HISTORY Святослав Антонов 21 мая, 2015 14:00

АЛМАТЫЛЫҚ ИППОДРОМ: АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ӨТКЕН ШАҚ ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗ БОЛАШАҚ

АЛМАТЫЛЫҚ ИППОДРОМ: АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ӨТКЕН ШАҚ ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗ БОЛАШАҚ
85 жыл бойы Алматылық ипподром еліміздің негізгі ат өмірі өтетін жердің орталығы және халықаралық жарыстар өтетін жер болды. Қазур оның алдына жойылу қауіпі түсті. Бүгінгі біздің репортаж ипподромның тарихы мен оны сақтау үшін күрес туралы болмақ.

Алматылық ипподром 1930 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Сол кездері елімізде ат асырау өте қарқынды жүріп жатқан еді. Сол кезде біздің елімізге соғысқа арналған шыдамды орыс және европалық аттарды әкеліп біздің ел аттарымен будандастыру жұмыстар жүретін. Бұл жұмыстар Қостанай ауылдық станциясы (1989 жылдан бастап жұмыс істейді), Луговтық ат зауыты, «Дегер» ат зауыты секілді орындарда жүргізілетін еді. Сол аттарды жаттықтыру үшін ипподром ашылды. 

Басында ипподром қазіргі көк базар аймағында орналасқан еді, бірақ мемлекеттік ат зауытымен қосылғаннан кейін қазіргі кездегі орынға көшті. Біріктіру мақсаты – әскери аттарды өсіріп, бағу болатын.  Ұлы Отан соғысында ипподром жұмысын тоқтатпай, соғысты атты әскерлермен қамтамасыздандырып тұрған. 

Соғыстан кейін ат зауыттары жұмысын тоқтатып, ал ипподром болса өз жұмысын дон, орлов, орыс ыршығыш аттарын бағумен және жаттықтырумен жалғастырды. 1951 жылы Қостанайлық  тұқымды атты заңдастырғаннан кейін (қазақ селекционерлерінің дон мен англодон жылқыларын, таза қанды ағылшын аттарымен будандастыруынан шыққан) ипподромда Қостанай тұқымды аттарды сынай бастады.  Ат өсірудің ең жоғарғы дамуы 60 жылдардың ортасында басталды. Оның себебі КПСС ЦК пленумында ауыл шаруашылығында үлкен қателіктер тапты. Кейбір республикаларда 100 биеден тек 4 бала тауып жатты. Осыдан кейін пленумда ауыл шаруашылығы мен ат өсіру шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүргізу туралы заңдастырулар қабылданды.Осылайша ат өсіру мен ат зауыттарының басқармасы ашылды. Біріктірілуге көптеген ат зауыттары қосылды, соның ішінде Көкшетаулық ат зауыты, Лугалық ат зауыттары болды. 

Кейіннен ахалтеке, араб пен таза шапқыш аттар тұқымдарына  сынақтар жүргізіле бастады. Ипподромда жылына 600-дей ат сыналды. Рейтинг бойынша Совет одағы бойынша Ипподром 5-ші орынды иемденді. 

Алдыңғы он жылдықта рысак тұқымдасты аттарға сынақтар жүргізілгендіктен, оларға ат жарысын жүргізбейтін болатын.  Оның орнына рим күйме арба секілді жарыстар жүргізілетін болатын.  Онығ қызықтығы қарапайым ат жарыстан қала қоймап еді. 

Рысак тұқымдастарының жарыстарынан басқа, үштіктердің және төрттіктердің жарыстары болып тұратын. Сонымен қатар конкуру (бөгеттер арқылы жарыс) және стипль-чезу (тірі барьерлерді аттау) жарыстары жүргізіліп отыратын.

Ұлттық ойындар мен жарыстар да шетте қалып қоймап еді. Дәл Алматы ипподромында бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ секілді ойындар жүргізіліп отыратын.

