HISTORY Тимур Батыршин Святослав Антонов 22 января, 2015 08:00

АЛМАТЫЛЫҚ ТЕЛЕМҰНАРАНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

АЛМАТЫЛЫҚ ТЕЛЕМҰНАРАНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
Фото: Тимур Батыршин
Міне осындай көрініс Көк төбедегі телемұнарадан ашылады. Ол 30 жыл Алматының визит картасына айналып, қала үстінде самғап тұр. Бұл бәріне әйгілі құрылым қандай құпияларды сақтайды? Оның 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатындай құрылымының бірегейлігі неде? Телемұнара қалай салынды? Бұл жайлы біздің жаңа репортажымызда оқыңыздар.

Фотосурет Орталық мұрағаттың кинофотоқұжаттар қорынан алынған   

 

Алматылық телемұнараның құрылыс тарихы жайлы ҚазКСР байланыс министрінің орынбасары Алдар Тұңғышбаев әңгімелейді. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасында Республикалық телекөрсетілім мен радиохабарландыру жүйесін басқарып, мұнараның жобалау және құрылысын бақылау  барысында тікелей қатысқан.
Өткен ғасырдың алпысыншы жетпісінші жылдарында  республиканың байланыс министрлігінің алдында Қазақстанның бар аумағын теледидарлық көрсетіліммен қамтамасыз ету мәселесі тұрған еді. Қамтамасыз етудің қажеттілігі бір жағынан идеологиялық себептермен нұсқауланса, бір шетінен халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылмағанынан туған еді. Үлкен аумаққа трансляция жүргізудің тиімді жолының бірі телемұнаралар салу болып еді. Сонымен қатар белгілі бір техникалық мәселені шешіп, мұнаралар жиі қалалардың нышанына айналатын еді. 

1975 жылы жаңа Алматылық телемұнарасының жобалауы басталды ескі мұнара (Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан) жәй ғана металлдан жасалған құрылым болатын. Бірінші кезекте құрылысқа арналған орын табу керек еді. Біздің алдымызда барынша ауқымдылықты қамтамасыз ету керек деген мақсат бар еді. Бірақ сонымен қатар мемлекет жетекшілігі бізге тағы бір талап қойған болатын. Мұнара осыған ұқсас басқа құрылымдарға ұқсамай қаланың визит картасына айналуы керек болатын. Ең бастысы мұнара қаланың кез келген бөлігінен көрінуі керек болатын. Одан бөлек біз Алматыға ұшып келе жатқан ұшақтардан да оның көрінгенін қаладық. Егер мәселенің таза техникалық жағын қарастырсақ, принципі оңай: мұнара биік болған сайын, ауқымдылық көлемі көп болады. Біз құрылысқа бірнеше орын қарастырдық. Мұнараны обсерватория аумағында салу пікірі зерттеліп жатқан,бірақ ол жағдайда оны ешкім көрмейтін еді.

Одан бөлек бұл орынға құрылыс заттарын тасымалдаудың бағасы тым қымбат болатын. Нәтижесінде біз қаланың үстінде 1080 метр биіктікке көтеріліп тұрған Веригина тауына (Көк төбе) тоқталдық. 

Телемұнараны жобалау барысында Б.В№ Остроумовтың жетекшілігмен Мельников атындағы ЦНИИПСК мәскеулі институтымен, «Фундаментпроектпен» келісім шарт жасаған едік. Ертеректе бұл ұйымдар сол уақытқа ең биік саналатын Волгоградтағы «Отан ана» монументінің құрылысымен айналысқан. Н.Г. Терзиев, А.Н. Савченко ж»не Н.К. Акимов сияқты сәулетшілердің алдында барлық техникалық талаптарды ескере отырып, бірегей құрылым жобалау керек деген мақсат қойылған еді. Коммисия құрылыстың бірнеше нұсқасын қарастырды. Құрылыстың бағасы 600 миллион рубльды құрады.

Министрлік мұнараны өз қаражатына тұрғыза алса да, КСРО Мемжобасы қаражат бөлді. Бірақ ол кезде республикалық бюджеттен құрылысты қаражаттандыруға шектеу бар еді. 

«Көк төбе» телемұнарасының құрылысы мен жобалануы Қазақ және Өзбек КСР арасындағы бәсекелестік заманында өткен еді. Алматылық «Қайрат» және ташкенттік «Пахтакордың» арасындағы матчтар мемлекттердің халықтарында біздің заманымыздағы «Барселона» мен «Реалдың» кездесулерінен кем емес ажиотаж туғызатын. Бәсекелестік бар салада, сонымен қатар сәулетте де болған еді. Алматылық мұнарамен қатар ташкенттік мұнараның да құрылысы жүріп жатты. Бұл болжағандай кімнің мұнарасы биігірек болады екен деген сәулеттік бәсекелістікке алып келді. Бастапқы жобада екі мұнара да бірдей биіктікте еді.  Бірақ кейінірек Қарағанды зауытында құпия түрде алматылық мұнараға қосымша секция тапсырылған болатын. Бұл ақпарат Өзбекістанға жеткен.

