INTERVIEW Бахытгуль Журкабаева 27 октября, 2014 20:17

Екатерина Кабакова: «Бізге «іспен көрсетеміз» деген тәсіл жақынырақ»

Екатерина Кабакова: «Бізге «іспен көрсетеміз» деген тәсіл жақынырақ»
Қыркүйек айында еліміздің ең танымал медиажобаларының бірі Vox Populi-дің құрамы мен жетекшісі ауысты. Оған Екатерина Кабакова басшылық етті. Біз одан өзі, жобаның бүгінгі күні мен Vox Populi-ді жақын келешекте не күтетінін әңгімелеп беруді сұрадық.

– Қазақстан қалай сізге?

– Ұнайды. Бірінші көзге түсетіні – жылы шырайлы және өте қонақжай адамдар. Жергілікті уақыт пен бағаларға бейімделуге тура келеді, ал жалпы барлығы керемет.

– Бұрын мұнда болдыңыз ба?

– Өкінішке орай, жоқ, әйтпесе ең дәмді алмалардың қайда өсетінін және қазанда әлі жылы болатын бұрын білім алушы едім.

– Алматыға келіп, сіздің жолыңыз болды, Астанада қазан айында ондай қатты жылы болмайды...

– Алматы мен оның маңайынан басқа әзірше ешқайда барған жоқпын.

– Не қарап үлгердіңіз? Әсерлеріңіз қандай? Жергілікті тағамдардың дәмін таттыңыз ба?

– Таулар өте әдемі! Шымбұлаққа бардық, «Той Қазан» дәстүрлі тағамдар фестиваліне қатыстым.

– Қазақстанға қалай келгеніңіз туралы әңгімелеп беріңізші.

– Маған рекрутерлер хабарласып, «Қазақстандағы жұмыс туралы ұсыныстарды дайынсыз ба?» деген сұрақ қойды. Шынымды айтсам, сол ұсынысқа шындап қарамадым, бірақ лауазым туралы егжей-тегжейлі айтуды өтіндім. Бастапқы мәліметтермен танысқаннан кейін мен бұны қызықты болады деп тауып, қатынасымды жалғастырдым.

– Неліктен сіз бұған бірден шындап қарамадыңыз?

– Мен басқа жобалармен айналыстым және ұсыныстарды қарастырмадым. Қазақстан тым алыс болып көрінді, үйреншікті өмірім мен тұрмысымды тастап, өзге елде басынан бастай алмаймын деп ойладым.

– Сіз осында келместен бұрын ҚР нарығы туралы не білдіңіз? Оқыдыңыз ба, конференцияларға қатыстыңыз ба, біреулермен ынтымақтастықта болдыңыз ба?

– Украиндық интернет-нарығында Қазақстан туралы аңыздар көп: барлығы айқын, қарапайым, барлық бағытта өсу және... ақша бар. Қазақстандық медианарық – көлемі жағынан бұрынғы кеңестік кеңістікте үшінші орында және қызығушылық туғызбауы мүмкін емес. Трендтер барлық жерде бірдей, бірақ Қазақстанда Украина сияқты тырнауышты баспай, тіке жолмен жүру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, нарықтағы әріптестерімнің бірі ҚР-нда интернет-бизнесті иинтеграциялаумен айналысты. Ал жалпы, барлық ақпаратты ментек интернеттен алдым, конференцияларға барған жоқпын, ҚР-нда серіктестерімі зболған жоқ.

– Сіздің ойыңызша, дәл сізді жетекші лауазымына неліктен алды?

– Меніңше, мына сұрақты жоба құрылтайшыларына қою керек сияқты. (Күледі.) Бұл шешімге менің соңғы бес жарым жылда Ekspress Grupp балтық холдингінде қызмет еткенім ықпал еткен шығар. Компания Украинада жоқ жерден жаңалықтар ресурсын жасады, мен жобаға бастапқы кезеңде қосылып, оны соңғы үш жыл бойы басқардым, сол аралықта біз айлық кірулер санын жеті есе ұлғайта алдық. Яғни менде қажетті тәжірибе бар, менің Вокспен не жасау керек деген көзқарасым құрылтайшылардыкімен ұштасып шықты.

– Жергілікті мамандар арасынан ешкім табылмағаны ма?

– Маған бұл туралы айту қиын, бұл сұрақты жоба иелеріне қою керек. Жергілікті мамандар арасында көптеген кандидаттар екеніне күмәнім жоқ, бірақ олар қазір осында жұмыс істеуде, ал Қазақстан нарығы белсенді дамуда, біраздан кейін ол Украина нарығын қуып жетеді. Сондықтан менің бұдан ілгері дамыған бәсекелестігі жоғары нарықта жұмыс істегенім жобаға жаңа симпульс беруі мүмкін.

– Қазақстанға келместен бұрын сіз қазақстандық интернет-нарықты бағалаған шығарсыз. Оның келешегі қандай?

– Қазақстанның интернет-нарығы жаңа ғана дами бастады. Оны сандық және сапалық мағына үлкен өзгерістер күтіп тұр, жаңа жарнамалық технологиялар мен жарнамалық хабарламаларда персонализацияға екпін жасайтын құралдар пайда болады. Сондықтан қазірдің өзінде келешек жоғарғы талаптарға сай болып, көшбасшы орынды иелену маңызды.

