INTERVIEW Айгерим Ельмухамед Жанна Ахметова 3 марта, 2015 14:00

Аджиджиро Кумано: «Мен баға жасаудың қыр-сырын түсінбедім...»

<span>Аджиджиро Кумано</span>
Аджиджиро Кумано
Фото: Анастасия Палагутина
3 наурыз күні Бүкіл Әлемнің жазушылардың мерекесі тойланады. VoxPopuli халыққа Аджиджиро Кумано лақап атымен танымал, заманауи жазушы Әділет Құмармен сөйлесуді жөн көрді. Оның “Город летающих пакетов”, ”Приподнятая целина”, “Алма-Ата – Астана - Транзит” қазіргі уақыттың айқын көрінісі болып табылады. Кумано еліміз туралы, оның тұрғындарының қалай тұрып жатқаны туралы жазады. Сұхбат оқырмандарға бастапқы кезде қызықты болады.

Оқырмандар үшін жазып, өзіңді жоғалтқаннан, өзің үшін жазып, оқырмандарды жоғалтқан жақсы – Сирил Конноли.

 Әділет өзі туралы

-         1972 жылы мамыр айында туылған;

-         Тілдер институтында оқыған:

-         Жылдарын дипломаттық қызметке және мұнай мен газ секторларының өсуіне арнады. Асуларды бағындырып, жұмысын қызықты сәттер үшін тастады, соның бірі Индия және Жапон елдерінде болған;

-         Кісі гипертония, қант диабеті, семіздік ауруларымен ауырады;

-         Жүнді, сақалды, уайымдау және шатасу ойларынан аулақ;

-         Ақылды, құлы, бірақ қағида ұстаған, жігерлі, батылды. Өзімнің ойымды сол уақытта айта саламын. Егерде мықты қарсы дәлелдер көрмесем, мақұл дей алмаймын. Алдын ала хабарлаймын. Адал, ашық және әділмін;

-         Әйелдерді өзіме қаратамын, ал еркектер маған салқын. Ұятсыз әрі балағат сөздер айтамын. Сөз үшін қалтаға өрлемеймін.;

-         Идеологиялық негізделгенмін, моральды тұрақтымын. Жауларыма кешірімдімін;

-         Жиі үйленгенмін. Балаларым көп. Екі мысық, екі итім бар. Үлкен бағым бар;

-         Көзімді жұмып сүйісемін. 

Әділет, мен саған көп адамдарды қызықтыратын сұрақ қойғым келеді. Кітап жазғым келеді, үлкен талпынысым бар. Неден бастасам болады?

- Кітап жазбастан бұрын, сенің оқырмандарыңның қандай екенін біліп алу қажет. Өзіңнің ойыңды жақсы жеткізе аласың ба? Оны немен қызықтыра аласың? Оны қандай жолмен қарата аласың? Сен соңына дейін жана аласың ба? Жазушылық бастапқыда жақсы, кейін көптеген жолдар іздеу керек болады. Ең қауіпті заттар, басқа жолға кетіп қалу. Белгілі бір ритмді ұстап тұру өте қиын. Және ең үлкен қате, мен ойлаймын, керек емес бөліктер. Мен жазғанда, өзіммен жасты құрдастарыма жазып отырғанымды түсінемін. Менің бір танысым айтты: Сенің жазғандарыңды оқыған сондай керемет! Аудармасыз да оқуға болады! Бұл менің ары қарай жазуыма себеп болады. Көп адамдарға өз қалауы бойынша таңдап оқи алады, жазушының нұсқауы бойынша емес. Өзіңді оқырманнан жоғары қоюға болмайды. Біздің туындыларымызды бізден ақылды адамдар оқиды. Жазып бастаған кезде, соңы немен бітенінін жорамалдап отыру керек. Қалғаны жазушыға байланысты. Көп алып, ары лақтырып, ұшып кеткен кезде демалып ал.

Біз секілді жазушылар көп. Ұзын әрі қысқа мәтіндер де көп, бірақ ол жазушылық емес. Кітап жазу не екенін айтшы?

