HISTORY Святослав Антонов 5 февраля, 2015 08:00

ХАЙ-ТЕК СТИЛІНДЕГІ «БӘЛКІМ»

Алматинская "Авоська"
Алматинская "Авоська"
Фото: Сергей Панин
Абай атындағы МАОБТ маңында халықта «бәлкім» деген атауға ие болған ерекше ғимарат орналасқан. Бұл ғимарат – 25 000 нөмірге арналған телефондық бекет – өткен ғасырдың 80 жылдарында сол заманның жаңа хай тек стилінде соғылған болатын. Бүгін біз оның тарихын баяндаймыз.

Панфилов көшесіндегі  автоматтық телефондық бекеттің (АТБ) құрылысы жайлы сол жобаның бас сәулетшісі, Қазақстанның еңбегі сіңген сәулетші Альбина Петрова айтады:

– Бізге "Алма-Ата" қонақ үйі және тұрғын үйлердің арасынан шағын аумақ бөлім берген болатын. Ғимараттың маңыздылығы өте зор болды, өйткені бұл республикалық байланыс орталығы. Телефондық бекет 25 000 нөмірге есептелген болатын. Ол уақытта телебайланыс жабдықтары электроникамен тығылған үлкен шкафтар еді. Осының бәрі орналастыру үшін үлкен кеңістік қажет еді. 9 қабатты ғимарат тұрғызуды шештік, одан артық биіктік болмайтын еді. 

Жер телімінің жетіспеушілігінен, сәулетшілер ғимаратқа бірегей пішін берген өзіндік шешім тапқан. Ол жылдары хай-тек сәулетшілік стилі белсенді дамым келетін. 80 жылдардың ортасынан Ричард Роджерс, Ренц Пиано және Норман Фостер сияқты сәулетшілер жаңа типті ғимараттар құра бастады. Сәулетшілерді темір бетонды негіздің орнына жеңіл тор сыртқы салмақ түсіретін құрылымларды еңгізген  XIX ғасырдың соңындағы орыс инженері Шухов пен американдық өнертапқыш Фуллердің пікірі шабыт берген болатын.

Хай-тектің сипаттамасы шыны, пластик пен металл, жоғарғы технологияларды қолдану, түзу сызықтар мен пішіндер болды. Жаңа стильдің ерекшеліктерінің бірі оның қызметті элементінің құрылымын сыртқа шығару болды. Дәл осы тәсілді алматылық АТБ ның сәулетшілері қолданбақ болды. 

–  Мен хай-тек жайлы бір журналдан оқып қалдым, сол кезде оыс стильде тәжірибе жасауды шештім. Ал мына жерде ерекше шешімге жүгінетін мүмкіндік туды. Алматыда кез келген соғылатын ғимарат 9 баллдық жер сілкінісінің күшіне төтеп бере алатындай есеппен тұрғызылу керек болатын. Бұл көлденең салмақ түсіретін арқалықтардың – темір бетон мен ригельдардың көп мөлшерде қолданылатын білдіретін. Бірақ оригельдер көп кеңістік алатын, ал біз болсақ әр шаршы метр үшін күресетінміз. Сол кезде біз сейсмобелдеуді ғимараттың сыртына, оны қоршап тұру үшін шығаруды ұйғардық. Бұл тор салмақ түсіретін қабырғаның қызметін атқарады. Сонымен қатар ол белгілі созымдылығы бар, ал эстетикалық түрде айтарлықтай тартымды, – деп жалғастырады Альбина Анатольевна. 

Көлденең салмақ түсіретін құрылымдардың жоқтығы мен қабырғалардың жуандығының қысқарту арқасында кеңістікті үнемдеуден бөлек, тор қабыршық ғимараттың жер сілкініс кезіндегі бекемділігін ұлғайтады. Тор әр тоғыз қабаттың көлденең  темір бетонды арқалықтарымен жалғанған. Ғимараттың ішінде тік тіреуіштер орнатылған.Осының бәрі бір ортақ нық құрылым. Осындай шешім құрылыс заттарын үнемдетіп, құрылысты арзандатқан. 

АТБ жобасымен Альбина Петрова, оның жұбайы Анатолий Петров және сәулетші В.А. Бабенко жұмыс жасаған.

