HISTORY Oleg Bitner Ботагоз Омарова 21 августа, 2014 13:43

Қарағанды сыра зауытының тарихы

Қарағанды сыра зауытының тарихы
Биыл Қарағанды сыра зауытына 56 жыл толды. Көп жылдан бері зауыт шахтерлер қаласының бренды болып келеді, деп айтуға болады. Онымен қоса, біз қарағандының немен ассоциацияланатынын білеміз – ол көмір, кәмпиттер және сыра.

Алдыңғы ұстамда Қарағандылық сыра зауыты бірінші күннен келеді. Ол 1958 жылы негіздерген, сол жылда –ақ, 1,5 миллион декалитр сыра, 3800 тонн уыт және 300 мың литр алкогольсіз ішімдіктер берді.

Сыраның сапасы қарағандылық зауыт кәсіпкерлерінің басты басымдылығы болған және де бар.

– Қарағандылықтар сыраны жақсы көреді, - дейді Валентина Крыль, техникалық департаментінің қызметкері, Қарағандылық сыра қайнату зауытының байырғысы. – Біздің зауыттың негізделгеніне дейін сыраны 37-ші шахта аймағындағы кішкентай зауытта жасайтын. Сол кезде онда менің мамам жұмыс істейтін, және ол, сыра ашымаққа көбірек ұқсайтын, деп айтатын.

Көбісі неге нақ Қарағандыда үлкен сыра қайнататын зауыт пайда болды деген сұрақ қояды. Мамандар: Қарағанды үнемі үлкен өндіріс орталығы болған және солай болып келе жатыр деп жауап береді. 50-60-шы жылдары шахтерлер қаласында қуатты өндірістер салынған: нан зауыты, кондитерлік фабрикасы, диірмен комбинаты, сүт зауыты, сыра қайнату зауыты. Бірінші сыра қайнататын зауыт қызметкерлерінің ішінде Мәскеу, Ленинград және Одессаның ең жақсы ЖОО-рын бітірген мамандар істеді.

50-ші жылдары сыра ішу модаға кірді, деп естеріне алады кәсіпорынның байырғылары. Қарағандылықтар кәріптас түсті ішімдікті сатып алатын жерлері киоск жанында суретке түсетін.

Фотосурет Рушан Бараевтың мұрағатынан алынды

Қарағандылық сыра зауытының ашылғанына 9 жыл болғанда, 1965 жылы үлкен қайта жаңарту өтті. Қайнататын жерін, ашытату-лагерлік цехін кеңейтті. Сонда жаңа құю цехі салынды, соның арқасында зауыттың куаты бір жылда 4 миллион декалитр сыраға көбейді.

Алкогольсіз ішімдіктер цехінде купажды және квас бөлімі мен құю желісінің жабдықтары ауыстырылды. Ішімдіктердің түрлері 25-ке дейін жетті. Әсіресе, азаматтардың сұранысына жазғы кездері көпшілікке қажет нан квасы ие болды. Ішімдіктердің он атауын Валентина Петровна Крыль жасаған, ол сол үшін ХШЖК медаліне ие болды.

– Бұл жылдары зауытта 60%-ы немістер істеді, - деп Крыль есіне салады, - олар ұқыптылық, жинақтылық және жауапкершіліктікпен еректелетін. Барлық жабдықтар қолмен жуылатын: іштеріне арнайы киімде кіретін, рәзеңке етікпен, сөйтіп, барлығын әбден жуатын.

1972 жылы ашыту бөлімін кеңейтіліп, тағы да 8 ашыту танктерін орнатылды, жетілмеген сыра ашытқысын суытқыштары чехиялық қатпарлысына ауыстырылды.

Миля Энгельман, кәсіпорынның бухгалтері, кеңес үкіметі кезінде сыраға үлкен кезектер тұратын, деп есіне алады. Және ол, сыра зауытының өкілі ретінде, кейде кезекті жарып өтетін. Сөйтіп ол тезірек сыра сатып алатын. Сөз арасында, Миля Энгельман зауытта бұрыннан істейді, ол жұмысты кассир ретінде бастаған.