Нәтижесінде Ташкенттік телемұнара алматылықтан үш метр биігірек болды.



Олар шұғыл түрде, түнде, басшылықтың жиналысын жасап, телемұнараның биіктігін көбейту керек деген шешімге келеді. Мәскеуге анықтаманы біз антеннаны орналастырып жатқанда, ештеңе өзгерте алмағанда жіберген. Нәтижесінде Ташкенттік мұнара алматылық мұнарадан үш метр жоғары болды.

«Бас редакция» телебағдарламасынан үзінді (КТК телеарнасы, «Игла эфира» көрсетілімі) 

Телемұнараны  салу  барсында ең үлкен мәселелердің бірі жұмсақ топырақ  Көк төбе қырының құрамындағы  суглинка болды.Оны металлдық бөренелер мен қаптауын аллюминийден салып мұнараның  салмағын азайту шешілді. Бұл құрылымның ерекшелігі бір жағынан негізінің діңгегінің диаметрі (18 метр)  мен мұнараның биіктігіне қатынасының бірегейлігіне  жету болды, бір жағынан мұнараға басқаша жеңіл әрі көркем пішін беру болды.
Фундаменттің негізіндегі топырақты жуып шайюға кедергі болатын су бұру құбырлар жүйесі жүргізілген болатын.

Тағы бір тұрақтылықты нығайту үшін телемұнараның күш орталығын төменге жылжыту конструктивті шешім болды. Мұнараның бетондық негізінің биіктігі 60 метрді құрайды. Негіздің салмағы 45 мың тонна, ал құрылымның жалпы салмағы 50 тонна (металлдық бөренелер 4558 тонна, алюминий қаптауы 800 тонна).

Топырақ ерекшеліктерінен бөлек, құрылысшыларға аумақтың жоғары сейсмикалығын, және құрылымның жел соғысындағы қозғалуын ескеру керек еді. Құрылымды қираудан сақтау үшін, мықты фундаменттен бөлек сол заманның жаңа технологиясы қолданылған болатын телемұнараның жоғарғы жағында қозғалысты тоқтататын  динамикалық төрт өшіргіш орнатылған болатын. Өшіргіштер маятник принципі бойынша жұмыс жасайтын массивті блоктар еді. Ғимараттың қозғалысында олар кері қарай қимылдап, энергияны жұтады. Бұл секілді құрылымдар ертеректе КСРОда тек «Отан ана» мүсінінің құрылысы барысында ғана қолданылған.

Телемұнараның құрылысы 1978-жылы басталды. Әуелі құрылыс алаңы мықтап нығыздалып, тегістелді, содан кейін 19-метрлік шұңқыр қазылды. Гидроизоляция жасау мақсатында мұнараның табанының астына асфальт құйылды. Оның үстіне қалыңдығы 1 метр бетонндық қабат төселінді, соның үстіне металлдан жасалған каркас қойылды.

«Бас редакция» телебағдарламасынан үзінді (КТК телеарнасы, «Игла эфира»)

Мұнараның пішінінің монтажымен ҚазКСРдың Казстальмонтаж Минмонтажспецстроя және Казмонтажстройдеталь қазақстандық құрылыс тресттері айналысты.



Ол уақытта жақсы монтаж жасайтын мамандар тапшы еді, себебі республика бойынша жаңа өндірістер тұрғызылып жатты. Оған қарамастан бізге жоғарыдан рұқсат беріліп біз ең жақсы мамандарды іріктеп алдық.

Металлоқұрылымдарды Қарғандыдан тасыды, бөренелерді орында қайнатып жатты. Фундаментті құю барысында алаңда 100 шақты адам, ал монтаждау кезеңінде бірден 40-50 маманнан аспайтын.

Монтаждалып жатқан құрылымның басына жылжымалы кран жалғанған болатын. Кезекті секцияның монтажы біткен соң, оны мұнараның антенна бөлігіне дейін  жоғары көтеретін. 

Фотосурет Ортылық мұрағаттың Кинофотоқұжаттар қорынан 

Құрылыстың соңына мұнара биіктігі  372 метрді құрады. Антенналарға арналған діңгектің биіктігі 114 метр. Телемұнарадан 6 теле- және 4 радиоарнаның белгілері жіберілетін. «Көк төбе» телемұнарасы 199 елді мекенге ақпарат таратып отырды.

Телемұнараның жерасты бөлігінде трансформаторлар орналасты. Телемұнараның бар байланысы мен жабдықтары қалалық бекеттен жұмыс істейді. Энергия үзіліп қалған жағдайға бірнеше резервті генератор орнатылған болатын. 12 метр тереңдікте телеорталықтың қызметкерлеріне арнап шағын бомбадан сақтану бөлмесі жабдықталған.

Телемұнарада сол заманның ең заманауи жабдықтарын орнатқан болатын. Мұнараға теледидарлық және радиобелгілер радиореле жүйелерімен жеткізілетін. Мәскеуден белгіні жіберу үшін сол кезде жерсерікті технологиялар қолданған. Үлкен сөрелер мұнараның бірінші қабатындағы бір бөлмені алды. Олардан фидерлер бойынша белгі жоғарыға, антеннаға жіберіледі. Антеннаның әр сегменті бір теледидарлық немесе радиоарнаны жіберу үшін арналған болатын.

