мобильді телефон екеуінің арасын жақындатпақшымыз.

Если говорить о развитии Kcell и Activ, то мы будем развивать новые услуги для корпоративных клиентов и упрощать возможности использования телефона для банковских операций.


Vox: Жақында барлық операторлар 2015 жылдың бірінші кварталындағы есеп берулерін шығарды. Kcell 363 мың абонентін жоғалтыпты. Бұл немен байланысты және бұл компания дамуына қалай әсер етуі мүмкін?

 

Бірінші кварталда барлық операторлар тарифтік пландардың бағасын түсірудегі өте мықты ұсыныстармен шықты. Үшінші оператордың шешімі мұнда ең тартымдысы еді және олар осы кварталда жеңіске жете алды. Қазір басқа операторларда және бізде де жақсы тарифтер бар. Ол тарифтер қолға қонымды ақшаға көп интернет трафик пен сөйлесу мүмкіндігін беруде.Екінші кварталда сандар басқаша болады дп сенемін.

Егер біз осы 363 мың абонентті қарап шықсақ, онда біздің активті абоненттердің де саны көп. Бірақ олардың көбісінде тек біздің SIM карта бар болатын, бірақ оларды көп уақыт қолданбайтын болатын. Және біз бірінші кварталды абоненттер санау жүйесін өзгерттік. Алдында біз соңғы алты айда интернетімізді қолданып немесе хабарласып жатқан абоненттерді санасақ, бұл жол біз оны үш айға дейін қысқарттық. Және осындай санақ кезінде басқа операторлар қандай есептеу жолын таңдайтынын да назарға алуымыз керек. Бізге абоненттік базаның азаюы еш маңызды емес, бізге біздің операторды әрдайым қолданатын абоненттер маңызды. Міне, олардың ішінде шығындар өте аз.

 

BTT_0337.jpg

 

Vox: Абоненттер санынан басқа, сіздерде кіріс те (2,3%) азайыпты және таза табыс (15,4%) болыпты. Мұндай финанстық көрсеткіштер себебі не? 

 

Мен алдын айтқандай, бұл кварталда, барлық операторлар өздерінің қызметіне бағасын төмендетті. Табыстардың жоғарлауын, өз қызметінді екі есе арзан сатқанда,  көрсету өте қиын. Бізде ең үлкен абоненттік база, және сол үшінде жоғалтулар көп болады. Сомен қоса айта алатыным, мұндай конкуренттілік ол өте жақсы, ең болмаса қолданушыларға. Операторлар табысы  нарықтың дамуына инвестиция жасай алмайтындай жағдайға дейін түскенше, бағалардың төмендеуі пайда әкеліп отырады. Бұд жаңа тәжірибе және бізге жаңашылдық енгізуге себеп.

Әрбір абоненттерде операторын ауысту мүмкіндігі болу керек.

Қазір бізде жақсы даму үшін үш бағыт қалды. Бірінші – желінің сапалығы және желінің дамуы. Біз өздеріміздің 3G желілеріміздің жұмысын дамытамыз. Біздің Алматыда 6 кластер жұмыс жасайды және олардың байланысын жақсарту арқылы біз желінің күшін жақсартамыз. Онымен қоса, біз, ай сайын еліміз бойынша жүзге жуық станция орнатудамыз.  Екінші бағыт ойын-сауық контенті мен мобильді банкингке қосымша қызметтер. Үшінші – сапалы қызмет көрсету. Біз клиенттерімізбен әрдайым бірге болу үшін, кері желіні әрдайым дамытудамыз.

 

Vox: Айтпақшы, сіздердің интернет желісі бойынша табыстарыңыз жоғарлағанын, ал сөйлесу қызметтеріңіздің табыстарының төмендегенін байқадым. Неге әлгі күнге дейін операторлар табысы сөйлесу қызметтеріне бағынышты? 

 

Қазақстанда қазіргі кезде смартфондар әлі көп адамда жоқ. Біздің есептеу бойынша смартфондар тек 35% тұрғындарда ғана бар. Алдыңғы жылы оларға миллионнан аса жаңа қолданушылар қосылды. Біз осы сандар көбейе бергенін қалаймыз. Сондықтан Lenovo компаниясының қолға қонымды бағадағы 15000 тенгелік смартфондарын желіде шексіз қоңырау шалу тарифтерімен сата бастадық.

 

BTT_0321.jpg

 

Vox: «Мобильді құлдық» заңын жою туралы және бір оператордан екінші операторға номерді сақтап, өте алу (MNP) жаңалықтарына қалай қарадыңыз? Бұл Kcell-дің абоненттік базасына қалай әсер етеді? Және осындай қызметтің пайда болуына алдын не кедергі болды?