Ипподром тарихында  атақты атшы, азамат соғысы ардагері, маршал Семен Буденый  өз рөлін ойнап  кетіп еді.  КСРО ауыл шарушылығының министрлігінің орынбасары ретінде ол бірнеше рет Қазақстанға келіп кеткен болатын. Ал 1959-дан 1962 жылы осында бүкіл кеңестік ат жарыстарында аға төреші қызметін атқарған болатын.

Маршал ұлттық спорттың дамуына да үлесін қосып кетті. Дәл соның басқаруымен 1958 жылы Мәскеудегі кеңестік ат жарыстарында қыз қуу ойыны мен қыздар жарысы болды. Қыздар ат жарысының жеңімпазы Алматы облысының тұрғыны, сегізінші сынып оқушысы Райхан Аблахатованы Буденныйдың өзу мараппаттады.

Қазақстан ұлттық құрамасы. Мәскеу, 1972 жыл.

Ипподром Республика қаржысымен қаражаттанылып тұрды, сол арқылы жарыс сый-сияпаттары жоғары еді.  Оның өзіндік тамақтандыру базасы бар болатын. Онда жылына жүз тоннаға жуық шөп дайындалынып отырды. Мемлекет жылқы сандарының көбеюін бақылап, қарап отырды. Ипподромда болатын көп жарыстар арқасында, жокейлердіңғ ат қараушылардың, жаттықтырушылардың квалификациясы өсіп, мықты маман болып даярланды.

Алматы ипподром тарихы туралы, осында 40 жыл бойы істеген Галина Ивановна Горшкова айта алады:

 - Менің әкем агроном болатын және жұмыс бабы бойынша оған бір атты бекітіп қойып еді. Міне осыдан менің аттарға деген махаббатым ашылды. Мектеп кездері мен ат үстінде шабумен айналысатынмын. Конкур бойынша жарыстарға қатысып отыратынмын. Ал 1965 жылы мен алғаш рет Алматы ипподромына келдім.Бұл басы әсем парадпен басталған жалпы кеңестік жарыстар болатын. Басынан бастап маған әсем көрінген жарыс таң қалдырды.Кейіннен мені жарысқа қатысуға шықрып алды. Сол кезде жарысқа қатысуға оларға қыздар керек еді. Осылайша мен ипподромда қалдым. Мен үш жыл теъхникалық университетте оқып алып, зооветеринар мамандығының бірінші курсына ауыстым.

Галина Ивановна жас кезінде

- Ипподромдаға еш күн келесі к.нге ұқсамайды. Жолдың халін тексеріп тұру, аптылық бағдарламаларды құру, рысак тұқымдасы мен орыс үштіктердің жарыстары, Стипль-чздерді жүргізу, мейрам күндерін өткізу, төрешілік және т.б   Бәрі қызықты және қызық болатын. ЦК КПСС және Министрлер Кеңесінің  қабылдаған қаулысы Қазақстанда ат асырауды дамытуға көмектесті.

Қазақстанда сол кезде 12 рысак тұқымдасты аттар шығаратын ат зауыттары, 35 фермалар, 4 ипподром болатын. Алматылық ипподром официалды мемлекеттік атағына ие болған. Оның ат қораларымен бірге, жаздық дениктерімен бірге 600 атқа жуық атты сидыра алатын болды. Ипподромға тек ең жақсы аттар кіре алатын болды. Ипподром штабында 6 рысак тұқымдастарын жаттықтыратын жаттықтырушылық бөлімі бар болытын, ондағы 60 жаттықтыру персоналы  120 атқа қарап жүретін. Көп рысак тұқымдастары бар ішкентай зауыттар, өзіне қосымша жаттықтырушылар әкеліп жұмыс істеткізген. Ипподромдағы рысак тұқымдастары жыл бойы қаралатын еді. Ал шабушы аттар тек жазда қаралатын. Шабушы аттар жаттықтыру персоналдары сынау кезінде ипподром бюджетінен демалыстық ақша алып, кететін. Әр аттардың басы мемлекеттік фондпен қамтамасыздандырлып жүретін. Ипподромның  тамақтандыру шарушылығы  жылына 1000 тоннаға дейін тамақ даярлайтын. 

