HISTORY Айнур Калдыгулова 4 июня, 2015 17:53

Сарайшык-ежелгі қаланың ұлылығы.

Сарайшык-ежелгі қаланың ұлылығы.
Қазақ даласы аңыздар мен ертегілерге өте бай.Батырлар туралы қызықты аңыздар мен хандар туралы сарқылмас байлықтар ауыздан-ауызға жеткізіліп келеді.Олардың кейбіреулері біздің заманымызға дейін жеткен.Бұл тіпті де аңыз немесе ертегі емес, бұл Атырау қаласынан 50 шақырым жоғары орналасқан ертеректегі тамаша қала, ал қазіргі кездегі кішкентай қалашық- Сарайшық туралы шынайы тарих. Vox Populi-журналисті ежелгі қаланың қазбаларын аралап,құпия Сарайшық қаласына қатысты аңыздарды жазып алды.

5884

5681

Сарайшық қаласы Моңғол тегімен байланыстырылады. Ол Сарайджук деп аталған, Моңғол тілінен аударғанда "Кіші Сарай " деген мағына білдіреді. Сарайджук қаласы XII-ші ғасырдың ортасында болған Батуханның шайқаста жеңіске жету құрметіне салынған қала.

5707

Сарайшық қаласы ыңғайлы, яғни Европадан Азияға кірер жерде орналасқан. Бұл қала Азияға кіру кілті болған және осы қала арқылы Ұлы Жібек Жолы өткен. Осыған сай сауда көпірі іске қосылды және көпір арқылы Қытай жібегі,фарфоры, Шығыстың барлық дәмдеуіштері мен тәттілерінің түрлері өткен.

5719.

 Қала керемет әдемі және дамыған болған, бұл жөнінде араб саяхатшысының жазбалалары дәлел бола алады.Ол Сарайджук қаласына 1334-ші жылы барған және өзінің  "Өмірлік саяхат " атты кітабында " Мен бүкіл әлемді шарлап шықтым" деп жазды, Сарайшық Бағдадтан кейінгі ең үлкен қала екен. Ол жерде ханның мөлшерлемелері, төрт жалтыраған мешіт және көптеген қонақ үйлер орналасқан. Мені таң қалдырған бұл емес, ал су жіберу жүйесі. Сарайшықта су әрбір үйге өзі кіреді. Осыны көргеннен кейін мен шын мәнінде таң қалдым.

5724

Сарайджук-тек қана әдемі мұнарасымен емес, сонымен қатар өзінің қолөнерімен де тартты. Қалада өз қолөнерлерімен шетелдіктерді таң  қалдырған зергерлер мен қышшылар жұмыс істеді.

5679

1999 жылғы қазба жұмыстары кезінде табылған таңғажайып өнімдердің бірі-ыдыс болып табылады. Ыдыстың салмағы бір бет қағаздан да жеңілірек, бірақ ол салмағымен қызықтырған жоқ: ыдыстың құрамы мынандай егер оған у құйсаң ол түсін өзгертеді.

5665

Сарайшық мұражайының директоры Молдаш Бердімұратов ертеде мұндай ыдыстан тек қана ханның тұқымдары ішкен,ең алдымен, бұл ыдыс чингизидтердің біреуіне тиесілі болған деп түсіндіреді.Сол кездері ханның ұрпақтарын жиі уландыруға тырысқан, сол себептен де осындай ыдыстар қарастырылған.Молдаш Бердімұратов ыдыстың құрамы қазіргі заманғы ғ ғалымдарға түсініксіз екенін және әлемде осындай ыдыстың тек қана екеу екенін айтады. Біреуі Египетте, ал екіншісі Сарайшықта. Тарихи олжа Астана қаласының Ұлттық мұражайына тапсырылды.

5671

Қазба жұмыстары кезінде 702 монета табылды, бұл Сарайшық тұрғындарының жеке валютасы болғандығын растайды және де қала сауда қорғаны болған дегенге қосымша дәлел.

5673

Дегенмен, Сарайшық қаласының даңқы тек қана табысты саудамен байланысты емес, сонымен қатар біліммен де байланысы бар.Қазба кезінде археологтар көптеген қасиетті кітаптар тапты.Бұл қала,сондай-ақ рухани ағарту орталығы болған деген ой тудырады.

5668

Таң қаларлық табылған зат-ол әйелдер моласынан табылған,мұсылманның қасиетті кітабы-Құран болды.Кітап әйелге тиесілі болған, бірақ темірдей патриархат заманында әйелдерге оқуға рұқсат етілмегені бізге мәлім.Кітап -Сарайшықта білімді бағалағанын, тіпті де әйелдердің  білім алғанынының дәлелі болып табылады.