 

- Мен өзімді кәсіби жазушылар қатарына қоспаймын. Өзімді публицист ретінде  қолайлы ұстаймын, өйткені мен өзім айналамда болып, өзім кешкен оқиғаларды жазамын. Кітап жазу мен үшін оқиғаны тақырыпқа байланысты, еске түсіріп, оны шынайы жазу. Оның қиын тұсы жиналған идеяларды біріктіріп жинау. Жазғанды тастау адамзат алдында қылмыс саналады. Одан кейін жазғандарыңа қарап қайдан жазғаныңды таңғаласын.

Жазылған кітаптар – қиын шаруа. Бұл процесті босанумен салыстыруға болады, бірақ бұл босанудан да қиын. Жазушы бұл жерде “бақытты ана”, және  ”томпақ сәби”, сенің кітабің – ол сен, жалаңаш әрі қорғансыз. Бұл сенің сезімің, сенің ойларың, сенің үмітің және қорқынышың, бақытың және уайымың. Мен ойлаймын, әрбір жазушының алдында кенеттен кедергілер шығады, және сол кедергілерден сүрінбей өту керек. Кітап жазу процесі бірнеше фаздарға бөлінеді, және олардың әрқайсысы әртүрлі уақытты бейнелейді. Сен жанып тұрғанда жазу оңай әрі жеңіл болады, бірақ кедергілер де бар. Және сен отырып өткінші желді күтіп отырасың, ары қарай жазушылық желкеніңді қою үшін. Осындай тоқтаулар жыл бойы созылуы мүмкін. Жеке өзімде солай болған. Жазушы қарапайым адамдар секілді өмір сүреді, және айналасында болып жатқан оқиғалар кітаптан алаңдатады. Немесе керісінше жаңа тарихтарға кездестіреді.

Жарияланбаған, бірақ бітірген кітап, кітап болып есептеле ме?

- Бұл мына анекдоттағыдай болды ғой. –Сіз ағылшын тілін білесіз бе? – Ия. Сөйлей аламын. Сөздікпен. Бірақ мен одан ұяламын. Жазушының көз қарасымен ол кітап болып саналады. Бірақ техникалық көзқарастан ол толық кітап болып есептелмейді. 

Қаншалықты құрметке бұл лайық еңбек пе?

- Еңбекті құрметке лайықты деп жиі айтуға болады. Менің жас жазушыларға айтар кеңесім, өткінші келісімді күтпеу керек. Тіпті керісінше, бірінші қадам жасау, өте қиын, өйткені адам қалыпты өмірден шығады. Бізді бірінші кім оқиды? Достарымыз бен туыстарымыз. Кенеттен адам басқа тұстан көріне бастайды. Мен өзімнің бірінші туындымды өз жақындарыма бергенде, олар тіпті оқығанда жоқ. Жазушы осындай жағдайда жай ғана шыдау керек. Басында айтқанымдай, оқырмандарды тауып алу керек. Мақтауды күтпей, керісінше сындарға дайын болу керек. Кейде тіпті негізсіз болады. Бұл өте қиын жағдай. Әсіресе жас және бастап келе жатқан жазушылар үшін. Қайтіп жазудың керегі жоқ секілді болып турады. Бірақ осындай жағдайлар өткінші. Бастысы, бүкіл әлемді бірден жаулап алу емес.

- Кейбір туындылар көпшілік арасында танымал болып кетеді. 2ОО5 жылы мен өзімнің “Город летающих пакетов” атты туындымды шығарғанда, жазушының атағы күтпеген жағдайды өзгеріп кетті. Мені бір экспонат көптеген компанияларға көрсетіп мақтады. Менің кітабым астанамыздың тұрғызылған сәтінен бастап жазылған еді. Тіпті оларды естігің келмеседе шыдап отыру қажет, мүмкін олар сенің келесі кітабіңнің кейіпкері шығар.

- Егерде ары қарай жұмыс жасап, жазып, адамдармен кездессе, ертелі кеш танымал бола бастайсыз. Жазып отқанда және айтып отқанда өте сақ болу қажет.  

Атақ қашанға дейін созылады? Кішкене армандағым келеді. 

- Дәл айта алмаймын. Шынайы атақ адал жұмыстың артында жүреді. Өзімде әлі күнге дейін атақ, танымалдылық жоқ. Олардың маған керегі жоқ. Сен туралы аз білсе, тыныш ұйықтайтын жастамын. Әрине мені таниды. Бұл туындының нәтижесі емес. Жазушылық – көп уақыт кетіретін еңбек. 

Жазушылар шығармашылықтың қандай қиын тұстарын тартады?

