HISTORY 20 июня, 2013 11:47

«Қайрат» қалай шынығып еді

«Қайрат» қалай шынығып еді
Келесі жылы «Қайрат» футбол клубының 60-жылдық мерейтойы болады. Бүгін біз аты аңызға айналған ұжым туралы әңгілеп береміз. Біздің тарихқа қысқа шолуымыздан кейін сіздерді «Қайрат» ФК vs халық» атты біздің байқауымыз күтеді. Байқаудың жеңімпаздары ойын консольдарында клубтың қазіргі футболшыларымен футбол ойнайтын болады.

Бірақ, барлығын рет-ретімен айтайық. Барлығы Ұлы Отан соғысы кезінде мәскеулік «Спартак»-тің негізін қалаушысы ретінде танымал болған кеңестік футболдың патриархы Николай Петрович Старостин мен оның бауырлары Қазақстанға жер аударылған кезде басталған болатын. Қудалау кезінде Николай Петрович алматылық «Динамо»-ға жетекшілік еткен, ал 1954 жылы сол ұйымның негізінде «Қайрат» ФК құрылды.

Алты жылдан кейін алматылық ұжым қазақстандық футболдың тарихында алғашқы рет жоғарғы дивизион командалары арасындағы КСРО чемпионатына қатысты. Біздің клубтың алғашқы голы тек алтыншы турда ғана соғылды. «Қайрат» сырт алаңда 1:2 есебімен мәскеулік «Локомотивке» ұтылды.

1960 жылдың маусымында алматылықтар алғашқы жеңісіне жетінші турда, минсктің «Динамосын» 2:0 есебімен ұтып, қол жеткізді. Екі допты да қазақстандық команданың аты аңызға айналған ойыншысы Тимур Сегізбаев соқты.

- Осы алғашқы голдар, - дейді Тимур Санжарұлы, - менің кейінгі тағдырымды белгіліп берді. Мен сенімділікке қол жеткіздім...

1958 жылдың 19 тамызында жарық көрген «Казахстанская правда» газетінен үзінді: «... Алдыңғы демалыс күні еліміздің «Б» тобының біріншілігі аясында алаң иелері «Қайрат» пен пермдік «Звезда» арасында өткен матчқа жаңа Орталық стадионға мыңдаған жанкүйерлер жиналды. Бұл «кіші Лужникида» өткен алғашқы спорттық шара еді. Көрермендер де, спортшылар да стадионға жоғарғы баға берді. 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Екінші кезеңнің оныншы минутында осы стадионда соғылған алғашқы голдың авторы В. Иванушкин атанды».

Юсуп Шадиев

1958 жылдың 4 қарашасында «Казахстанская правда» «кіші Лижникида» өткен алғашқы халықаралық кездесу туралы хабарлады. 2 қарашада Қайрат финдік «Коткан Тюевлен Палолойлият» командасын қабылдап, қарсылас қақпасына алты жауапсыз доп соққан.

Е. Кузнецов. Орталық стадион

1963 жылы «Қайрат» XXII-ші КСРО кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық командалары ішіндегі ең үздік жетістікке қол жеткізді. Бірақ, донецкілік «Шахтерға» қарсы болған ойында «Қайрат» қосымша уақытта өз қақпасына гол соққызып алды. Алматылықтар 1:2 есебімен жеңісті қолдан жіберіп алған болатын. Клубтың ардагері Анатолий Константинович Лукьянович сол кездерді есіне алуда:

- Біздің ұжым достығымен мықты еді. Біз ешқашан келімсек, жергілікті болып бөлінген емеспіз. Барлығы да жергілікті деңгейдегі жұлдыздар еді. Қайсыбірін бөліп айту қиын. Сергей Квочкин – Құдай берген шабуылшы еді. Әр екінші матчта гол соғатын. Владимир Скулкин алаңды жақсы көруімен ерекшеленді. Степанов кез келген қақпашыны тұйыққа тірейтін өзінің күшті соққыларымен танымал болды. Мальцев жүгірісі жақсы еді. Ойындарындағы ерекшеліктер Владимир Асылбаев, Анатолий Ченцов, Тимур Сегізбаев, Диас Омаровтардың әрқайсысында бар еді... Ел кубогін ұтып алған «Шахтермен» өткен ойында жолдары болмады.

