HISTORY 6 ноября, 2014 12:02

Алматы оқушылар сарайы қандай болуы тиіс еді

Алматы оқушылар сарайы қандай болуы тиіс еді
Алматы нышандарының бірі Оқушылар сарайы ғимараты болып саналады. Бұл ғажайып ғимарат қалай салынды және неліктен кеңестік Диснейленд болуға әбден лайық еді? Бұл ғимараттың салынуының тарихы жайында репортажымызда мұрағаттан біраз материал жинадық.
Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Оқушылар Сарайы жобаларының Эскиздері.

Оқушылар сарайының  алғашқы құрылыс жобалары (ол кезде – пионерлер Сарайы) 1978-жылы пайда болды. Оларға Алматы қалалық атқару комитеті мен Қазақ КСР Білім беру министірлігі тапсырыс берген. 3-і "Алматыгипрогор" шеберлік архитекторлар мен инженерлер тобы (А.П. Зуев, Т.С. Абильдаев, инженер Ю.М. Локтев, Е.В. Средников, Н.В. Верной, Б.К. Мусургалиев, А.Г. Алексеев, С.В. Касканов) Владимир Николаевич Кимнің жетекшілігімен сарайдың бірнеше әралуан нұсқаларын ұсынды. Олардың сырт көрінісі жағынан орталық кіре берісі мен обсерваториясы, күмбезінің формасы және басқа да детальдерінде бір-бірінен айырмашылығы бар болатын. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников Каким должен был быть алматинский Дворец школьников Каким должен был быть алматинский Дворец школьников Каким должен был быть алматинский Дворец школьников Каким должен был быть алматинский Дворец школьников Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

- Владимир Николаевич спиральды галлактика тұжырымдамасын ұсынды. Сарайдың барлық ғимараттары бір орталыққа күмбезбен көмкерілген дөңгелек салтанат сарайына түйіскен. Институттың көптеген қызметкерлері оған "ұлу" деген атау берді,- дейді жоба авторларының бірі, нөмірі үшінші АСН басшысы сәулетші Төлеген Әбілда.

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Сарай аумағының стадион мен бассейн, жазғы амфитеатр және басқа да салынбай қалған нысандардың эскизі. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Оқушылар сарайының айналасына өзіндік ерекшелігі бар кеңестік Диснейленд тұрғызылуы керек болатын. Онда балалар мереке тойлап қана қоймай, түрлі пайдалы кәсіпке машықтанатындай. Авторлар жазғы амфитеатр, спорттың әр түрімен айналысатын стадион, картингке арналған автодром, кеме модельдерін сынақтан өткізетін, жаттықтыратын хауыздар, садақпен ататын алаңқайлар және тир. Өзен бойындағы жазғы демалыс аймақтарының құрылысын жүргізу м.мкіндіктерін да қарастырған болатын. Оқушылар сарайы мен Республика сарайының аралығына дейін созылмақшы болған су бұрқақтары мен мүсіндерден жасалған саябақ аймағын салу да жоспарланған болатын. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

-Біз теңіз жануарлары мен сүңгуір қайықтары бейнеленген кіші Алматы өзені арқылы  көпір жасағымыз келген.   Бұдан басқа да көптеген қызықты идеялар болды, дейді Төлеген Әбілда. Бұл жоспарларымызды жүзеге асыруға жоба құнының жоғары болғаны кедергі келтірді. Ондай қаражатты республикалық бюджеттен бөлдіре алмадық. Мүмкін сол кезде 1980- жылғы олимпиадаға арнап салынған спорттық құрылыстарға бүкіл қаражат пен,материалдық және адами ресурстар жұмсалған шығар. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Ашық алаңқайларды пайдалану идеясының жүзеге аспауына қарамастан, оқушылар сарайының құрылысшылары балалар қызығушылығының барлық мүмкіндіктерін қарастырды. Сәулетшілердің мұндай ғимараттарды жобалау тәжірибесі жоқ болатын. Олар бұл идеяны жүзеге асыру үшін Мәскеуге барды.

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Ғимаратқа кең үйірме бөлмелері, салтанат сарайы, театр залы, қысқы бақ, ойын залы, ертегілер залы, жүзу бассейнімен бірге спорт блогы және қол добы мен мини футбол үшін алаңдар топтастырылған. .

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Физика-математика клубы жас натуралистердің  үйірмесінен бөлек  сарайда археология және биология, әуе және су асты, радиоспорт лабораториясы және кибернетика, фото лаборатория мен шахмат және дойбы клубы орналастырылған. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Сурет ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжаттар және дыбыс таспалары бөліміне тиесілі. 

Оқушылар сарайы  өзінің қатарында салынған Республика сарайы мен Қазақстан қонақ үйімен үйлесімді салынған. Алайда сәулетші Төлеген Әбілданың айтуынша ғимараттардың ортақ ансамблін жасау идеясы  жоба авторларының ойында болмаған:

- Олардың ұқсастығы пайдаланған  құрылыс материалдарын таңдауында болып тұр. Сол кездері ең танымал қолданылатын материалдар "ұлу" тәріздес материалдары болған. Сондықтан оны барлық жерде пайдаланды. Әрине, кейіннен кеңестік модерн мен ұлттық елементтер стилі пайда болды.    

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Сурет ҚР орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжаттар және дыбыс таспалары бөліміне тиесілі. 

Айтпақшы оқушылар сарайының күмбезіне көмкерілген алтын түстес** -- ** жаппа көршілес ғимараттарда қапталған алтын түстес пластинадан жасалған материал сияқты анотталған аллюминий емес.