Ішінен мұнара алюминиймен қапталған металл бөренелерінен тұратын торды құрылым. Пішінінде әр қайсысының жүк көтеру көрсеткіші 1000 кг тең жапондық өндірістің екі лифт орнатылды. 


Мұнараның бірінші кесесінде, 176 метр биіктікте, қарау алаңы орналасқан. Бастапқыда телемұнара саяхатшылардың келуіне ашылу керек болатын. Екінші қабаттағы қарау алаңында мейрамханалар ашуға жоспар болған . Екінші қабаттағы зал мозайкалық элементтері Чехияда жасалған мрамор және витраждармен сәнделген. Экскурсия үшін екінші қабатқа алып баратын бөлек  галерея қарастырылған болатын. Бірақ мұнараны салу барысында жобалаушылар техникалық мәселелерді шешумен көбірек айналысып, жүк көтеру көрсеткіші көбірек лифттерді, эвакуация жүйелерін қарастырмаған. Соның себебінен мейрамханалар сол күйі ашылмады.

Алдар Тұңғышбаевтің сөздері бойынша, 90-жылдардың басында телемұнараны туристік жерге айналдыру жобасы жаңа өмірін тапты. Бірақ барлық есептеулерді ескергенде жоба аз туристік потенциал мен ғимараттың өзінің жетімділігі қиын болғандықтан тиімді емес деп шешкен болатын. Мұнара 1984 жылы пайдалануға берілген болатын. Бірнеше ай ақ өткен соң телемұнарада үлкен өрт шыққан болатын радиосәуленің кернеуінің есептеуіндегі қателіктің кесірінен телехабарлаудың фидерлері тұтанған. Электротоқтың жедел өшірілуінен тұтану лезде жойылды. 1985 жылы Көк төбе тауының бөктері жаңбырлармен шайылып, сел жүрген болатын. Мұнараның сырғу процессі басталған еді. Құрылысшыларға қосымша фундаментті нығайтып, жаңа тиімдірек су жүргізу құбырлары жүйесін салуға тура келді.



2001 жылы телемұнарада қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын ішкі бөлмелердің қабырғалары жаңартылып, қарау алаңы сайдингпен жасалып, қабырға блоктарының бөлігі алмастырылып, хабарландыру жабдықтары мен антенналар жаңартылған еді. Қайта қалпына келтіру жұмысынан кейін телемұнара 14 теледидарлық және 14 радиоарнаны көрсете бастады. 


Қазіргі уақытта «Көк төбе» телемұнарасы Қазақстандағы теледидарлық көрсетілімді сандық форматқа алмастыру барысындағы маңызды нысандардың бірі болып саналады. Бірінші қабатта Қазақстан бойынша сандық көрсетілім жүйелерін бақылайтын «Қазтелерадио» жүйесінің мониторинг пен басқару орталығы орналасқан.

Қазіргі таңда республиканың бес облысында сандық көрсетілімнің 336 бекеті жұмыс жасап тұр. 2017 жылға дейін мемлекеттің барлық облыстарын қамту, 827 бекеттің құрылысы мен түбегейлі сандық көрсетілімге көшу жоспарланып отыр.Телемұнарада бар жабдықтың жаңартылуы жүргізіледі.

2012 жылы Алматы әкімі мен Көлік және байланыс министрі телемұнараның қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісімге қол қойған болатын. Жұмыстың бағасы шамамен 900 миллион теңгені құрайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының аясында электртоқпен қамтамасыз ету жүйелері мен автономиялық дизелді электробекетінің жаңаландырылуы жүргізіледі. Мәдени, ойын-сауық және туристік аумақтың ұйымдастыру жобасы ұсынылған болатын: тау бөктерінде ландшафтты парктің, велотректің, балалар ойын алаңын, Қазақстан халықтарының мәдени галереяларының құрылысы. Телемұнара аумағында табиғат мұражайын, балалар оқыту орталығын, жастар ойын-сауық орталығын, киноорталықты, салтанатты іс шараларға арналған залдарды, 7 қабатта лаунж бар ашу жоспарланып отыр.

Сурет flycam.kz сайтынан алынған

Сурет flycam.kz сайтынан алынған

Бұндай жобаның іске асырылуы құрылымның сыртқы келбетінің өгерістеріне алып келуі мүмкін. Бұл жоба республикалық және қалалық бюджеттен айтарлықтай қаражатты қажет ететіндіктен әзірге тек теориялық түрде ғана бар.

Мәліметті дайындау барысындағы көмек үшін «Қазтелерадио» АҚ ерекше алғыс, Алдар Тұңғышбаевқа, flycam.kz сайтына, «КТК» арнасының «Бас редакция» бағдарламасының редакциясына, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатының кино фотоқұжаттар және дыбысжазу қоры қызметкерлеріне алғыс айтамыз. 

Бөліс
Тимур Батыршин
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000