Жокейлер мен жаттықтырушылардың жалақысы орташа айына 100-120 рубль болатын. Жарыстарда жеңістерге жеткендері үшін осы ақшаға қосымша ақша қосылып отыратын. Оның көлемі жарыста алған орынмен тең болатын. 1 балл бағасы 4 копейка немесе жоғарыға тең болатын. Әрдайым орынға ие болатын ат шабушы сол кезде сай жақсы ақша алып отыратын.

Алматы ипподромында көптеген әйгілі аттар сынақ тар мен жаттығуларын өткізетін. Олардың ішінде ерекшесі әйгілі, ахал теке тұқымдасының айғыры Абсент болатын. Ол өзінің шабушысымен бірге алғашқы олимпиада чемпионы атағын алған болатын. Абсенттің әкесі – Араб көп күндік Ашхабад-Мәскеу жарыстарына қатысушы Буденныйға сыйланған болатын. Жамбыл облысындағы Лугов ат зауытына барып, разы болған маршал Араб атын сонда сыйлады. Лугов зауытында 1952 жылы Абсентте туылды.



1955 жылы оны Алматылық ипподромдағы Республикалық ат-спорттық мектебіне алып келді. Мұнда ол атақты жаттықтырушы Карим Асеновтің қолында жаттықты. КСРО халық спортакиадасында ол 4 орынды иеленді. 1958 жылы Абсент Мәскеудегі ВДНХ көрмесіне қатысып, тұқымдастарының жеңімпазы болды. Мұнда атты атақиы спортсмен Сергей Филатов жаттықтырушылары көріп қалып, Абсентті Мәскеуге алып кетті. Бірнеше жыл жаттығудан кейін Аахен қаласындағы Европа чемпионатында ол алтын иемденді.

1960 жылы Рим қаласындағы олимпиадада Абсент пен Филатов сенсация әкелді.  Онда Европа мен АҚШ-тың ең мықты қарсыластарының арасында, чемпион атағына ие болды. Ат тағыда екі жарысқа қатысып, 64 жылы Токиода қоланы, Мехикода күміс алды. Карьерасын аяқтаған соң Буденныйдың аты Қазақстанға ұрық жалғастыруға қайта әкелген. Ол 60-ға жуық құлынның әкесі атанды.

Ат кітаптарда, суреттерде аты қалды, ал Лугов ат зауытында Абсентке мүсін қойылған болатын.  Абсент пен оның шабушысы Сергей Филатовтың соңғы қоштасуы 1974 жылы «Казахфильм» киностудиясымен түсірілген документальды фильмге айналды. 

Ипподром өзінде ірі әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізетін. 1965 жылы Бүкілкеңестік  атшылар жарысының өткізілуі өте күшті жаңалық болды. Бұл жарыста 15 мемлекеттердің ең мықты спортсмендері қатысты. Дәл осы жағдай үшін ипподром қайта жөндеуге түсті. 3000 адам сиғызатын жаңа трибуна, ветемхана, ат шомылдыратын бассейн, кузница, ресторан, қонақүй соғылды.

Жарысқа 450 атты спортмендер келді. Турнирдің ашылуы жарық парад түрінд өтті. Әр ат шабушысы қала ішінде өзінің ұлттық киімімен айналып шықты. На соревнования приехало около 450 спортсменов с лошадьми. Турнирде алма түсетін жер қалмады. Мыңдаған тұрғын керемет жарысты көруге келді. 

Үш күннің ішінде ат спортының әр түрлі жарыстары бойынша, спортсмендер жарыстарға қатыса бастады – онда: барьербойынша жарыс, стипль-чез, орыс үштіктерімен жарыс, қазақтардың,  орта азиялық және кавказ халықтарының ұлттық ойындары болды. Ипподромда 46 кеңестік рекорды белгіленген болатын. 

Жарыс күндері жокейлер мен олардың аттары екі апта ішінде біздің қалада тұратвн. Ипподромда 40 орынға арналған қонақүй жұмыс істеді. Ат қоралар бір уақытты 600 ат сиғызды. Ол кезде тағы жарысқа қатыспайтын аттар үшін, ипподром маңына көлеңке жер орнатып, аттарды сонда ауыстыра тұратын болған. 

