BUSINESS Екатерина Лейман 9 июля, 2015 14:00

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «АВГУСТ ПЯТОЕ» БРЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «АВГУСТ ПЯТОЕ» БРЕНДІ
Фото: Мухтар Жиренов
Бұл екі жас, шығармашыл, және өршіл қыздар өздеріне өмірден не керектігін біледі. Екі жыл бұрын өздерінің «Август Пятое» брендін шығарған Аделия мен Карина сәнде талғамы бар адамдардың жүректерін жаулап үлгерді. Vox Populi шығармашыл тандемнің шеберханасында болып, дизайнерлермен сән үлгілері, KFW ерекшеліктері және терімен жұмыс істеу қиындығы туралы сөйлесті.

Карина: Дизайнға деген қызығушылық бұрыннан бері бар еді. Біз бұйымдар мен киімдер ойлап тапқаннан бастап деуге де болады. Көп ойланып, біз бесінші тамызда іске кірісіп кеттік. Бастау алу үшін бізде жетерлік уақыт болды- жаз мезгілі. 

Біз шеберханаға келгенімізде шыныменде жасай бастаймыз. Қазіргі заман сәні шектеуімен өзімізді шектегіміз келмейді. 

Аделия: Біз әрдайым біргеміз, және бізге  осы оймен жұмыс істеу оңайға соғады. Мұның бәрі бізге керек пе деген ойлар біздің санамызға кіріп те шықпайды. Ең бастысы- бастау, қалғанына жол өзі апарады. 

А: Біз бастаған сәтте біздің саламызда бәсекелестер болмады. Соңғы жылдары ғана бақталастық пайда болғанын айтып өту керек. Әрине, біз бір әлемнен, идеялардан және сызықтардан шабыт аламыз. Біреу біреуден қайталап жатыр деп айту- дұрыс емес, бірақ қызғаныш сезімі болады екен.

К: Қуантатыны- өзіміздің тұтынушылармызды тапқанымыз. Екі жыл ішінде олар сенімді әрі тұрақты болып үлгерді. Кішкене ғана жетістік болса да- біз оны мақтан тұтамыз. Біздің тұтынушы жеткілікті дәрежеде ерекше. Ол «брендомания» ауруына шалдықпаған, ішкі мазмұны мен сыртқы қабатты жария салуға қорықпайды. 

А: Қазір бірдей киінетін адамдар көбейіп кетті: сол  it-girl (өз стилімен атақты),  бір бірінін келбетін көшіретін адамдар. Әрине, өзіңді, ішкі дүниеңді танып, өзгешелігіңді іздегеннен гөрі қайталау оңай. Бізге грузин сәні өте ұнайды: ол танымал, әр детальда оқылады. 

Дизайнерлер ісің алға басу үшін оның бастапқы кезінен–ақ көп тер төгуің қажет деп мойындады. Қыздардың айтуы бойынша қазір өз ісін тек бұйымдар жасайтын дизайнерлер емес, киім тігетіндер де өз істерін жауып жатыр. 

— Мүмкін, бұл қарсы саласындағы тұрақсыздықтың әсерінен шығар, мүмкін жаз мезгілінің жетіспеуі шығар. Алайда, бұл біздің брендтің алғашқы жазы  емес. Тұтынушы бұл заттардан жалығуы мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды, - дейді Карина.

«Август Пятое» брендінің ең қымбат рюкзак бағасы — 200 доллар. Өнімнің 20% машина тігісі, қалғаны- қолдан жасалғанын санағанда. Ерекше дизайн және Ресей, Беларусьтан әкелінген нағыз былғары бірнеше жылға шыдайды, - бұл бұйымның ерекшелігі. 

К: Біз шеберханаға келгенімізде шыныменде жасай бастаймыз. Қазіргі заман сәні шектеуімен өзімізді шектегіміз келмейді. 

К: Қазір бұл оқиға сауық кеші сияқты, барлығы Instagram-ға фото жасау үшін келеді. Отандық өндірушіні жарнамалау ушін нағыз сатып алушыларды шақыру керек. Ең жақсы орындарды блоггерлермен фотографтарға ұсыну керек, себебі олар халық пікірн қалыптастырады.

«Август Пятое» киім өндіруімен де айналысқан:

— Дизайнды біз ойлап тапқанбыз, - дейді қыздар, теріден жасалған қосуларды және детальдарды өз қолымызбен жинағанбыз. Тігумен бізді өте жақсы түсінетін басқа адам айналысады. Өлшемі free-size болғандықтан,  өлшем линейкасы бізде жоқ. 

Бұйымдар жасалатын теріні меңгеру біз үшін қателік жіберумен қайта көру әдісімен жүрген ұзақ процесс болды. Балғамен саусағымызды ауыртқан кездер де болды. Әрине, бұл мүлдем әйел істейтін жұмыс емес. Фурнитура бұйымдарға аппарат арқылы емес, балға арқылы жалғанады. 

А: Киім мен бұйымдарды өндіру алдында біз өз гардеробымызда түрлі түсті киімдер қолданатынбыз. Әл енді  қара түсті киімдер гардеробымызда толып тұр. Анда-санда ақ пен сұр түсті араластыруға болады.

Өзімізді жақсы корейік, өзіміздің оң және теріс тұстарымызды сүйе білейік!

К: Біз өзіміз туралы түстермен емес, кескін арқылы айтамыз. Қара түс- уақыттан тыс және өте сәнді түс. Оның жарқындығына қарамай-ақ, адамның мінезі, жүріс-тұрысы, көзқарасын білуге болады.  

«Август Пятое» брендін бәрі «білезік» бұйымынан таниды. . Дизайнерлер тері бөлшектерінен сөмкелер мен рюкзактар тігеді, ал қалғанынан мынандай білезіктер жасайды. 

— Тері бөлшегіне қарап, біз шабыттанамыз. Жұмыс барысында жөндеуге қажет болатын қателіктер болады. Осылай жаңа мүлдем басқа бұйымдар туындап жатады.

А: Шеберхананы өз күшімізбен жасадық. Қолайсыз орналасқан бөлмеден жанға арналған бөлме жасадық. 

Қыздарда «тарихи» сандықтары бар:

— Біздің ол сандықта ең алғашқы жұмыстарымыз бар. Оларды аса көрсеткіміз келіп тұрған жоқ. Бір затқа қарап, қандай керемет деп ойлайсың, бірақ уақыт өте келе қалай қателескеніңді түсінесің. 

А: Өзімізді жақсы корейік, өзіміздің оң және теріс тұстарымызды сүйе білейік!

Қазір дамып жатқан нәрсені қолдай бастайық!

К: Өмірге бір- ақ рет келетінімізді түсінейік. Киім арқылы өзіміз туралы айтқан қызықырақ емес пе?


Біз Карина мен Аделияға шығармашылық табыс, тұрақты сатып алушылар және жаңа идеялар тілейміз! Сіздердің бұйымдарыңыз ұзақ уақыт қызмет атқарып, «Август Пятое» брендін еске салып тұрсын!

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000