- Үлгі ретінде біз қазақ циркнің шатырын алдық. Онда пайдаланылған метал пластиналарының екі қызметі бар, сәндік үшін ғана емес, судан да қорғайтын қызметі бар. Соңынан белгілі болғандай мұндай пластиналардың бір матрицасын дайындауға 2 ай кетеді екен. Біздің уақытымыз шектеулі болатын. Сондықтан да бұл идеядан бас тартуға тура келді. Қара металлдардан жасалған кәдуілгі пластиналарды алтын түсті автокөлік бояуларымен бояп, жасадық. Арзан әрі тиімді шешім. Ол әлі күнге дейін әдемі көрінеді,-деп Төлеген Сыздықұлұлы есіне алады. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Материалдардың шектеулі болуына қарамастан, құрылысшылар кереметтей интерьер жасай білді. Гидромаш зауытында жасалған латунь мен мыс құбырлардан жасалған люстралардың формасы айрықша сызбалар бойынша жасалып, оқушылар сарайы залының көркін кіргізіп тұр. Олардың ішіндегі ең үлкені - салтанат залындағы 7 тонналық люстра. Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Тарылып келетін оқушылар сарайының  ерекше бөлмелерінің формасы жоба авторларының стандарттан тыс шешім қабылдауға жүгінуіне тура келді. Бұл жайында №3 АСО нысанның бас құрастырушысы Болат Мусургалиев айтты.

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

-Драма залын біз театр ғимараттарының барлық талаптарын сақтай отырып жасадық. Өзінің техникалық мүмкіндіктері жағынан ол Лермонтов атындағы театрды басып озатын. Зал 790 орынға арналған. Бір ғана кемшілігі болды: театр механизмі түзу төртбұрышты ғимараттарға есептелген, ал біздің театрымыз сарайымыздың пішініне қарай ассиметриялы болды. 

Сахнаны көру залынан бөлек тік бұрышты қорапша стандартына салып, жоспарлауға тура келді. Бүкіл есепті біз қағазға түсіріп, математикалық есеппен, қолмен сызып отырдық. Қызық, мұндай жағдайда бар нәрсені барынша жобалап есептеуге тырыстық,дейді бас конструктор. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

- Обсерваторияны жобалаған кезде тағы бір қызықты жағдай болды. Республикалық бюджеттен жаңа заманғы Zeiss телескобын сатып алуға ақша бөлінді. Ол жақсы жұмыс істеу үшін қамтамасыз ету жағын қарастыруымыз керек. Сол үшін біз Алматы обсерваториясына келдік. Ғалымдар бізге ауытқуларды азайтып дәл болу үшін  телескоп ғимарат іргетасынан бөлек, басқа іргетаста орнатылуы керек деді. Оны мұнара басына орнатылатындығын ескерсек, бұл жағдай қиынға соқты. Біз ойласа келіп, оқу мақсатына дәлдік қажет емес деп шештік. Сосын ғалымдар бізден осы Zeiss телескобын өздерінің ескі телескопына алмастыруын сұрады. Өйткені оқушылар сарайына бөлінген қазіргі заман оптика ешқандай мүлтіксіз еді. Оқушылар сарайының қазіргі мұнарасында қалған телескоптың қандай екені де есімде жоқ - деп жалғады ойын Болат Мусургалиев. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Құрылыс алаңында.

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Оқушылар Сарайының құрылысы 1983-жылы аяқталды.  Салтанатты ашылу рәсіміне Республиканың басшылары қатысты. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Сурет ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының кинофотоқұжат және дыбыс жазу қорына тиесілі. 

Содан бері бұл мекеме бірнеше онжылдыққа еліміздегі ең басты балалар орталығына айналды. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

Бүгінде оқушылар Сарайында 80 спорттық, ғылыми-техникалық, қолданбалы кескі және көркем бөлімшелер жұмыс істеп келеді. Осы жылдың жазында ол 2015-жылдың қыркүйек айына дейін толық жөндеуге жабылды. Барлық секциялар, үйірмелер мен клубтар, мектептер мен басқа да қаланың білім беру мекемелеріне ауыстырылды.

Оқушылар сарайының басшылығынан жөндеу жұмстары туралы сұрағымыз елген. Алайда 1 аптаға созылған үнсіздіктен кейін бізді білім беру саласындағы жоғары органдарға жіберді. Өкінішке қарай жөндеу жұмыстары жайында олар да мардымды ештеңе айтпады. 

Каким должен был быть алматинский Дворец школьников

- Егер халық өзінің тарихын оқитын болса, ол мақтауға тұрарлық.

Оқушлар сарайы сияқты ғимараттар мәдениетіміз бен тарихымыздың керемет жетістігі саналады. Оларды еш өзгертуге болмайды. Қазіргі сәулет өнері құбылмалы. Айта кетуіміз керек тарихи ескерткіштерге жеңіл қарайды. Бізде ғана емес мәселен, АҚШ-та пост модернизмнің әкесі саналатын Майкл Грейвстің салған ғимаратын сүріп тастады. Біздің ғимараттар да соның кебін кимейді деп үмттенемін,-дейді Төлеген Сыздықұлұлы.

Р. S. Осы материалды дайындау барысында көмектескені үшін "Алматы гипрогор 1" жобалау институтына, сәулетші Төлеген Әбілдаға, конструктор Болат Мусурғалиевке және Орталық мемлекеттік мұражайдың кинофотоқұжаттар және дыбыс таспалар бөліміне фото материалдар ұсынғаны үшін алғысымыз шексіз. 

Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000