Альбина Анатольевна мен оның күйеуі Алматыға 1957 жылы келген болатын. Новосибирсктегі құрылыс институтын бітірген соң оларды «Гипротогртың» жергілікті бөлімшесіне жіберген. Сәуетші-жұбайылар көптеген жылдар бойы «Қазгорстройпроект» институтында бірге жұмыс істеген. Бірігіп жасаған жұмыстардың бірі «Үш батыр» атанған Достық көшесінде орналасқан ерекше тұрғын үйлер болды.

– Мен өзіміздің инженерге қандай ғимарат соғатындығымызды көрсеткенде, «неге осындай күрделі құрылым керек?» деп ашуланған еді. Мен бұл хай-тек деп жауап берген едім, ол ұрыспауды сұранды. Бастапқыда біз таврлерден  – Т –пішіндес металлдық профильдардан тор жасайтын ойымыз болған. Бірақ кейін домалақ келген құбырлар қызықтырақ көрінеді деп шештік. Арқалықтардың диаметрі, олардың ара қашықтығы мен жалғанатын жерлері құрылысшылармен мұқият есептелетін, – деп еске түсіреді Альбина Анатольевна. 

Хай-тек белгісі лифттер мен баспалдақтардың ғимараттың сыртында орналасуы болатын. Телефон бекетінің сәулетшілері оларды құрылымның артқы жағында орналастырып осы әдісті қолданған. 

АТБ мен жұмыс барысында бірнеше күлкілі жағдайлар болған еді. Альбина Петровна солардың біреуін еске түсіріп отыр:

– Ғимарат қабырғаларын қаптау үшін қорғаныс қабаты бар металлдық тілімдерді қолданатын болдық, өйткені құрылымның төзімділігі мен гидрооқшаулығын қамтамасыз ету маңызды еді. Бұл тәрізді тәжірбие  республикада алғаш рет қолданылатын, бізден кейін осындай тілімдерді телемұнараның құрылысында қолданған болатын. Қорғаныс шаңдатуы электролиз арқылы түсірілетін, оны тек қана профильды әскери кәсіпорында жасап шығара алатын. Солардың біреуі Латвияда орналасқан еді, мен Ригаға республика үкіметінен зхат алып барған болатынмын. Кәсіпорынның генерал-басшысы менің хатыммен танысып болып маған зауыттың әскери ұйым және қарапайым билікке бағынбайтынын айтты. Оны ұзақ көндіруге тура келді, сол кезде бізге бір жағдай көмектескен болатын. Генерал құмарпаз шаңғы тебуші болып шықты. Біз оны Алматыға құрылыстың барысын көрсетуге шақырған болатынбыз, соның арқасында оны тағы «Шымбұлаққа» да алып бардық. Генералға бізде өте ұнағандықтан, ол бізге керекті жұмысты атқаруға рұқсат берген еді. 

Телефондық бекет екі ғимаратта орналасты  – алты қабатын жабдықталған қызмет залдары алған  тоғыз қабаттылықта, және асхана, инженерлік бөлмелер мен әкімшілік орналасқан үш қабатты құрылымда. Әдейі жабдықтарды салқындату үшін желдеткіш жүйелері жасалған болатын.

АТБ-ның өзі коммутациялық жүйе мен басқару жабдықтарынан тұратын. Бекеттің құрылыс уақытына телефон желілерінің автоматтандыруы жоғарғы деңгейге  жеткізілген болатын. Қолмен түрлі телефон желілерін қосып отыратын жүздеген телефоншы қыздардың орнына, бекет жұмысын жабдықты бақылайтын  бірнеше ғана инженер жүргізетін болды. 

АТБ-ның құрылысы 1983 жылы аяқталды. Халық арасында бірегей құрылым бірден «бәлкім» деген атауға ие болды. Телефондық бекет пен «Алма-Ата» қонақ үйі, және 30 жылдары соғылған ғимараттар, бір сәулеттік үйлесімділік тапты. 

Қазіргі таңда ғимаратта әлі де телефон станциясы орналасқан, бірақ заманауи, сандық типте, сонымен қатар «Қазақтелеком» бөлімшесі. 

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000