Тимур Сегізбаев (оң жақта)

«Қайрат» (Алматы) – «Нефтчи» (Баку) матчының алдында

1971 жылы алматылықтар кеңестік клубтардың ішінде бірінші болып Теміржолшылардың халықаралық спорттық одағының кубогін жеңіп алды. Бұл халықаралық деңгейдегі жеңіс еді. «Қайрат» Кошице қаласының «Локомотив» (Чехословакия) командасын өз алаңында 4:1, ал сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Финалдық ойында Бухаресттің Рапид (Румыния) клубымен күш сынасуы керек еді. Бухарестте біздікілер тең түсіп, ал 32 мың жанкүйер жиналған алматылық Орталық стадионда «Қайраттың» капитаны Сергей Рожков соққан голдың арқасында жеңіске жетті. «Қайраттың» сол кездесудегі қақпашысы еске алады:

- Бұл жеңістің орны ерекше. Оны тарихи деп атауға болады. Осы жеңістен кейін біз бәріміз КСРО спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтарына қол жеткіздік. Бұл бәріне бұйыра бермейді.

70-ші жылдар. Доппен Сергей Стукашев. Орталық стадион

Клуб тарихында КСРО ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен көптеген спортшылар бар. Жастар және олимпиадалық құрама командаларында Александр Хапсалис, Вахид Масудов, Вадим Степанов, Фарид Хисамутдинов және басқалары өнер көрсеткен.

КСРО ұлттық құрама командасында ойнаған футболшыларды ерекше атап өткіміз келеді. «Қайраттан» ұлттық құрамада ең алғаш Олег Долматов пайда болып, соның қатарында 1967–1971 жылдар аралығында 14 ойын өткізген. Ол бірнеше рет КСРО-ның 33 үздік футболшылары қатарына енген. «Қайрат» ойыншысы Евгений Яровенко 1988 жылы олимпиада чемпионы атанды.

1976 жылы алматылық «Қайрат» қазақстандық командалардың ішінде алғашқы болып КСРО бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ал 1983 жылы команда осы сайысты екінші рет ұтты.

1986 жылы алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов (фотосуретте – оң жақта) «Футбольное обозрение» телебағдарламасы жүргізген сауалнамасы бойынша, КСРО 49-шы чемпионатындағы ең үздік голдың авторы атанды. Дәл сол жылы «Қайрат» КСРО-ның жоғарғы лига командалары арасындағы чемпионатта 7-ші орынды иеленді.

1992 жылы, еліміз егемендік алғаннан кейін, еліміздің алғашқы тәуелсіз чемпионатын ұтып, Қазақстан Кубогі иегері атанды. Жігіттер осы жетістіктерін 2000, 2001, 2003, 2004 жылдары қайталай алды. Клуб тарихында бәрі де ойдағыдай болған емес. 1998 жылы команда екіге бөлініп кетті - «ЦСКА-Қайрат» және СОПФК «Қайрат». Соңғысын бизнесмен Болат Әбілов қаржыландырды. 2001 жылы «Қайрат» қайтадан бірігіп өнер көрсете бастады. Бес жыл бұрын демеушілердің бірі қаржыландыруын тоқтатып, сол себепті клубтың лицензиясы тоқтатылды. 2009 жылы «Қайрат» бірінші лигада ойнап, қорытындысында жеңіске жетті. Осылайша, футбол ұжымы премьер-лигаға қайта оралды.

2012 жылы клубтың иесі болып «ҚазРосГаз» ЖШС энергетикалық компаниясы атанды. Олар клубтың 70 пайызын иеленді. Қалған 30 пайызы Алматы әкімдігіне тиесілі. Осы сәттен бастап, клубтың жаттықтыру базаларын салуға ірі көлемді қаражат бөліне бастады. Бас бапкер болып словак Владимир Вайсс тағайындалды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында «Қайрат» бірнеше рет ел Кубогінің иегері атанып, тіпті УЕФА Чемпиондар лигасында да өнер көрсетті. Клуб шарықтауды да, құлауды да, қаржылық қиыншылықтарды да және басқаларды басынан өткерді. Осының бәріне қарамастан, «Қайрат» жай клуб емес, ол алпыс жыл бойы бүкіл қала мен елдің тірі аңызы болып келеді.

Енді назар аударыңыз: «Қайрат» ФК vs халық!» байқауы.

Құрметті оқырмандар, біз сізге «Аула футболы» тақырыбында фотосурет жасап, оны Instagram қосымшасына орналастыруды ұсынамыз. Міндетті шарты – фото астына #technodom #samsung_kz #voxpopuli_kz #fckairat хештегтерін қою.

28 маусымда, құрамына «Технодом», Samsung компаниялары және Vox Populi редакциясының өкілдері кіретін қазылар алғасы байқау қорытындысын жариялайды. Ең қызықты суреттер жіберген бес жеңімпаз ойын консольдарында «Қайраттың» қазіргі ойыншыларымен футбол ойнайтын болады. Оған қоса, жеңімпаздар байқау демеушілері - «Технодом» және Samsung компаниялары ұсынған сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға тек қана Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары қатыса алатындығына ерекше зер салғымыз келеді.

Бөліс