Эксперимент Эльвира Абдусалямова 15 августа, 2015 10:00

Эксперимент: Бір баланы саябаққа қыдыртуға қанша ақша керек

 Эксперимент: Бір баланы саябаққа қыдыртуға қанша ақша керек
Фото: Мухтар Жиренов
Оқушылардың барлығы демалыста, ал ата-аналары кезекті еңбек демалысында деп есептеген жаздың шуақты бір күнінде, біз, эксперимент жүргізуге бел байладық: яғни бір баланы саябақта ондаған аттракциондарда ойнатып, балмұздақ, тәттілер мен салқын сусын сатып әперіп, бір күнін бақытқа бөлеу құны қанша тұратынын анықтауға тырыстық. Ол үшін қаламыздағы ең танымал, отбасылардың сүйікті орнына айналған, халық арасында "Горький саябағы" аталып кеткен - Орталық мәдениет және демалыс саябағын таңдап алдық.

Центральный парк культуры и отдыха, Алматы
Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Алматы

Бақытты экспериментатор болу сәті он бір жасар Бахтиярға бұйырды. Ол бесінші сыныпқа көшкен. "Аякса" академиясында кәсіби түрде футболмен айналысады, жартылай қорғаушы.

— Аптасына үш рет футболға барамын, ал сенбі күні бізде дзюдо болады. Футбол ойнаған маған өте ұнайды, ол менің өмірлік ісім болғанын қалар едім. 

Біз жақын маңдағы кассаға жеткенімізше, ол аттракциондар саябағына қаншалықты жиі келіп тұратындығы жөнінде айтып берді:

— Мен, әрине, аттракциондарда ойнағанды өте жақсы көремін. Бірақ, жиі келуге мүмкіндік болмай жатады. Өзіме қатты ұнайтын аттракциондарды атап айтатын болсам, олар: «сюрприз», «цепочная», «чашки» және «колесо обозрения».

Бүгінгі сейсенбі есте қаларлықтай күн болатын түрі бар. Сағат тілі күндізгі 12.00 көрсетіп тұрғанмен, саябақта адам қарасы көбейіп қалған. Халықтың жұмыс күндері де демалуыға уақыт табатындықтары көңілді қуантты. Байқағанымыздай саябақтың бұрыш-бұрышында адамның терісіне бояумен сурет салып беретін суретшілер, яғни аквагрим шеберлері орналасыпты. Бірақ Бахтияр өзінің ол жастан асып кеткенін айтып, аквагрим салғызудан бас тартты. 

Егер сіздің балаңыз біздің кейіпкеріміздің жасынан кішірек болса, онда ол міндетті түрде аквагрим салғызғысы келетіні анық. 


Касса в Центральном парке культуры и отдыха
Орталық мәдениет және демалыс саябағының кассасы

Міне алғашқы касса нүктесіне де келіп жеттік. Бахтиярға ұнайтын аттракциондардың барлығы жұмыс жасап тұр екен. Әзірге ол «Цепочкаға», «Замок страха» мен «Корридаға» билет сатып алды.

"Цепочканың" 1 билеті 400 теңге тұрады. Аттракционның ойнау уақының ұзақтығы 3 минут. Салыстырмалы түрде біз билет құнын бөлке нанмен өлшеуді жөн санадық. Барлығымыз білетіндей нанның бағасы 65 теңге, тиісінше "цепочкадағы" 3 минуттық ойын алты бөлке наннан артып жығылды.  

1 билет = 6,2 бөлке нан.


Цепочная карусель, Центральный парк Алматы
Цепочка, Алматының орталық саябағы

— Маған ұнады! Мен бұл аттракционды жақсы көремін, сондықтан да бүгін ең бірінші осыған мінуді шештім, - дейді қуанышы қойнына сыймай, пікірімен бөлісіп тұрған біздің батырымыз. 

Біздің келесі аялдамамыз — «Замок страха». Қорқыныштар әлеміне 3 минутқа кіріп шығу құны 350 теңге. Біздің кейіпкеріміз өте батыл екен, сондықтан да ол жаққа жалғыз өзі кіріп кетті. 

1 билет = 5,4 бөлке нан.


«Замок страха», Центральный парк Алматы
«Замок страха»,  Алматының орталық саябағы

Қызықты да қорқынышты көріністі тамашалауына кедергі жасамайық деп біз сыртта қалдық, дегенмен оның ол жақтан шыққан кездегі түрін түсіріп алып үлгердік. 

— Шынымды айтсам, жалғыз болғандықтан мен өте қорықтым. Оның үстіне маған бірнәрсе шашып жіберді!