Бұл бәсекелестіктің күшеюіне әкелетін тағы бір себеп. Барлық абоненттерде операторды өзгерте алатын мүмкіндік болу керек. Менде Алматыда достарым бар. Олар Билайн оператор қызметтерін қолданады және номерін жоғалтпай Kcell операторларына ауысқысы келеді. Себебі ол номерді барлың маңызды адамдары біледі және жұмыс жағдайында өте керек номер болып табылады. Бұл корпаротивті клиенттер мен бизнессмендер үшін өте маңызды. Тағы да бір оператордан екіншіге ауысу, қазіргі таңда 36% ды құрап тұр, ал MNP енгізсе, ол сан қатты көбейеді. MNP болған жағдайда жеңіске жетуді көздейміз. Біз оның ертерек болғанын қалайтын едік, бірақ ол регуляторға байланысты өзгереді. Ең бастысы қауіпсіздікті ойлау керек. Өйткені ол жағдайда номер ауыстыратын алаяқтар көбейіп кетуі мүмкін. 

Болашақта смартфондар массалық өнім болып кетеді деп ойлаймын, және клиенттер оларды операторлар қызметіне байланысты етіп алатын болады деп ойлаймын.

Vox: Жақында ең танымал интернет мессенджерлердің бірі WhatsAppта қоңырау шалу мүмкіндігі пайда болды.  Бұл операторлардың табысына әсер ете алады ма?

Роуминг қызметтеріне әсер етеді деп ойлаймын, бірақ табыстарға әсер ете қоймайды деп ойлаймын. Қазірдің өзінде көптеген операторларда желі ішінде шексіз қоңырау мүмкіндігі бар тарифтер толып жатыр. WhatsApp-ты қоңырау шалу үшін қолданудың пайдасы жоқ деп ойлаймын. Бұрыннан бері осы секілді қызметті Skype  программалары бар. Бірақ олар операторлардың табысының азаюына алып келмеді. Егер роуминг жайлы айтсақ, ия, болашақта біз өз ұсыныстарымызды өзгертуіміз мүмкін. 

 

BTT_0416.jpg

 

Vox: Қазір көптеген операторларда, белгілі көлемді қоңырау мен  интернет трафик абоненттік төлемге кіретін көптеген тариф бар. Сіздердің осындай тарифтеріңіз – «Бәрі барлығы үшін».  Ол басқа операторлардың дәл сондай тарифінен әлде қайда қымбат. Мұндай бағалық саясат неден пайда болды. Сіздер бәсеклстікті жеңу үшін өз бағаларыңызды түсіре алмайсыздар ма?

Негізінде бұл өте оңай сұрақ. Біз нарықтың көшбасшыларымыз. Егер біз бағаны түсірсек, онда басқа операторлар тағы да түсіреді, осылай шексіз кете бермек.  Мұндай саясат болған мемлекеттерде бар. Осыдан кейін желіні дамытуға ешқандай операторлар инвестиция жасамай қояды. Соңында ол тарифтердің жоғарлауына алып келді.Көшбасшы компания болғандықтан, біз нарықтың дамуына көңіл бөлеміз.Желінің сапасының жоғарлауына көп көңіл бөліп, жаңа қызметтерді алып келеміз. Теле2 мұндай мүмкіндік жоқ, сондықтан олар тұтынушыларды төмен баға арқылы өздеріне тартады. Бағасы ең төмен операторларға қызығатын тұтынушы әрдайым болады, бірақ сапа мен қызметтердің әртүрлілігіне қарайтындар да көпшілік болып табылады.

Vox: Сіз қазір контрактілік жүйе туралы айтып кеттіңіз және келесі сұрақ дәл осы жайлы. Жақында сіздер өздеріңіздің Kcell Store атты фирмалық магазиндеріңізды аштыңыздар. Оның алдын компания контракті бойынша смартфондарды сату нарығына шықты. Бұл жүйенің біздің нарықта даму мүмкіндігі қалай екен? Сатылымдардың нәтижелері белгілі болды ма?

Біз смартфондарды үш бағалық түрде сатамыз. Олар жоғары деңгейлі модельдер - iPhone6 және Samsung Galaxy S6, және  орта бағадағы Lenovo моделдері. Біз қазір нарықты осындай жаңа бағытқа үйретудеміз. Kcell Store – бұл қызмет ету мен сатылымдардың қосындысы. Бір айлық жұмыста 300-ге жуық телефондар сатылып кетті. Болашақта смартфондар массалық өнім болып кетеді деп ойлаймын, және клиенттер оларды операторлар қызметіне байланысты етіп алатын болады деп ойлаймын.