- Шығармашылық өте қиын. Өйткені, “ұшқын” шығу жолын іздейді, ал ары қарай көпшілекке қалай жетуі, бұл техника сұрағы. Әрине, арнайы шарттарды ары ысырып, тек өзіңе түсінікті нәрсені жазуға болады, өзіңді көпшіліктен жоғары қойып, барлығы бірден қабылдайды. Бірақ кереметтер бола бермейді. Сені бірден қабылдайды, немесе сені қиялшыл көріп, өзіңе сәйкес қарайды. 

- Көбіне ең негізгі қиын кездері ол пікірдің жоқтығы. Мысалы, “Города летающих пакетов” атты шығармамның бірінші бөлігін мен 2005 жылы жаздым. Бұл менен өзен болып аққан “өлең” шумақтарындай болды. 2006 жылы мен шығармамның екінші бөлігін жазып бітірдім : “Алма-Ата – Астана - Транзит”. Ескі ойларымды жаңа жолмен жеткіздім. Жазып жатқанымда, демімнің бітіп бара жатқанын түсіндім. Сондықтан “Приподнятая целина” атты үшінші бөлігін 5 жыл өткен соң,  2011 жылы жаздым. Бірақ мен оны екінші бөлігін бітіріп болған соң, бірден жазамын деп ойладым. Бірақ жаза алмадым. Өзімнің күшім мен рухымды жинай алмадым. Сонымен қатар менің өмірімде түбегейлі өзгерістер болды, сондықтан мен жазушылық ісін 1 жылға кейін шегердім. Бірақ осы өмірімде өткен оқиғаларды кітаптың үшінші бөлігіне жаздым. 

Бір күні сауда орталығында қыдырып жүргенде, мен топ болып кетіп бара жатқан үндістерден хош иіс шығып тұрды. Бірақ кенеттен бұл иіс “шоқтар” менің жеке түсетін ілгегім болды. 

- Мен кітаптың үшінші бөлігін жазуға шешім қабылдағанда, әдеттегі ортадан шығуға шештім. Әмірлікке билет алып, достарым арқылы арзан бағадағы пәтер жалдап кетіп қалдым. Не жазарымды да білмей кетіп қалдым. Өзіммен бірге 5 жыл бұрынғы түсініксіз жазбалар болды. Өз уақытында мені тығырыққа тіреген шағын эскиздар болды. Мен олардан бастап, қайтып тоқтап қалдым. Бірден делік. Осылай мен 1О күнімді өткіздім. Ештене істемей. Жағажайда жаттым, балконға шығып темекі шектім, қонақ үйде жатып, теледидар қарадым. Маған ескі ойлар мен ескі сезімдер кедергі болды. Бірақ бір күні сауда орталығында қыдырып жүріп, бір топ үндістерден  “хош иісті” сезіндім. Бұл иіс шығармашылықтың азап иісі секілді еді. Бірақ кенеттен бұл иіс “шоқтар” менің жеке түсетін ілгегім болды. Мен үйге келіп, бұрынғы жазғандарымды тастап, жаңасын бастадым. Мен есімді кітапты бітіргелі жатқанымда, 1О күннен кейін жидым. Өзіңнің оқиғаңды, сезіміңді кітапқа комедия және драмалық әсер арқылы жеткізк өте керемет болды. Бұл менің қолымнан келген сияқты.

- Қызық, ескі тастаған идеяларым, кейін жаңа оқиға болып жазылған. Тура солар “Города летающих пакетов” аты кітаптың негізгі 4 бөлігі болды. Бұл нәрсені мен әйелдер туралы және солардың аттарынан жаздым. Әңгімені оқығандар менің әйелдер көз қарасынан осындай әйелдер туралы жазады деп көпке дейін сенбей қойды. Ал менің ойымша, өзін кейіпкердің орнына қойып, дәлдеп жазу ол жазушылардың басты қабілеті деп ойлаймын. Мойындаймын, осы бөлігін жазу қызық әрі күлкілі болды. Мен мына әңгімені 1О күнде 3О бет жазамын деп саудаластым. Уақытқа қарамай, ойдағыңды бітіріп, өзіңе дәлелдеу ол өте қызықты. Тек мақсат пен құралдар ғана. Бұл жақсы тәжрибе. 