– Енді Vox Populi сайты жөнінде сөйлессек. Жобаға қатысты алғашқы әсерлеріңіз?

– Жағымды. Егер жоба маған қызық болмаса, ұнамаса мен ұсынысты қабылдамас едім. Бірінші көргеннен-ақ жасаушылар оған барлық жанын салғанын, ол танымал және әрі қарай даму әлеуеті бар екенін түсіндім. Маған фоторепортаждар идеясы қатты ұнады. Қазір нарықта жаңалық таратушылар басым, олар Интерфакс немесе басқа да ақпараттық агенттіктердің хабарларын қайта басып шығарып, фотобанктағы стандартты клипарттар немесе суреттермен көркемдейді. Соларды оқи отырып, әлемде не болып жатқанын түсініп, олардан хабардар боласыз, бірақ сезініп, бірге мазасыздана алмайсыз. Тым ресми әрі құрғақ айғақтар жиынтығы. Үлкен фоторепортаждың міндеті ақпараттандыру емес – ол мәселеге немесе оқиғаға деген назарды аударады, оны адами жағынан көрсетеді, сіз өзіңіз сонда болып, барлығын өз көзіңізбен көргендей әсер туғызады. Кейде бір фотосурет мың сөзді алмастыруы мүмкін. Қарапайым мысал: табиғаттың сұлулығын қалай түсіндірген жеңіл – күн батысының суретін көрсету ме әлде сол күннің батуын сөзбен сипаттау ма?

– Сізді шақырған кезде қандай міндеттер талқыланды? Жаңа жетекші ретінде сізден не күтеді?

– Жобаны операциялық басқару, аудиторияны өсіру, құрылымдау және сатуды өсіру, алдағы екі жылға стратегиялық басқару сұрақтары талқыланды. Жоспарларымыз көп, олар көп еңбекті, нақты жоспарлау мен ұжымның бірігіп жұмыс істеуін қажет етеді. Бір сөзбен, жұмыс істеу керек.

– Жоба сізге қандай күйде жетті?

– Мен келген кезде жобада өз көзқарастары, құндылықтары мен идеологиясы бар тату, үйлесімді ұжым жұмыс істеді. Бұл команда Vox Populi тұрақты оқырмандары жақсы көретін жақсы өнім жасаған. Формат даярланып, тұрақтанғын, құндылықтар қалыптасқан. Штаттан тыс авторлардың үлкен базасы құрылған. Кқптеген қызықты материалдар жасалған. Егер сандар тілімен айтатын болсақ, күніне ресурсқа 6000 қолданушы кіреді, айына 138000 адам, соның 34 пайызы – сайтқа тікелей кіретіндер. Барлық репортаждарға белсенді пікір қалдырылатынын айта кету керек. Осының барлығы жақсы, адал аудитория бар екенін көрсетеді. Ұжым жақсы өнім жасаған.

– Ал одан кейін бүкіл команда кетіп қалды...

– Өкінішке орай, ия. Бұл олардың өз шешімдері еді, әрине ол Vox Populi-дің ағымдағы жұмысы мен жақындағы мақсаттарына қатты әсерін тигізді. Бірінші кезекке жаңа команданы іздеу шықты. Біртіндеп біз сол команданы қалыптастырудамыз. Әрине, қате жібереміз, солайша тәжірибе жинақтаймыз.

– Жаңа команда дегеніңіз не? Сіз оларды қалай іздедіңіз? Олар кімдер және оларға жоба неліктен қызықты?

– Бір-екі айда толыққанды команданы жинауға болмайды. Оған бір жыл да кетуі мүмкін. Бірақ қазірдің өзінде жаңа Vox Populi-дің негізі болатын бірнеше қызметкерлер бар. Біз Vox Populi-дің форматы ұнайтын, ынтымақтастыққа ашық және жұмыс пен өзгерістерден қорықпайтын «өзіміздің» адамдарымызды іздеудеміз. Ең бастысы, қателесуге, нарықта жаңа бірдеңе жасауға қорықпайтын адамдарды іздейміз.

– Жаңа Vox Populi дегенде нені меңзейсіз және оның бұрынғы Vox Populi-ден айырмашылығы қандай?

– Біз форматын өзгертпейміз. Бұл еліміздегі фотожурналистиканың ең үздік сайты болады, біздің материалдарымыз сондай бей-жай емес, жан толғандыратын, адамдар туралы және адамдар үшін, Қазақстан және оның тұрғындары жөнінде болады. Бірақ біз кейбір тақырыптарды тереңірек, бірнеше көзқараспен көрсетуге тырысамыз. Біз бүкіл әлемде өзекті болған тақырыптарды қозғаймыз, Қазақстан ішінен тек оның тұрғындарына ғана емес, бүкіл ғаламға көрсетеміз. Жобаны одан да ғаламдық жасаймыз.

– Бір айдан кейінгі жобаның күйі қандай?

– Біз бірнеше жаңа айдар ашып үлгердік: «Қазақстанда жасалған», «Елдің таңы». Солардың кейбіреулері Vox Populi сайтының тұрақты оқырмандарымен жақсы қабылдануда, ал басқалары мүлдем қабылданбайды. Біз тәжірибе жасаудамыз, оқырмандарымызға қызықты тауашалар іздестірудеміз. Бірақ қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте.

Бөліс
Бахытгуль Журкабаева
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000