Үш жыл өткеннен кейін Бүкілкеңестік ат жарыстары қайта Алматыда өткізілді. Бұл жолы қатысушылар саны 500-ге дейін көтерілді. Бұл жолыда жарықтық парадпен ашылып, жарыс бойынша тағы колхоз ойындары мен совхоз жастарының жарыстары қосыла өтті. Казақ ССР тобы жалпы топтық жарыс бойынша екінші орынды иемдене алды.  Келесі жылдары ат шабушылар жарыстары біздің қалада тағыда 4 рет өткізілді: 70-ші,74-ші,80-ші,82-ші жылдары. Республикалық ипподромда 100-ге жуық рекорд орнатылған болатын. 

Бүкіл Кеңестік жарыстарды Қазақстан топтары ұлттық ойындар бойынша өте мықты болатын. Рысак тұқымдастар жарыстары мен үштіктер жарыстарынан да жақсы нәтиже беретін. 

Нина Степанова Кеңестік одақ маршалы Буденный С.М. атындағы сыйақы үшін жарыста  

Бірінші категориядағы шабушы Стпенова Нина Петровна секілді Қазақстандық шабушылардан, атақты орыс шабушылары да қорқа қарайтын еді.  

Жоғарыда айтылған жарыстардан басқа ипподромда иноходтармен жарыс, ұлттық ат ойындары, әуесқойлар жарыстары, қаламгерлер жарыстары, әйел шабушыларының әлемдік жарыстары өтіп отыратын. МХАТ гастрольдері кезінде, театр актерлары Юрий және Виталий Соломиндер әуесқойлар жарыстарына қатысқан болатын. 

Ат шабыстар әр апта сайын демалыс күндері болып тұратын. Трибуналар әрдайым минималды 1/3 бөлігі толып қалатын. Жұмыс істейтін тотализатор жарыстарына қызығушылықтары ашыла бастады (кеңес одағы адамдарының ең сүйікті ойыны). Ипподром жанында 30-40 адамнан тұратын топ пайда болды. Олар әдайым ақша тігумен айналысатын. Тігу билеті 50 тиын тұратын, оны шексіз түрде алуға болатын. Тігушілер айтуынша кейде 50тиын тігіп, 60 рубль ұтуға мүмкіндік болатын дейді.  Өз ұтысынды екінші және үшінші орын алатын адмдарға тігу арқылы да  көбейтіп алуға болатын. 

 

Амангелді Иманов сарбаздарының костюмдеріндегі ат шабушылар

Мемлекетке юбилейлы күндері ипподром  мерекелік кеш орталығы болып тұратын кездер де аз болмаған еді. Бұл күндері мұнда республиканың бар басқармасы мен мыңдаған тұрғын жиналатын. 1971 жылы мұнда Қазақстан комсомолының 50 жылдығына үлкен керемет мереке өткізілді. Ипподром жолдарында Амангелді Иманов сарбаздарының костюмдеріндегі, азаматтық және ұлы отан соғысы сарбаздары костюмдеріндегі ат шабушылары  шапқан болатын.  Тарихи бөлімнен кейін жарыстар басталды. Сол кез газеттерінде мұны таң-қалумен сипаттады.

 

90 жылдары ипподром құлдырау периодын бастан кешті.  Ол ауыл шаруашылығы министрлігінің қаражаттандыруынан шығарылып тасталып, егесіз қалды. Жарыстар жүргізілмейтін еді, ат қоралар мен трибуналар құлдырай бастады. Аймақта наркомандар жүре бастады. Ат өсіру мемлекет ішінде дамымай, тоқтап қалды. Қымбат аттар арзанға сатыла бастады. Бірақ осындай қиын күндері де ипподромның ерекше рухы сақталып қалды. Бұл жайлы 94 жылдан бастап ипподромда жұмыс істеп келе жатқан, жокей және ветеринар Акхожина Камилла айтып отыр:

– Ипподромның құлдыраған жағдайына қарамастан, мұнда жокейлер мен жаттықтырушылардың өте мықты тобы сақталып отырды. Мұнда атақты Сафронов пен Кантакузин атты өз жұмысының шеберлері жұмыс атқарған болатын. Бәрі рахаттана жұмыс істейтін. Электр көзі мен су болатын, аттарды сақтап қалуға басқа ештене керек емес еді.