TeliaSoner атты компанияның қолдауымен біз Apple компаниясымен келісімге отыра алдық.Қазіргі уақытта біз ең ірі Iphone аппараттарының заңды дистрибьютері бола алдық. 2014 жылдың мамыр айынан бастап сатылымнан, біз 77 мың Iphone аппараттарын сата алдық.

Vox: Мобильді оператор мен банктік функцияларды орындауда қиындықтар шығып жатқан жоқ па? Келісімнің орындалмауынан пайда болатын жоғалтуларды қарастырдыңыздар ма? Клиенттердің төлей  алу мүмкіндігін қалай тексеріп жатсыздар?

 Бізде скоринг жүйесі жұмыс істейді. Ол банктік скоринг сияқты жұмыс істейді. Кейбіреулерге кредит берудің мұндай жүйесі қиын сияқты болып көрінеді, бірақ біз оны максималды түрде оңайлатуға тырысудамыз. Сонымен қатар барлық қауіпсіздік амалдарын сақтауымыз керек.  Әрине, біз келісімнің орындай қалмау қатерін білгенбіз. Бірақ еш болмаса  клиенттердің 60%  келісімді орындайтын болса, бұның өзі өте жақсы болады. Болашақта, мұндай жақсы клиенттер саны 80% дейін көтеріледі деп сенемін. Сонда біз контрактілік сатылымды жалғастыра аламыз деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біздің смартфондарды сатудағы табыстарымыз аса жоғары емес, бірақ олар өсіп келеді. 

 

BTT_0385.jpg

 

Vox: Kcell-де жақын арада 4G интернетінің пайда болуы мүмкін бе? Бұл технологияға өтуге қарсы болып не тұр? 

Біз келесі жылдың қаңтарына дейін желіде технологиялық бейтараптық пайда болып, біз өз желілерімізді 4G жиіліктерін қолдануына мүмкіндік береді деп ойлаймыз. 4G технологиясында тағы бір жақсы бағыт бар – MiFi. Бұл сигналды әр түрлі құрылғыларға жібере алатын ротор болып табылады. Көптеген қазіргі смартфондарды қолданатын тұтынушыларға 3G беретін мүмкіндік жетпейді. Біз жаңа деңгейдегі мобильді желі ертерек пйда болса қуанар едік, бірақ оның бәрі регуляторға байланысты. Мүмкін ол бәсекелестіктің қалай жүретініне қызығып, 4G желісін тек бір операторға ашқан болуы керек. Ондайсыз оларға біздің нарыққа ену өте қиын  болар еді. Былай қарасақ жақсы шешім, бірақ енді 5G жүйесі пайда болар уақыт келді. Енді жаңа технологияны басқалар да пайдалана алу мүмкіндігі ашылу керек.

Бізге мемлекетіміздің өміріне тек экономикалық жақтан араласып қана қоймай, социалды дамуына да араласу маңызды

Vox: Операторлар арасында бәсекелестіктің күшеюі жаңа ұсыныстардың ғана көбеюіне ғана әсер етіп жатқан жоқ, сонымен қатар маркетингтік жағына да әсер етуде. Қазір ол өте қатты басқыншыл болуда. Біз оны Теле2 компаниясының мысалымен көрудеміз. Оның тиісетін операторы көбіне Kcell болуда. Сіздер жауап қайтарғыларыңыз келмей ме?

Мен алдын айтып кеткендей, Теле2-де біздегідей жаңа ұсыныстар жасауға мүмкіндігі жоқ, сондықтан олар өздерін агрессиялы түрде ұстауға мұқтаж болуда. Олар оны басқа елдегілердегідей істеуде. Олар креативті жігіттер, және мені бұл қуантады да. Kcell үшін өздерінің назарын қазіргі қолданып жатқан клиенттерге аудару маңызды. Біз клиенттерді басқалардан тартып алуға тырысуда емеспіз. Біздің кейбір қызметкерлеріміз жауап қайтарғысы келеді. Бірақ менің ойымша, біз ештене істемеуіміз керек.  Бұл мектептегі сияқты, - әрдайым өзіне көңіл аударғысы келетін бұзақылар болады. 

 

BTT_0406.jpg

 

Vox: Қазіргі Қазақстандық операторлардың ішінен қайсысын негізгі бәсекелес деп санайсыздар?