1978 жылға дейін қарағандылық зауыт Қазақстандағы ең үлкені болды. Бір жыл бұрын, 1977 ж., «Юность» жорналында Евгений Евтушенконың «Северная надбавка» дастаны жарияланған болатын. Ол қарағандылық сыра туралы тамсана жазыпты.

Поэмадан үзінді:

«Когда и где

 последний раз

 я его...

 того...

 Да, боже мой, братцы, –

 в Караганде!

 Лет десять назад всего...»

 Теперь у парня в руках

 весь барак:

 «А как!»

 «Иду я с шабашки

 и вижу –

 цистерна,

 такая бокастая,

 рыжая стерва,

 Я к ней – без порыва.

 Ну, думаю, знаю я вас:

 написано «Пиво»,

 а вряд ли и квас...»

 Барак замирает,

 как цирк-шапито:

 «А дальше-то что!»

 «Я стал притворяться,

 как будто бы мне все равно.

 Беру себе кружечку, братцы,

 и – гадом я буду – оно!»

 «Холодное?» –

 Глубокомысленно

 вопрос, как сухой наждачок.

 «Холеное...»

 «А не прокислое?»

 «Ни боже мой –

 свежачок!»

 «А очередь?»

 «Никакошенькой!»,

 И вдруг пробасил борода,

 рассказчика враз укокошивший:

 «Какое же пиво тогда?».

 Без очереди трудящихся

 Какой же у пива вкус!

Фотосурет Рушан Бараевтың мұрағатынан алынды.

1984 жылы цилиндрлік-коникалық сауыттар бөлімі салынды да сыра ашытудың жаңа технологиясын енгізді. 1985-1986 ж.ж. шөлмекті сыраның өндірісі аяқ астынан түсе бастады. Бұл еліміздегі «Алкоголизммен күресу» Заңы шыққанына байланысты. Зауыттың әйнек ыдысымен қатты ауыршылық туды. Нақ сол кезде әйнек зауыттары сыра шөлмектерін шығаруды қойды. Сонда сыраны арнайы сыра тасымалдаушымен апаратын. Ол 1992 жылы сыра құятын стансияны салуға келтірді.

1989 жылдан 1992 жылға дейін зауыттың қызметкерлеріне арналған гараждар, тұрғын үйлер, дүкендер, кеңсе салынды. Және, әрине, зауытты қайта жөндеу жүргізілді.

Ең қызығы, қуаттарды меңгерудің ең жоғарысы 1990-1991 жылдарына келді. Бұл кездерде сақтау мерзімі 7 күнге дейінгі пастерлеуден өтпеген сыра шығарылды. Және, оған қарамастан, іске асыру Қазақстанның бірнеше облыстарында болып жатты. Одан басқа, сыра Омск, Челябинск, Барнауылға да жіберіліп жатты. Жеткізу автомашиналар мен вагон-рефрижераторлармен жүзеге асырылып отырды.

Ирина Ткачукты зауытқа ата-анасы алып келді. Солай отбасылық кеңесте шешілген. Туысқандарының барлығы зауытта жұмыс істейді, Иринаға сонда бару керек. Ол техникалық қоймасының қоймашысы болып жұмыс істеді.

1992 жылы еліміз дағдарысты басынан кешіп жатты. Сыра өндірісі 1992 жылдан бастап күрт түсе бастайды. Адамдарда ақша жоқ. Зауыттың ұжымы фирмалық сыра саудасына көшеді. Қарағандыда 30-дан астам киоск ашылады, оның ішіне изотермикалық сауыттар қойылады.

– Ол өте ауыр кездер еді, - деп сыра зауытының қызметкерлері естеріне алады. – Бірақ, адамдар жұмыстан кеткен жоқ. Сол ауыр кездері шыдаған көбі қазір де зауытта жұмыс істеп жүр.

Фотосурет Рушан Бараевтың мұрағатынан алынды

1994 жылы алғашқы рет Қазақстанда нақ қарағандылық мамандарымен бидай уыты мен сол уытты қолданумен «Сары-Арқа» сырасының жаңа сұрыпын өндіру технологиясы шығарылды. Бір жыл кеш ескірген дақталған қазандар дақталмайтын болаттан жасалған 6-ыдыстық ретке ауыстырылды. Сол зауыттың Одақ ыдырау кезіндегі ең ақырғы жөндеуінің кезеңі,себебі, бір жылдан соң өндіріске өте қиын болды.