2000 жылдары жеке-меншік ат зауыттары пайда бола бастады.В конце 2000 года появились частные конезаводы. Ат егелері мен ат зауыттарының басшылары «Жокей клуб» ашып, ипподромды сатып алды. Бірнеше жыл қайта жөндеуден кейін трибуналар, жарыс жолы , ат даласы жөнделіп, старт бокстар сатылынып алып, жаңа ат қоралар соғылған болатын. Ипподромда мықты тұқымдастан шыққан таза қанды аттар пайда бола бастады. Араб және таза қанды тұқымдастардың шежіресінде Қазақстандық аттар қосылған кітаптар пайда болды.

– Ипподромның жаңа директоры Нурлан Тлевсов озін  маман менеджер етіп көрсете алды. Ат жарыстар демеушілер ретінде үлкен компаниялар келді. Мезгіл жарыстарының толық күнтізбесі пайда болды. Әр жарыс біз үшін мейрамболды. Біз бір-бірімізді құттықтап жүретін болдық. Ат егелері өздері жарыс сыйақысына ақшаны өздері қосатын болды. Ипподромды қайта жөндеуге қажет ақшалар, сол кезде әйгілі болған көрермендер тотализаторы мен аттарын ат қораларда ұстайтын арендаторлардан пайда болып жатты. Мұнда аттарыд жалға беріп, ат шабысқа үйрететін. Жарыстарға Ресей немесе басқа елдерден келген жокейлер келетін.

Зооветеринар институтын аяқтаған соң, мен ипподромға ветеринар ретінде келдім. Мұндағы емхана шаршаңқы кейіпте тұрды, бірақ клиника директоры Жанетта Кумекбаева көмегінен кейін қабылдау бөлмесі мен лабораторияда ремонт жасалған болатын. Біз Мәскеу ипподромынан қала қоймайтын, жаңа құрылғылар сатып алдық,-дейді Камилла Акхожина.

Әр жылы ипподромда әр түлі тұқымдастықты және әр түрлі жастағы аттар арасында жарыстар болатын. Олардың ішінде ең  атақтысы үлкен Алматы дербиі, Окстың үлкен сыйақысы, ҚР перзидентінің сыйақысы, тағы да басқа жарыстар еді. 

Қысқа уақыт ішінде 80 жылдардағы орнатылған рекордтар жаңартыла бастады. 2007 жылы сыйақы фонды 600 мың долларға жетті. 

2008 жылы ипподром өміріне жаман әсер еткен бірнеше жағдай болған. Экономикалық  тоқыраудың басы тотализаторға тыйым салумен тең болды. «Жокей клуб» құлдырап, ипподром сатылымға түсті, оны ЖШС «Тенгри-Инвест» сатып алды. Жарық пен судың көп өшуінен ветклиника басқа орынға ауыстырылды. Жарыстар кенеттен болатын болды. 2014 жылы ат жарыстар күнтізбесі жөнделіп, саны 11-ге тең болды. Ипоодром қайта құру кезіне келе бастаған секілді болды, бірақ ақпан кезінде ипподромды бұзады деген сыбыс шығып, бүкіл ат егелеріне аз уақыт ішінде құрылыс үйінен кетулерін айтыпты. 