Келесі кезекте «Коррида» болды, оған барар жолда кассадан тағы бірнеше билет сатып ала салуды жөн көрдік. «Колесо обозрения» мен «Звездные войны» билеттері таңдалды.

Өгіздің үстінде бір минут тербелу 300 теңге тұрады.  Оның үстіне біздің кейіпкеріміз 1 минут шыдап тұра алатыны тағы сұрақ, дегенмен біз оған қолдау көрсеттік. 

1 билет = 4,6 бөлке нан.


«Коррида», Центральный парк Алматы
«Коррида», Алматының орталық саябағы

Бүгінгі серуен барысындағы ең бір қызықты сәт болған сияқты:

— Бұл нәрсе маған өтте ұнады! Мен "өгізге" бірінші рет мініп тұрмын. Тағы да мініп көргім келеді. Керемет! — дейді Бахтияр, көздері балбұл жанып.

Бірер минут өткеннен кейін "Звездные войнға" да келіп жеттік. Бір қарағанда өзі бір картингке ұқсас дүние екен. Бүгінгі аттракциондардың ішіндегі ең қымбаты әзірге осы болды, бағасы бақандай 500 теңге. Бірақ, ойнау уақытының ұзақтығы басқалардікіндей 3 минут.

1 билет = 7,7 бөлке нан.


«Звездные войны», Центральный парк культуры и отдыха, Алматы
«Звездные войны», Алматының орталық мәдениет және демалыс саябағы

— Бұл да бір өзінше ұнады. Бұл жерде бір-біріңді соғып ойнаған қызығырақ болады. Ал ол жерде көптеген кішкентай қыздар болды, сондықтан соқпадым. Ал үлкен ағаны соғуға батылым жетпеді, - деп күліп қояды, өз пікірімен бөлісіп жүрген Бахтияр. 

Бұл аттракционға қарама-қарсы «Колесо обозрения» орналасыпты. Әсем қаламызды төбесінен, әдемі көріністерін 9 минут тамашалағаны үшін қала тұрғындары 350 теңге төлейді екен.

1 билет = 5,4 бөлке нан.


«Колесо обозрения», Центральный парк культуры и отдыха, Алматы
«Колесо обозрения»,  Алматының орталық миәдениет және демалыс саябағы

— Бәрі анық, тамаша көрінеді екен... Өзім футбол ойнайтын стадионды көрдім, бірақ үйімді көре алмадым, - дейді Бахтияр. 

Осы аралықта біз «Веселые горкиге» билет алдық және тағы бір мәрте  «Корридаға» билет алдық. Себебі сол "өгізге" біздің кейіпкеріміз тағы бір мәрте мініп көргісі келген еді.

Аттракционның уақыты — 3 минут (7 айналым). Билет құны 400 теңге.

1 билет = 6,2 бөлке нан.


«Веселые горки», Центральный парк культуры и отдыха
«Веселые горки», Орталық мәдениет және демалыс саябағы

— Маған онша ұнаған жоқ! Бірнеше айналымнан кейін жүрегім айнып кетті. Енді бұған мінгім келмейді! — дейді қабағы шытылып кеткен біздің экспериментатор.

Бахтияр өзі ұнатпаған аттракционның әсерінен тез арылып, енді өзіне қатты ұнап қалған "өгіздің" үстіне қайта жайғасты.

Ал біз осы уақыт ішінде тағы да 4,6 бөлке нан алып үлгердік.

«Корридадан» кейін  Бахтияр аз ғана үзіліс жасап алғысы келді, салқын сусын ішуді жөн көрдік. Біздің экспериментаторымыз аралас тәтті «слаш» ішемін деді.

1 стақаны = 250 теңге= 3,8 бөлке нан.

«Восьмое чудо света» деп аталатын аквапаркке жиналған адам кезегі ұзын-сонар. Демалыс күндері қандай болатынын елестету тіптен қиын. 

Үзілістен кейін Бахтияр күш-қуатын жиыстырып, өз күшін енді «Велосипед» теуіп сынап көрмекші болды.

1 билет = 300 теңге = 4,6 бөлке нан.


«Велосипед» в Парке культуры и отдыха, Алматы
«Велосипед» Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Алматы

Біздің батырымыз өзінің эмоциясын жасыра алмады.

Шаршаса да бақыттан көздері жайнап отырған Бахтияр, аяқтарының өте шаршағанын айтып, сәл тынығып алғысы келді. 

— Маған өте ұнады! Бірақ сәл қорқынышты болды, әсіресе өзеннің үстінен өткен кезде қатты қорықтым. Дегенмен, қорқынышты да қызықты, керемет! Егер "Велосипед" пен "Коррида" арасында таңдау жаса десе, мен бірақ бәрібір «Корриданы» таңдар едім!