Қайта құрудан бұрын мемлекет өнімнің сапасын жақсарту мәселелерін шешуге тырысқан еді. Ол үшін арнайы бағдарламада жасалған еді, мысалы, өнімнің сапасын басқарудың кешенді жүйесі. 1986 жылы өнімнің мемлекеттік қабылдауын нығайту үшін барлық кәсіпорындарға «Сапа» бағдарламасын дайындауға нұсқаулар берілді. Бірақ, оның жүзеге асуының тағдыры жоқ екен – зауыттың қажетті жабдықтарды ауыстыруға қаражаты болған жоқ. 1996-да кәсіпорын салықты да төлей алмады. Сыраны іске асыру ең төмен деңгейге дейін түсті – жылында 7 мың литр. Сыра зауытын банкротқа ұшырады, деп жариялады, оны «Бутя» фирмасы сатып алды.

Владимир Заплахов зауытта 20 жылдан астам жұмыс істейді. Қазір ол жобалар бөлімінің бастығы. Және, ең қызығы, бір кезде ол нақ осы лауазымға жұмысқа аланған болатын. Көп жылдар өтті де, барлығы өз орнына келді. ОЛ тағыда сол креслода, сонымен қоса, мансап баспалдағының көп сатысынан өтіп үлгерді. Енді, қазір, көп жылдан кейін, өз ұжымын мақтан ететінін және өзі ешқашан өз жұмысын басқаға ауыстырмас екенін, айтады.

Зауыт ашылғаннан бері сыраның 20-дан астам атауы мен сұрыптары шығарылды: Жигулевское, Ленинградское, Московское, Рижское, Ячменный колос, Сары – Арқа, Крестьянское, Шахтерское, Огни Магнитки, Экстра, Карагандинское классическое, Карагандинское оригинальное, Карагандинское светлое, Карагандинское крепкое, Старый мельник. Қара сұрыптардан: Украинское, Бархатное, Мартовское, Карагандинское . Шынында, өзінің бар барлық жылдары зауыт құлмақты Украинадан алатын. Тек, ақырғы жылдарында ғана – Германиядан.

Фотосурет Рушан Бараевтың мұрағатынан алынды.

Бір кездері Надежда Мишенконың кондитер болғысы келген екен. Ол құрбысыекеуі Ресейге оқуға түсуге барды. Бірнеше күн өтпей-ақ, Қазақстанды, үйлерін сағына бастады. Сонда Надежданың ойына сұмдық жоспар енді: емтиханнан құлау керек. Бірақ, ол не істесе де, бұл ойы оған көнбеді. Ол ұпайларды жинап, түсіп кетті. Бірақ, ол кондитерге емес, сыра қайнатушыға оқыды.

Надежда Мишенко – сапаны қадағалау бөлімінің бастығы, және оған ақ халат жарасып тұр. Ол мүмкін дәрігер бола алатын еді, бірақ, ол өзінің орнында екеніне сенеді де, өзінің жұмысын жақсы көреді. Зауыттағы бірінші күнінен-ақ басқару лауазымында. Бір оқиға болды, оны жас маман деп тыңдамапты, сонда ол зауыттан кеткісі келіпті. Бірақ, басқарма сонда –ақ оның жақсы бастық екенін байқап қалған екен, оны қалуға көндіріпті.

1997 жылы зауытты түрік «Эфес» компаниясы сатып алады. 1998 жылда кәсіпорынның кезеңді жөндеуі басталады. Осы жылдары цехтің қуаты көтерілді, сыраның сапасы және дизайні жақсарды, сақтау мерзімі 6 айға дейін көбейтілді. Ыдыстарды жәшіктерден шығару және жәшіктерге дайын өнімді салу бейнетті үдерістер механизацияланды. Кәсіпорын жаңадан дем ала бастады.

2001-де қайта жөндеу бітті. 2000-2002 жылдары сомасы 100 мың долларға жаңа зерттеу жабдықтары орнатылды. Ол шикі зат пен дайын өнімдердің тереңірек және нақты анализдерін өткізуге мүмкіндік берді.