Қаланың тарихи құрылысын сақтағысы келетін топтың волонтеры Асель Ташибаева, екі жыл бойын ипподромның дамуына ат салысуда. Онымен сұхбаттасу барысында, ол келесідей айтты:

– Мен ипподромға үш жыл бұрын келгем. Маған аттар мен жарыстар туралы тақырып өте қызықтырады. Ипподромның жарнамасымен ешкім араласпайтынын байқап, мен  бірнеше адамдармен бірігіп интернет желісі бойынша жарнаманы таратумен айналысуды бастадық.  27 ақпан күні  ипподром директоры бүкіл ипподром арендаторларын шақырып алып, аттарын екі апта ішінде алып кетуін сұрайды. Оның айтуынша ипподром ортасында сауда орталығы соғылады екен. Бірақ заңды документті көрсетпеді.  Бұл мәселені шешуге біз қаламгерлер мен телеқаламгерлерді шақырдық. Директор оларға шығып, ипподром шығын келтіреді, ал аттар оның мәселесі емес екенін айтты. Содан соң біз Дариға Назарбаева атына хат жаздық, оның ат өсіруге қызығатынын біз білдік. 7 наурыз күні бізді әкімшілікке шақырды. Кездесуде ипподромда сақтаушы адамдар, директор, қала әкім орынбасары және қалалық архитектура және қаласоғу бөлімінің басшысы болат Сауранбаев болды. Болат Оспанович, ипподром жойылмайтынын айтты және аттарды қууға тыйым салды. Біз кездесуден қуанышты болып қайттық. Бірақ екі күн өте директор тағыда ат егелеріне кетуін сұрап, аймаққа кіріске  тақтаға «қайта жөндеу жүргізілуде» деп жазып қойыпты. Аймаққа ветеринарларды да кіруіне мүмкіндік бермейтін болды. 

Оқиғаны ашып білу үшін активисттер Президент администрациясына, қала әкіміне және Мәжіліс отырысы орынбасарына хат жөнелткен.  Барлық жолдаулар Жетісу ауданының әкімшілігіне жіберіліп, ол жақтан бірден хабарламамен жеті хат келді. Онда, 2012 жылдың 25 шілдесінен бастап, қала әкімшілігі ипподром қызметін өзгерті туралы қаулы қабылдағаны туралы айтқан. Ол жердің 5,7158 гектар жері көпфункционалды тұрғын үйге бөлінген болатын, ал 1559 гектар жері администрациялық құрылыс үйіне бөлінген екен. Жұмыссыз қалған ипподром қызметкерлері (30 шақты адам)  «еңбекпен қамтамасыз ету 2020» бойынша жұмыспен қамтамасыз етілетіндігі туралы жазылған,. Және осы хатта ипподромды бұзу туралы қаулы әлі қабылданбағаны туралы жазған және ипподромды сатып алу мүмкіндігі мемлекетпен әлі қаралуда екені айтылған.

– Ипподром директоры айтуынша: трибуна жолдары қалады, ат қоралады бұзады,- деді. Бірақ ат жарыстар қайда өтетін болады?  Ол ат егелеріне қатты тиісетін болды, су мен жарықты өшіремін деп қорқытты. Соңында 200 ипподромдағы аттардың көбісі шығарылып әкетілді. Аттардың жалға берілуі тоқтатылды және жаттықтырушылар мен ат мектептерінің оқушыларына кіруге жол жабылды. Жақында, ипподром аймағында жер жұмыстары жүргізілетін жатқанын байқадық, ал жанындағы ресторан ғимаратында бокс залы ашылған екен.  Жетісу айдан әкімі Талғат Разақовқа жұмыстар неге басталуын сұрасақ, ол бұл жеке-меншік екенін және олар онда қалағанын істей алатынын айтты. Егер егесі сатқысы келетін болса, сатып алу жұмыстарын жүргізуге тырысатынын айтты.