5660

Ең қызықты оқиға әлі  алда сияқты .......

Молдаш Бердімұратов қуана бізбен қызықты әңгімелерімен бөлісті.

5655

Сарайшық қаласын басқарғандардың бірі-Қасым хан болды, ол 1511-1518 жылдары басқарды.Ол қазақ хандығының негізін қалаған-Жәнібек ханның баласы болған.Қасым ханның тұсында ішкі және сыртқы саясат жөнінде ақпарат өте аз сақталған,бірақ бір қайғылы жайт белгілі.

5667

Қасым ханның Сарайшықта тұрған әдемі қызы болған.Ол тек қана әдемілігімен емес, сонымен қатар мейірімділігімен де даңқты болған.Ханның сүйікті қызы ерке болмаған,оның аққуға деген қызығушылығы зор болған.Әкесі-қызының көңілінен шығу үшін жасанды көл жасаған.Ханның қызы тәтті болу үшін суға қант тастаған.Аққулар осы көлге ұшып келетін болған,ал кейінірек бұл көл "Секер көл "деп аталған.Дәлірек аударсақ "қантты көл". Көлге сонымен қатар, әкесі қызына үздік шеберлер дайындаған алтын қайық сыйлаған.

5683

Ханның қызы құрбыларымен бірге көлде серуендегенді ұнатқан.Бірақ бір күні таңда қайғылы оқиға болған-ханның қызы қайтыс болған.Қасым хан сүйікті қызын алтын қайықпен бірге жерлеуін, бірақ қыздың жерленген жерін ешкімге айтпауын бұйырды.

5721

Содан бері 500 жыл өтті, бірақ жерленген жер әлі белгісіз.Мұражай директоры Молдаш Бердімұратов:

-Менің әлі алтын қайықты табамын деген үмітім бар дейді. Шыңғыс ханның ұрпақтары- төрелер жерленген мазар таптым, ол-Сарайшықтан алыс емес.Менің болжауым бойынша қайық сол жерде,бірақ қазба жұмыстарының тоқтатылғанына 6 жыл болды.

5701

Біз Сарайшық қаласындпағы мұражайда және мазарда болдық, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жер әлі алда еді. Жолда Молдаш Бердімұратов өз арманымен бөлісті.

5723

Қазба жұмыстарының жүргізілмегеніне 6 жыл болды,әлі табылмаған қазбалар көп. Бірақ ең қорқыныштысы бұл емес, Жайық өзені қаланың үйінділерін шайып жатыр.XIII-ғасырда осы аумақта су тасқыны болған,өзен тасып қаланың бестен-бір бөлігін басып қалған.Қазір бізге қаланың тым болмаса бір бөлігін сақтап қалатын жағалауды бекітетін арнайы қақпа керек.Сарайшық қаласын қайта тұрғызу жобасы соншалықты арзан емес 14 миллион ақша қажет.

5703

Бізде тарихи мұраның толығымен жоғалып кетуіне екі фактор бар. Бірі-табиғи құбылыс,екіншісі-адами фактор.Адамдар қараусыз жатқан қаланы тонап жатыр.Мен тіпті де бірегей мұраларды  жеке адамдар пайдаланып кете ме деп болжаймын.

5704

Сарайшық қаласы әрдайым көршілес мемелекеттердің қызығушылық обьектісі болған.Бірінші рет Азияның ұлы қолбасшысы- Темірлан жаулап алса,сайып келгенде Иван Грозный толығымен қиратты.Байлықты тонап, қаланы өртеп тек қана қызыл кірпішті Мәскеуге жеткізген.Молдаш Бердімұратовтың айтуынша Қызыл алаңның кірпіші Сарайшық алаңындағы кірпішпен бірдей.

5688

Сарайшық  туризм және әдемі аңыз әуесқойлары үшін қажылық орын бола алар еді, бірақ, өкінішке орай инфрақұрылымы нашар.Келушілер қаланың тарихы үшін емес, " Әулие ағашқа сиыну үшін келеді.Аңыз бойынша, ағаш қасиетті оның қасында міндетті түрде дұға оқу керек.

5724

Біз қаладан қайтқанда екі түрлі сезімде болдық. Біріншіден қазақ хандығының бірінші астанасында болып тарихпен тілдескендей сезімде болсақ, ал екіншіден өткен тарихымыздан ажырап бара жатқандай күй кештік.

 

Бөліс
Айнур Калдыгулова
Айнур Калдыгулова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000