Әрқайсысының күшті жақтары бар және клиенттердің де өздерінің таңдауының мүмкіндігі бар. Теле2 төмен бағалар ұсынады, Altel 4G қызметтерін, Beeline – біз секілді қызмет сапасына назар аударады.

Vox: Kcell операторлардың ішінде ең көп социалды және қайырымдылық жобаларына қатысады. Неге сіздерге социалды бағдарламалар маңызды? Бұл компания маркетингінің бір бөлігі ма?

Біз үшін бұл PR-да маркетингте емес. Біз өз істегендерімізді ешқайда жая бермейміз. Мен біз жақсымыз және біз бәріне көмктесеміз деп айқайлай беру дұрыс емес деп ойлаймын.Жай ғана біз Kcell біріншіден Қазақстандық компания екенін көрсеткіміз келеді. Бізге елдің өміріне тек салық төлеп, жұмыс орындарын беріп қана қоймай, социалды дамуына да көмектесіп араласу өте маңызды.

Vox: Алдыңғы жылы Kcell компаниясының топ менеджерлерінің коррупциялық айыптауымен жұмыстан шығарылғанын айтпай кетсем болмайды. Қазір бұл жағдай тергеулері қалай жүруде?

Бұнымен прокуратура мен финанстық полиция айналысып жатыр. Біз қолымыздан келгенше оларға көмектеудеміз. Біз барлық ішкі зерттеу документтерін берудеміз, бірақ бұл біздің жұмысқа жатпайды. Бізге, біздің әрбір жұмысшымыз, қандай лауазымда болса да, өз істеген жұмысы үшін жауапкершілік тартатынын білгені маңызды.

 

BTT_0344.jpg

 

 Vox: Ал сіздің өзініз алдынғы ізашарларыңыздың жасағанынан өзіңізге сабақ алдыңыз ба?

Мен үшін негізгі сабақ, ол біздің ашық істеу керек екеніміз болды. Бізге тек жақсы болған оқиғаларды ғана ашып айтып қоймай, жаман болған нәрселерді де айтып отыруымыз керек. Иа, әрине, мен үшін және басқада қызметкерлер үшін де бұл тергеу жөнінде сұрақтарға жауап бере беру жағымсыз болды, бірақ біз оны істеуіміз керек.

TeliaSonera компаниясы бойынша нөлдік шыдамдылық бағдарламасы жүргізілген. Барлық қызметкерлер антикоррупциялық тренингтерден өткен. Біздің корпаративті сайтта коррупция жайлы шағым жасауға болатын кері байланыс номірлер бар. Шағым Kcell мен TelieSonera компаниясына бағынышты емес компаниямен жүргізіліп, әр факт бойынша тергеу жүргізіледі.

 Vox: Менің байқағаным, сіз Қазақстанға келгелі бері, сіз жұмысыңызды өте ашық жүргізудесіз. Сіз көп сұхбатнама бересіз, әр істегеніңізді  ашық жариялап отырасыз. Сізді осы компанияның имиджін көтеру үшін қойған жоқ па?

Мені бұл лауазымға қою себебін айту қиын. Бірақ мен тек компанияның ашық жұмыс істеуін дұрыс санайтынымды айта аламын. Біз нені істеп және неге ынталанып жатқанымызды айтып отыру маңызды. 

 

BTT_0449.jpg

 

Vox: Ал өзіңіз бұл лауазымға түруыңызға қалай қарадыңыз? Сізге Қазақстан нарығында жұмыс істеу қызы болды ма?

Вице-президент болып жұмыс атқарып жүрген кезімнен бастап мен үшін коммерциялық дамуы мен TeliaSonera-да бизнесс дамуы бойынша маған Қазақстан қызық еді. Мен бұл жердегі адамдар шет елдік менеджерлерге жақсы қарайтынын білгенмін. Мұнда экспаттарға деген негатив жоқ. Мен өзімді жеткілікті ыңғайлы сезінудемін. Сонымен қатар, мұндағы нарық өзінің жақсы даму деңгейінде тұр. Балтық жағалауларында нарық іш пыстырарлық деп айтуыма да болады.

Vox: Мінекей, соңғы сұрақ. TeliaSonera үшін Қазақстандық бағыт қаншалықты маңызды?

Швеция, Финляндия және Норвегиямен бірге біщһздің ел компания үшін өте маңыздылардың бірі болып табылады.TeliaSonera Eurasia бойынша Қазақстанның бөлігі 35% алып отыр, ал Европаны қосса – 7,5% алып отыр. Егер мұнда бір мәселелер шығып қалса, онда бізге бүкіл холдингтердің топ менеджлері ұшып келеді.

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000