 

Ипподром  қонақүйінде жасалған жаттығу залы

– Біз ауыл шаруашылығы министрлігіне және инвестиция және даму министрлігіне ипподромды сатып алу өтініші туралы хат жолдадық. Бізге бұл мәдени және спорттық бағалы объект екенін түсінетінін, бірақ ондай ақша бюджет қорында жоқ екенін айтты. Бұл жұмысты қала әкімдігі шешетінін айта кетті. Ипподром директоры Шухрат Иллахунов баспасөз қызметкерлерімен сөйлескенде:Бұл акционаерлік кәсіп орын тотализаторсыз шығын келтіретінін айтты. Одан келетін табыс жылына 100 мың долларлық салықты да баспайтынын айтты. Бірақ шындығына келсек, бұл рас емес. Ат қора үшін арендалық төлем айына 12000 тенге тең. Аттар санына есепке алсақ, жеткілікті сомма шығатынын байқадық.  Сонымен қоса бұл жерде дөңгелектерге арналған қойма мен төлемақылы машина тұрағы орналсқан болатын. Біз бірде ипподром егесінің табысын есептеген болатынбыз. Сонда оның табысы жылына 35 миллион тенгеге тең болды. Егер ипподромның инфрақұрылымына аз ақша бөлсе, мысалы мұндағы қонақүй мен ресторандыжөндесе – онда табысты жоғарлатуға болады – дейді Асель Ташибаева. 

–  Ипподром жоғалтуы еліміздің ат шығару тармағының толықтай жойылуына алып келеді,-дейді ветеран Галина Горшкова. Аттарды сынайтын жер қалмады. Алматылық ипподром жалғыз техникалық құралдандырылған, жыл бойы аттарды қамтамасыз ететін бөлмелері, ветемханасы , ветзертханасы, мамандандырылған персоналы бар стационарлық ипподром болып табылады. Ипподром өзінің климаттық жағдайымен ат жарысына жақсы келеді. Европа мен Америкадан елімізге жүз шақты таза қанды ағылшын аттары әкелінген болатын. Егелері мен көптеген үлкен соммалы ақшалар осы аттар келіп, сынақтан өтіп, ары қарай ұрық қалдыруға жұмсалған болатын. Ат өсіру – ойыншық емес, байлардың еркелігі емес, бұл ауыл шаруашылығының бағыты, жұмыс орындарын бөлетін шарушылық, жастарды көшеден қайтарады, бюджетті салықтарымен толтырады. Алматы облысынан территориясынан кішкентай Чехияның өзінде 12 ипподром бар, Францияда 250, Японияда 28, 6 миллион адамы бар Финляндияда 43 ипподром бар. Иә, ипподром егесі үшін шығын әкелуі әбден мүмкін. Тотализаторсыз шығындарды жабуға ақша жетпейді. Көптеген елдерде тотализаторды азарттық ойынға жатқызбай, оны заңдастырған. Егер мемлекет тотализаторға қарсы болса, онда ол ипподромды сатып алуы керек немесе қаражаттандырып отыруы керек. Әйтпесе, таза қанды асттарды асырау біздің елде тоқтайды. Атшылар келесіні түсінбейді: Еліміздің әр ауданында ипподром атына ғана ие, ескі құсқы ғимараттарды ипподромдар ашылуда, ал Алматы қаласында тарихымыздың ұйытқысы, Қазақстанда ат дамытуды алға жүргізген ипподром жойылу қауіпінде, ал ипподром аймағы сауда орталығына айналып кетпекші, - дейді Галина Ивановна. Жұмысшылардың наразылығы, БАҚ-ң араласуы, Әкім орынбасарының араласуы және әртүрлі орындарға хат жолдануы болса да, оның ары қарай өмір сүруі құпия күйінде  қалуда. Бұл ақпаратты ішінен білетін адамдар, бұл жақта көбіне үлкен территория бағасы маңызды деп ойлайды.  «Тенгри-Инвест» компаниясының артында өте мықты таныстары бар, беделді адамдар тұр. Бұл компания SAT & Company холдингінің (иесі Кенес Ракишев) филиал компаниясы деген сыбыс та бар. Егер шынымен осындай болса, онда каток жолында ешкім қарсы тұра алмайды.


1954 жыл.



1968 жыл

P.S Алматы ипподромдарындағы жарыстар туралы архивті бейнефильмдерМария Сытникованың архивындағы жеке фотографиялар (көзі http://www.equusalmatinicus.com/?p=853. Материал бойынша көмекке Галина Горшкова мен Асель Ташибаеваға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000