Кітапқа өзіңді толықтай арнау үшін алыс жаққа жоғалып немесе кетіп қалу керек пе? Осындай нұсқаны жиі естимін, жазушылар жазу үшін арнаулы тыныш, мазаламайтын жер керек. Бірақ Маркес лашықта, соңғы тиіні қалғанша тұрып, жүгіріп жүрген аш балалардың арасында жазған, ал Джоан Роулинг түнде, ас бөлмеде, құбыжық күйеуі ұйықтап жатқанда жазған. Жазушылар үшін орналасқан жер қаншалықты маңызды?

- Саған ой, идея, сөздер ойыңа келіп жатқанда сенің орналасқан жерің маңызды емес. Бірінші екі кітабымды күрделі ұйымда жоғары дәрежеде жұмыс жасап жүріп, кеңсе үстелінде отырғанда жаздым. Менің жұмысым күнделікті әрә механикалық болғандықтан, маған шығармашылықпен айналасуыма мүмкіндік берді. 2ООО жылдардың басында, әлеуметтік желілер болмағанда, басқа айналысатын жұмысым жоқ болғандықтан, пайдалы шаруамен айналасу керек еді. Мен қоңырауларға жауап беріп, жиналыстар, министрлік сапарларға барып жүріп, кітап жазып жүрдім, өйткені менің кітабымның тақырыбы шенеуліктер туралы еді. Астана жайлы. Олардың өмірлері мен тұрмыстары туралы. Олардың өз өмірлерін пайдасыз нәрселерге құртып жатқаны таралы еді. Мен өзім сондай болғандықтан, оңай жазылды. Орналасқан жеріне қарамастан.

- Мен жүзуді ұнатқандықтан, бассейнге көп барамын. Асығыс емес, бірақ жүйелік жүзу мені тынықтырады. Ойымды жинақтауға көмектеседі. Мен көз алдымда өзіме суреттеуге оңай көріністерді елестетемін. Сенің басыңда бейнелер, көріністер, басты кейіпкерлердің рөлдері дайын кезде пештің немесе ұшақтың қанатының астында да жазуға болады. Бұл маңызды емес. 

Кейде өзіңнен бірде-бір ойды, идеяны шығара алмайтын кездер болады. Осындай жағдайларда күнделікті шаруалардан өзіңді босату керек. Өзіңе шабыт беретін жер табу керек. 

- Бірақ, мен бағана айтқандай, бірде-бір ой немесе идея шықпайтын кездерде болып тұрады. Онда өзіңді күнделікті шаруадан босату керек. Өзіңе шабыт беретін жер табу керек. Немесе басқа нұсқаны таңдауға болады, ол – белгілі бір мерзім демалыс алып, жаңа шығармашылықтың механизмдерімен оралу үшін. Мен Adamreader`s журналы үшін әңгіме жазғанда, жинаққа “Испытано на себе” атымен кірді, мені уақыт тұрғысы қатты қысты. Жұмыста отырып жазуға тура келді. Құдайға шүкір, сол уақытта мен өз компаниямның жетекшісі болғандықтан, уақытты өзіме ыңғайлы етіп қойдым. Уақыт тапшылығы мені отырған жеріме қарамастан тезірек бітіруіме мүмкіншілік берді. Мен жарты күнде қызықты жұмыстар жаздым, оған журнал редакциялары таңғалатын еді.

- Керекті жағдайды өзің жасап алған жақсы. Үйіңнің бір бұрышында кішкене ғана орын жасап алған дұрысырақ. Онда сізді сүйікті ноутбук пен жүрегіңе жақын, сені шығармашылықта жол нұсқайтын нәрселер. Жеке өз басымда олар саяхаттан әкелген кәдесыйлар, достарым сыйлаған сыйлықтар. Тура солар маған кітап жазбас бұрын кірісу үшін көмектеседі. Және ең бастысы Құдайға жалынып, жазу үшін көмек сұрау қажет. Мен осылай ылғи жасаймын. Мен жазғаныма таңғалып, менің қолымды осылай сілтегеніне сенемін. 

Әйтеуір, жазушы өз кітабын бітірді. Ары қарай не болады? Оны қайда апарады? Баспагерге ме? Немесе оларды қойшы, өзім жазып, шығарамын? Кейін оны қалай сатамын? Бағасы қандай болады?