Зауыттың қайта құрылуы мен жаңа енгізулері «Эфес Қарағанды» компаниясының бірінші бас директоры Мустафа Хаккы Акынның басқаруымен өткізілді. Қызметкерлердің айтуы бойынша, өте ақылды адам, жақсы жетекші, оның алдында барлық ұжым бас иетін. Әр біреунің көңілін таба және үдерісті ұйымдастыра білетін, соның арқасында зауыт өте тез көтерілді. Ол жаңа ғана өз орнына келген кезде, былай деген: «Мен Сіздерге 10 жылдан кейін осы зауытты танымай қалатыныңыздарға ант етемін». Бірақ, зауыт жақсы жақа тезірек өзгерді. 2002 жылда–ақ бас директор Алматыдан кеңсе ашты да сонда жаңа зауыт – қарағандылықтың бөлімшесін сала бастады.

Зауыттың қайта жөндеуіне Efes Anadolu Groupтехникалық директорыжәне әлемдік сыра қайнату арасында танымалы маман Хорст Мюллер қатысты. Ол алғашқы байқауларын жасайтын, не істеу қажет екенін анықтайтын, және жұмыс жүріп жатқан кезде жиі Қарағандыға келетін. Осы саладағы екі тамаша сарапшы - Томас Швиндт және Гани Кучуккомурджу (екеуі - суретте) оған көмектесетін.

Бүгінгі күні зауыт ұжымының кеудесінде көптеген медальдер, грамоталар және халықаралық деңгейдің мойындалуы бар. 1997 жылы – Карагандинское сырасы үшін алтын медаль, Шахтерское сырасы үшін алтын медаль және Огни Магнитки үшін күміс медаль, 2002 жылы Мәскеудегі Халықаралық көрмеде Карагандинское солай-ақ алтын медаль алды. 2004 жылда сияқты, Сочидегі халықаралық «Сыра-2004» көрмесінде Карагандинское светлое тағы бір алтынға лайықталғанда. Осындай нәтиженің құпиясы неде? Жауабы қарапайым: «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» қызметкерлерінің әр біреуі үшін бастысы – кәсіпкерлік, еңбекке қабілеттілік және осы іске деген жауакершіліктік.

Сыра зауытының тарихын әңгімелей отырғанда, белгілеп кетпеуге болмайды, «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» 2004 жылдан бастап көп жыл қатарымен «Музыкар» рок-музыкасының фестивалін өткізді. Осы жылдары Қарағанды Илья Лагутенко, Земфира, «Танцы Минус» және көп басқа топтарды қарсы алды. Айтпақшы, Карагандинское сыраның өзі «Қазбренд-2011» рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстанда №1 болды.

Осы нәзік қыздың мойнында кәсіпорынның барлық қоймасы жатыр. Алла Атамбаева - қоймалар бастығы. Кеңес Одағы кезінен бастап өндірістік қуат 10 есеге жуық көбейді.

«Біздің күшіміз командада!» - дейді бір ауыздан әңгімелесуге мүмкін болған зауыттың қызметкерлері. Кәсіпорынның кіре берісінде компанияның барлық қызметкерлерінің аттары. Ол тек жай ғана креатив емес. Ол әр адам бөлек салған үлесінің көрнекті көрсетуі. Бұнда әр қызметкер бағалы. Нақ сондықтан адамдар зауытта 20-30 жылдан жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш емес пе?

Сыраны жақсы көретіндер мен Қарағандылық сыра қайнату зауытының тарихын білгісі келетін барлығы үшін жақсы жаңалық. Осы сенбіде, 23 тамызда, күндіз сағат 13-те барлық қалаушылар үшін сыра зауыты өз есігін ашпақ. Ол үшін [Facebook-тағы «Карагандинское» сырасының парақшасы] (https://www.facebook.com/Karagandinskoe "") арқылы ресми шақыру алу керек.

Фотосурет Рушан Бараевтың мұрағатынан алынды.

Осы тақырыптағы репортаждар:

Қазақстандағы рок-н-ролл: бизнес пе әлде әуестік пе?

Қазақстандық Кулибин

Бөліс
Oleg Bitner
Oleg Bitner