BUSINESS 19 февраля, 2015 13:08

Burger King Қазақстан: 2014 жылдың қорытындысы мен болашаққа жоспары

Burger King Қазақстан: 2014 жылдың қорытындысы мен болашаққа жоспары
2015 жылдың 17 ақпанында медиа-клубтың Бургер Кинг®-тің 2014-жылы Қазақстандағы атқарған жұмысының қорытындылары мен бәсекелестік қатаңдаған жағдайда нарықты ұстап тұруға бағытталған жоспарларына арналған кезекті отырысы болып өтті.

Шараға Бургер Кинг® компаниясының Қазақстандағы Бас директоры Самир Нашед пен Бургер Кинг® компаниясының Қазақстандағы Президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы Ануар Утемуратов қатысты.




Бургер Кинг® өнімдері мен брендтің айқын басымдықтары – әрбір келушінің талғамына негізделген тек қана балғын және табиғи ингредиентерден тұратын және отта пісірілетін бургерлер. Бургер Кинг® американдық барбекю дәстүрлеріне, ингредиенттердің жақсылап іріктелінетініне, өнімдердің балғындығына де тек қана нағыз грилде 100% ет қолданылатындығына сенеді.

Қазақстан аумағындағы Бургер Кинг® мейрамханалары

Компанияның Қазақстандағы алғашқы мейрамханасы  2012-жылдың 28-мамырында ашылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Бургер Кинг® мейрамханаларының ұзын саны 18 құрайды, оларда былтырғы жылы 4 млн астам адам тамақтанды.

2014 жылы компанияның таза айналымдағы қаражаты 10 млн. доллардан астам болды. 2014 ж. ішінде компания 10 жаңа мейрамханалар мен фуд-корттар ашты, олардың ішіне алғашқы «Автоэкспресс» мейрамханасы мен 2 фуд-корт және Алматыдағы 2 мейрамхана кіреді.


Ресторан «Автоэкспресс» на территории супермаркета «Метро» в г. Алматы
Алматы қаласындағы«Метро» супермаркетінің аумағындағы «Автоэкспресс» мейрамханасы

Астана қаласында 1 фуд-корт және 2 мейрамхана өз есіктерін ашты, Қазақстанның батысында, Ақтөбе қаласында 1 фуд-корт, ал Ақтауда - мейрамхана өз жұмыстарын бастап кетті.


Басшылық сөз сөйлейді

Самир Нашед
Самир Нашед
Суретті түсірген: Тимур Батыршин

«2015 жылы біз тағы да 10 мейрамхана мен фуд-корттар ашпақ ойымыз бар, олардың 5-еуінің қазіргі кезде құрылысы жүріп жатыр, олардың 4-еуі «Автоэкспресс» мейрамханалары, бұл дегеніңіз 140-тан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі», – деп ой бөлісті Нашед мырза.

Фаст-фуд (жедел ас) нарығындағы McDonald’s халықаралық брендінің келуіне байланысты бәсекелестіктің күрделену жағдайында болып жатқан соңғы өзгерістер жөнінде Ануар Утемуратов егжей тегжейлі әңгімелеп берді.

Қазақстанда Бургер Кинг® – қалыптасу кезеңін артта қалдырған алғашқы халықаралық бренд, сондықтан біз қазір өзіміздің мейрамханаларымызда клиенттеріміз бізге қайта қайта келіп тұрулары үшін қонақтарымызға көрсетілетін қызмет түрлерін кемелдендіруге көңіл қоя аламыз.

Ануар Утемуратов
Ануар Утемуратов
Суретті түсірген: Тимур Батыршин

«Фаст-фуд нарығында McDonald’s бургерлер сегментінде ежелден біздің басты бәсекелесіміз болып келді. 1950-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін, McDonald’s бен Burger King жұмыстарын толығымен стандарттауға қол жеткізді. Бүгінгі таңда бұл екі компания да әлемдегі бургерлер желісінде ең ірі компаниялар болып саналады. McDonald’s сияқты ірі брендтің нарыққа келуі, клиенттерге өнімдердің сан алуан түрлерін ұсыну арқылы бәсекелестікті арттыра түсетіні сөзсіз. Дегенмен де, азақстанда Бургер Кинг® – қалыптасу кезеңін артта қалдырған алғашқы халықаралық бренд, сондықтан біз қазір өзіміздің мейрамханаларымызда клиенттеріміз бізге қайта қайта келіп тұрулары үшін қонақтарымызға көрсетілетін қызмет түрлерін кемелдендіруге көңіл қоя аламыз. Біз бәсекелестіктің болғанын қалаймыз, себебі ол секторда ілгері жылжу мен жағымды өзгерістерге және жаңашылдыққа жетелейді», – деп атап өтті Утемуратов мырза.


Бургер Кинг®-тің жаңа өнімдері

2014 жылы Бургер Кинг® Қазақстандағы өз мейрамханалар желісін көбейтудің үстіне қосымша бірқатар жаңа таңдаулар жасап шығарды: Алматы мен Астана қалаларында асты үйге жеткізу жобасы жұмыс істей бастады.

2014 жылдың ақпан айында Компания King Savers™ платформасын іске қосты, яғни компания енді гамбургерлер, балмұздақ және басқа да Бургер Кинг® фирмалық өнімдерін 170-450 тг., аралығындағы бағамен ұсынады. бұл өз кезегінде компанияның клиенттік базасын кеңейтіп, үш деңгейлі ас мәзірін ұсынуға мүмкіндік берді: бастапқы, негізгі және премиум. Компания осы платформаны белсенді түрде дамытып келеді. 2015 жылдың ақпан айының басында King Savers™ жаңа сэндвич Чикен Барбекюмен толықты. Қазіргі кезде King Savers™ платформасы 15 тен астам өнімдерден тұрады.

Өз тұтынушыларына тұрақты негізде жаңа өнімдер ұсына отырып компания 2014 жылы өзінің ұсынатын ас мәзірін Воппер® Барбекю, Цезарь Рэп және Цезарь Салат, Стейкхаус сэндвичтері сияқты өнімдермен толықтырды .


Қазақстандықтардың сүйікті бургері




2014 жылдың қорытындысы бойынша Бургер Кинг® ас мәзірінде қазақстандықтардың ең сүйікті сэндвичі аты аңызға айналған Воппер® болды. 2014 жылы Қазақстандағы Бургер Кинг® мейрамханаларында 1 250 000-нан астам Вопперлер® сатылды. Жаңа өнімдерден сатылу рекордын қойған Стейкхаус сэндвичі болды. Бургер Кинг® сондай-ақ, өзінің Биг Кинг сэндвичімен әйгілі, 2014 жылы одан 300 000 астам сатылды.

Сапа бірінші орында


Бургер Кинг® өз өнімдерінің сапасын жіті бақылап отырады және де жабдықтаушылардың таңдау ісіне де өте сергек қарайды. Барлық жабдықтаушыларда GFSI (Global Food Safety Initiative) мақұлдаған Қауіпсіздік Сертификаты бар (Food safety Certificate), .

Бургер Кинг® Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқалы бергі желіні дамытуға салған салымдардың көлемі 15 млн. доллардан астам соманы құрады. Сату көлемінің өсу деңгейі 30%-дан асып жығылады SSSG (Same Store Sales Growth).


Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000