- Мен тәуелсіз адам болғандықтан, кітапты өзім шығарамын деп шештім. Мен демеуші немесе продюсер іздеген жоқпын. Қорлар мен жан-жақтан көмек күткен жоқпын. Жай ғана таныстарым арқылы арзан типография тауып алдым. Форматын өзім ойлап таптым. Кішкене ғана әрі ауқымды емес. Мөлшері күртешенің ішкі қалтасындай, ұшақта ыңғайлы оқып, уақыт өткізу үшін. Кітапты шығару қымбат болған жоқ. Бірақ бұл көп бола бермейтін жағдай, кітап шығарғанда ақша көп кетеді. Сізге корректордың, редактордың, дизайнердың, типографияның қызметтері керек болады. Қағазға, бояуға, кітапты шығаруға көп шығындалу қажет. Осының барлығы сіздің уақытыңызды алады. 

Бізде өзіміздің жазушыларымыздың қолдауы жоқ. Біз сапасыз, бірақ көп сатылатын ресейлік нәрселерді қолдаймыз. 

- Мен өзіміздің баспагерлеріміз бар деп естімеппін. Әдеби шығармашылықтардың қолдауы бар екендігінде естімеппін. Мен өзімнің бірінші кітабымды шығарғанда маған ешкім бірге жұмыс жасайық деп айтпады. Ешкім және ешқашан оны екінші рет шығарамын деп те ойға алған жоқ. Ешкім мен көмектесе аламын деп те айтқан жоқ. Бізде өзіміздің жазушыларымыздың көмегі жоқ. Біз сапасыз, бірақ көп сатылатын ресейлік нәрселерді қолдаймыз. Сонымен қатар, біздің дүкендер қазақстандық контенттерді сатуды ауыртпашылық деп есептейді. Кітап сөреде тұруы мүмкін. Батып бара жатқанды құтқару – батып бара жатқанның өзінен шыққан шаруа. Балалар, кітап шығарушылар өз кітаптарын сатылымға қойғысы келеді, бірақ баспагерлер мен кітап сатушылар тарапынан ешқандай көмек жоқ және олардан күтпейді. Арзанға сатып немесе жәрмеңкеде сатамыз. Презентациялар дайындап, кітаптың  көп бөлігін таратып береміз. Сыйға береміз. Менің 5 мың шығарылған кітабымнан 2 мың кітап қана сатылған. Ең сорақысы, дүкендер кітапқа жабайы баға береді. 2О12 жылы 35О теңге тұрған кітапты, мен бір дүкенде 5ОО теңгеге бердім. Таңғалғаным, сатушы кітапты 16ОО теңгеге сатқан екен! Мен кітап сату процесін түсінбедім, менің кітабымды сатып алмайтынына таңғалмаймын да. Бұл жай ғана оқырман үшін қол жеткіліксіз. Және бұл шынында да үлкен мәселе.

Жазушы не туралы армандайды?

- Біздің қалайтынымыз, көптеген адамдар кітаптарымызды оқып, таңғалып айтып жүрсе екен дейміз. Ескерткіштер орнатса екен дейміз. Тегін тамақ беріп, сыйлап, құрметпен қараса дейміз. Бізді жасаған еңбегімізге қарай бағалап, оданда жоғары қойса. Біз қаражат мәселесіне қарамастан жаза берсек деймін. Теңіз жағасында үйің болып, кофе ішіп отырсақ. Іске асыратын идея мен құралдар болса. Қасыңда әрдайым 2 немесе 3 муза болса. Біз ғажайып әлемді армандаймыз.

- Әрине, мен қалжындамаймын. Шынында да, әрбір жазушы прозалық нәрсені армандайды. Жаңа машина, жөндеуден өткен пәтер. Балаларының табысын, ата-аналарының амандығын. Әлемде татулық болғанын қалайды. Жазушылар – қарапайым адамдар, өзіндік мәселелері және өзіндің “тарақандары” бар. Мен өзімнің шығармашылық потенциалым ойға асса деймін. Кітап жазып, кино түсіріп, көріністер қойып, экспедицияға барып, саяхаттап, әсеріңді бөліскін келеді. Өзімнің еркін екеніме қуанамын, өзіме және айналадағы адамдарға тәуелсіз екендігіңді дәлелдейсің, өз пікіріңді айта аласың.

Сұхбат үшін рахмет!

Бөліс
Айгерим Ельмухамед
Айгерим Ельмухамед
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000