BUSINESS Айнур Калдыгулова 9 июня, 2015 11:00

Қазақстанда жасалған: Айса атаның фазендасы

Қазақстанда жасалған: Айса атаның фазендасы
Фото: Григорий Беденко
Бақша өсіру Қазақстанда шығынды сала болып астыртын жарияланған. Көкөніс пен жеміс-жидектердің бағасы көрші елдердегі іскерлердің мүддесіне сай өзгеріп, реттеліп отырады. Қазақстанда аграрлық бизнес жүргізудің қиыншылықтары туралы журналист Айнұр Қалдығұлова біліп қайтқан еді.

«Айсы атаның» фермасы деген атпен белгілі болған шаруа қожалығы Алматы облысындағы Ақши ауылынан 10 шақырым жердн орналасқан. Шаруа қожалығының аты құрылтайшылардың бірінің майдангер-атасының атымен аталған екен. Айта кету керек, фазенданы бір кездері дұрыс тамақтанумен айналысуға бет бұрған бір отбасы басқарады.

Біз барлығымыз дұрыс тамақтану денсаулық кепілі болғандықтан, ол туралы ойланатынбыз. Баршамызға белгілі болғандай, біз не жесек сол екенімізді ұмытпаған жөн. Бірақ басты сауал - біз осы не жейміз? 

Дұрыс тамақтану идеясы отбасылық жұпты фермерлікпен айналысуға итермелеген екен. Динара Малкенова — фазенда қожайыны әңгімелейді:

Біз барлығымыз дұрыс тамақтану денсаулық кепілі болғандықтан, ол туралы ойланатынбыз. Баршамызға белгілі болғандай, біз не жесек сол екенімізді ұмытпаған жөн. Бірақ басты сауал - біз осы не жейміз?  Қазір дүкен сөрелерінде балғын жеміс-жидек пен көкөніс көрмейсіз, барлығын сырттан әкеледі, ГМО және селитрамен өсірілген. ГМО бүйреккке тас бітудің ең алғашқы себебі. 

— Біз ГМО қосылмаған көкөніс пен жеміс жидектер сататын дүкендерді көп іздедік, бірақ бізді қытай өнімдері басып қалды. Өздеріңіз білесіздер Қытайдан әкелінген қиярлар қандай болатынын, жылтыраған, сопақ, дәмі де жоқ. Сол кезде бізге фермерлікпен айналысу туралы ой келді. Өзімізде жер болды, бірақ өңделмеген, сол себептен біз мұнда ештеңе отырғызбағанбыз. Алдымен жылыжай құрал-жабдықтарын таңдадық, барлығын Ресейден алдық.

— Бір жылыжай 3 миллион теңгеге келеді, инвесторлар шақырмадық, барлық қаражат өз қалтамыздан шықты.

Біздің көздеген аудиториямыз — өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтануды көздейтін адамдар. 

Осы жылыжайда біз қияр қалай өсетінін және суару қалай жүргізілетінін көрдік. Суару арнайы шлангылермен жасалады, су  фазенданың жанынан қазылған артезиандық ұңғымалардан келеді. Қожайындардың айтуынша су мұнда ерекше дәмді.

Қиярларды түптейтін жергілікті жұмысшылар да осы отбасы мүшелері болып шықты.

Айса — ферма басқарушысы, ертеректе құрылыс саласында жұмыс істеген. Ол Қазақстанда бизнес жүргізу тақырыбында өз ойларын бөлісті.

— Бізде туыстар жұмыс істегендіктен, біз оларға жақсы айлық төлейміз. Орта есеппен олар 60 000 теңге айлық алады. Әзірше осы бар күшіміз жеткілікті болуда, кейіннен әрине сырттан жұмысшылар жалдаймыз. Бірақ мұнда бір қиыншылық бар, жергілікті жастардың барлығы қалаға ұмтылуда, қаладағы қиыншылықтарға қарамастан.

— Мұнда керемет қой, таза ауа, азық түлік дегеніңіз табиғи таза, қалада стресс көп. Сондықтан да мен фермерлікпен айналысуға бел будым.

— Қиыншылықтар мұнда ауылшыруашылығы саласында көп нәрсе түсінбейтін адамдарда ғана емес, — деп ойын жалғастырады қожайын, — қиыншылықтардың бастысы өндірілген өнімді сата білуде. Мысал үшын бізде қияр, бұрыш, қызанақ, қауын, қарбыз бар. Барлығы органикалық өнімдер, химиялық қоспаларсыз, бірақ біз оларды сата алмаймыз.

— Біріншіден біз көрші елдердегі бақшашылармен бәсекелесе алмаймыз. Өзбекстан мен Қырғызстанда барлығы ерте піседі, сол себептен де олардың өнімдері біздің базарларда ерте пайда болады. Оларда өнімді жинайтын, жеткізетін жұмыс күші арзан. Екіншіден, олар тіпті өзіміздің жергілікті өндірушілер болса да, олар әлбетте ертерек өнім алу үшін химиялық қоспалар қосады. Бізде отандық сатып алушы әлі саналы түрде дұрыс тамақтанудың маңыздылығын әлі де толығымен түсіне алған жоқ, бізде көбінесе бағасына қарайды. Ал біздің өндірген өнімдеріміз орташа бағадан сәл жоғары болады.

Фермерлік шаруашылықта, тірі жәндіктер де бар екен, соның ішінде үйректер де бар.

— Үйректер бізде көп емес, олар әшейін өзімізге. Болашақта жылқы өсіруді жоспарлап отырмыз, қымбаттары болмауы мүмкін, әрине бірақ бір нәрседен бастауымыз керек.

Бизнесмендердің сөзіне сенсек, олар супермаркеттер мен мейрамханаларға табиғи өнім жеткізу бойынша қызмет көрсетпекші.

Сәуле Мусина, өздерінің көздеген аудиториясы мен бизнеске субсидия жасау бойынша өз ойларымен бөлісті .

— Біздің көздеген аудиториямыз — өздерінің денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанатын адамдар. Яғни, органикалық өнімдер үшін сәл қымбатырақ төлей алатындар. Сондықтан да біз қазір базарларға шықпаймыз, онда біз бағалармен бәсекелесе алмаймыз. Біз банктермен, шағын компаниялармен жұмыс істейміз, өнімдерді олардың кеңселеріне жеткізіп береміз.

— Қазір бізде логистика жағынан қиыншылықтар бар, ферма қаладан алыс жерде орналасқандықтан. Әрине сайт жасап, өнімді үйге жеткізуге болады, бірақ онда өнімнің бағасы да қымбатқа шығады. Біз қазір ойластырып жатырмыз, тұтынушыға қалай ыңғайлы әрі тиімді жасауды.

— Субсидия бізге керек, — деп жалғастырады ойын Сәуле, — біз «Даму» қорына тапсыратын құжаттар топтамасын дайындап жатырмыз. Бірақ онда да өздерінің инстанциялары көп, бірақ біз барлығын өтеміз деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанда аграрлық бизнесті қаржыландыру мәселесі күрделілеу.

Бақшашылардың жоспарында фермада демалыс орнын да ашу бар екен. Шуға және тас қамалдарға толы қалалардан бір сәт болса да уақытты тоқтатып тастайтындай көрінетін тыныш бір жерге кетіп қалғың келеді емес пе?. Мұнда шынымен де өмір баяу жүреді, мұнда со бір органикалық,осы уақыт сезілетіндей.

Контакты для справок: Сауле Мусина

Бөліс
Айнур Калдыгулова
Айнур Калдыгулова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000