«Пират» аттракционына кезек күтуден жалыққан Бахтияр интерактивті тирде өзінің мергендігін сынап көрмекші болды.

5 оғы = 250 теңге = 3,8 бөлке нан.

— Мылтықты көтеріп ату өте ауыр екен, бірақ маған ұнады. Мен межеге екі рет тигіздім.


Сладкая вата в Парке культуры и отдыха
Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы "Тәтті мақта"

Бір метр сайын орысша "Сладкая вата", біз өзімізше қазақшалаған "Тәтті мақта" сатылып жатыр. Бірақ көбісі, дайын пакеттерде салынып қойған екен. Бір жерде әр адамға жеке, бірдегеннен дайындап беріп, сатып жатқан қызды көрдік.

Қантты мақтаның  біреуі = 200 теңге = 3 бөлке нан.

— Мен "қантты мақтаны" өте жақсы көремін! Ауызға салғанда керемет ериді!, — дейді біздің кейіпкеріміз мәз болып.


Испытание меткости, Центральный парк культуры и отдыха
Мергендікті сынап көру, Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Енді біз, саябақтағы ең атақты пойыз жүретін бөлігіне қарай жүрдік. Жол жөнекей, теннистің доптарымен банкілерді ұрып ойнайтын жерде, Бахтияр өзінің мергендігін тағы бір мәрте сынап көрмекші болды. 

Біздің кішкентай кейіпкеріміз өте мерген болып шықты: үш рет лақтырғаннан үстелде бір ғана банка қалды. 

3 рет лақтырғаны = 300 теңге = 4,6 бөлке нан.

Міне атақты  «Пойызға» да жеттік. Сыйқырлы саяхаттың ұзақтығы— 10 минут.

1 билет = 450 теңге = 6,9 бөлке нан.


Волшебное путешествие на поезде, Центральный парк культуры и отдыха
Сыйқырлы саяхатқа қыдыру, Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Осы  саяхаттағы ең керемет тұсы — сыйқырлы қамалға кіру. Бұл жерде ертегі кейіпкерлері, Белоснежка мен оның жеті ергежейлі достары өмір сүреді. 

Өте қызық, қуыршақтар қимылдайды, арбаларда бір бірін тасиды, әртүрлі дауыстар шығарады. Бәрі құдды шынайы тәрізді. 

— Бәрінен бұрын ұнағаны маған - қамал. Саябақты айнала қыдырған да ұнады, дегенмен қамалдың ішіне кіргенде, басқа бір әлемге еніп кеткендей боласың. Бұл жерде тағы индеецтер жүретін, бірақ мен бүгін оларды көре алмадым... 

Бүгінгі қызықты саяхаттың соңы батутпен аяқталды. Батут баланың бойы мен салмағына қарай бөлінеді, біздің кейіпкерміз үшін - 300 теңге екен.

5 минут = 4,6 бөлке нан.


Батут в Центральном парке культуры и отдыха, Алматы
Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы батут, Алматы

— Батут — өте керемет! Мен әртүрлі сальто жасадым. Бірақ кішкене бір жерлерімді ұрып алдым, ештеңе етпейді, жазылып кетеді - деп бізді жұбатып қояды өзінше.

Бүгінгі эксперименттің соңында Бахтияр өзіне банан дәмі қосылған балмұздақ сатып алды және бүгінгі күн өзіне қатты ұнағанын айтты.

1 шарик = 200 теңге = 3 бөлке нан.

Сонымен, бүгінгі бір балаға жұмсаған соммамызды есептейтін болсақ, барлығы 4850 теңге жұмсадық.

4850 теңге = 74,6 бөлке нан.

Есте сақтаңыздар! Бұл тек бір ғана балаға жұмсалған ақша. Әрине, кейбіреулеріңіз бір-екі ғана аттракционға мінгізе саламын деп ойлауларыңыз мүмкін, бірақ үшіншісіне мінгісі келіп тұрған балаға, "жоқ ол балалар міне берсін, сен мінбейсің" деп қалай түсіндіресіз, балаңызға. 

Vox Populi алдымен Алматы қаласындағы орташа жалақы құнымен есептегіміз келген. Бірақ ресми түрде орташа айлық жалақы 150000 теңгені құрайтын болғандықтан, экспериментіміз дұрыс болмай шығатынын түсіндік. Себебі, ондай жалақыны, сатушы да, мұғалім де, дәрігер де алмайтынын бәріміз білеміз, дегенмен де әркім өз баласына бақытты балалық шақ сыйлағысы келетіні анық... 

Бөліс
Эльвира Абдусалямова
Эльвира Абдусалямова
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000