BUSINESS Ульяна Салапаева 3 марта, 2015 08:00

Pictor – кескіндемедегі бизнес

В арт-студии Pictor
В арт-студии Pictor
Фото: Сергей Панин
VoxBusiness бұрыңғы қаржы қызметкері Дария Темірбеков, Pictor арт-студиясында арзан бағаға суретшілікті үйрететіні туралы біліп алды.
Дария Темирбекова
Дария Темирбекова
Фото: Сергей Панин

Идея

Студияны ашу туралы идея Дарияға кенеттен ойына келді. 2012 жылы Мадридте MasterinAdvancedFinance бағдарламасымен оқып жүріп, ол 1 кешті көркем өнер студиясының 1 курс студенттерімен өткізді. Алматыға оралған соң, Дария қаржы ортасында 2 жыл жұмыс істеді. Кейін ол жұмысты тастап, аз күш пен аз уақыт кетіретін кәсіппен айналысу керек болды. 

– Мен жай отырдым да ойландым, неге арт-студия ашып, достарыммен келіп, сурет салып, көңіл көтермеске. Бастапқыда мен студияны өзім үшін аштым, - деп мойындайды, негізін қалаушы.

Таңдау неге арт-студияға түсті? Сурет салу Дарияға бала кезінен жақын еді, ол архитектура және дизайн мамандығына түсуді де ойлаған, бірақ 2000 жылдары бұл талап етілмеген мамандық еді. 

Дарияның сөзіне келсек, бастапқы инвестицияда жоба құны 3 мың$ құрады. Жобаның көлемі кішкентай болғанын, негізін қалаушы былай деп түсіндірді, жұмыс фронты бастапқыда кішкентай болды. Дарияның бірінші көрген  қиындығы, көркем өнерінің нарықтағы кедейлігі. 

Маған екі таяқпен станок жасайтын адам керек еді, - деп екске алды әйел.

Қазіргі таңда, Дария бмастар-класс үшін бояуларды Ресейден, ал қалғанын Қытайдан әкеледі. 

Басы

Студия өз жұмысын 2013 жылы бастады. Бастапқы ассортимент 60 суреттен тұрды. Қазіргі уақытта таңдау 300 дейін барады, және ылғи жаңартылып тұрады. 

Сурет салу үшін, тек қана арт-студия желісіне кіріп, мастер-классқа жазылу қажет. Нұсқаушылар толық суретті 2 сағатта салуға көмектеседі. 

.

- Мен суретші болмағандықтан, маған қарапайым адамдарға жай ғана түсіндірген ұнайды, өйткені мен күрделі терминологияларды қолданбаймын. Мен оңай сөзбен қалай айтуға болатынын білемін. Ерекше техниканың арқасында барлық адамдар өз туындысын сала алады, тіпті қолына қылқалам алмаған адамдарда, - деп айтып берді Дария.

Мен суретші болмағандықтан, маған қарапайым адамдарға жай ғана түсіндірген ұнайды, өйткені мен күрделі терминологияларды қолданбаймын. Мен оңай сөзбен қалай айтуға болатынын білемін.

Команда

Бірінші жарты жылда Дария өзі жұмыс жасады; нұсқаушы да болды, бухгалтер де болды, директор да болды. Негізін қалаушы нұсқаушы іздегенде, өзіме репетитор іздеп жүрмін деп айтқан. Дарияға оның болашақ қызметкерлері адамдармен қалай тіл табысатыны, сурет салу техникасын қалай түсіндіретіні қызық болды. Сөйтіп, бірінші нұсқаушы, одан кейін 2 қызметкерлер де табылды.

3 нұсқаушылар – жас әрі кәсіби суретші қыздар, және Дарияның айтуы бойынша, өз жұмыстарын ашқалы жатыр. Кәсіпкердің жоспарында тағы 2 нұсқаушы алу бар. 

Бәсекелестер туралы

Дария өзінің бәсекелестерін бос уақыт өткізу үшін, балама әдістері бар компания деп есептейді. Дегенмен, ол басқа көркем өнер студияларын өз бәсекелестері еп есептемейді, өйткені PIctor дың өзіндік клиенттері бар.

- Егерде біздің қаламыздағы көркем өнер судияларына барсаңыз, онда ол жаққа күнде барып, оқу керек болады, ал ол көп адамның қолынан келе бермейді. Ал біздің мастер-класстар, бізге адамдар келсе, суретін салып, кете береді, ал мұны кез келген көркем өнер студиялары жасай бермейді. Керемет мастер-класстар бар, бірақ олар 4-5 сағатқа саналып қойған, ол көп адамның қолынан келе бермейді. Біз бос емес адамдарға бағытталғанбыз, - дейді Дария.

Және де Pictor  студиясында ”отбасылық мастер-класс” атты қызмет көрсету бар, бір суретті бала ата-анасымен салады. Дарияның айтуы бойынша, балалар мен ата-аналар сурет салу кезінде бір-біріне жақындасып кетеді.

Бағалар

Pictor студиясының бағалары ашылған күннен бері өзгерген жоқ: 1 шеберлік сыныбында 1 адамға 5000 теңге, және баламен келген ата-аналар үшін 4000 теңге. Әдетте шеберлік сыныбына 7-9 адам, қалған күндері – 13-14 адам келеді.

Өз бизнесінің жақсы жарнамасын “сарафанное дерево” деп есептейді.

- Бірінші айларда менде 60 жуық клиент болды. Көбіне олар менің достарым еді. Олардың арқасында мәлемет бүкіл қалаға тарап кетті. Мен студиямды еш жерге жарнамаламаппын, тек әлеуметтік желілерге ғана,- дейді негізін қалаушы.

Жоспарлар жайында

Болашақта Дария арт-студияны Астанада ашуды жоспарлап отыр. Тұтынушылар астанамызға Pictor студиясы қашан келеді деген сұрақты жиі қояды. Дария нарықты сезіну үшін, алдағы 2 айда Астанаға барып, мастер-класс жұмысын өткізуді жоспарлайды.

- Бренд атақты болғанда, студияда франшиздарды сатып, бизнесті осы жолмен дамытқан керемет болар еді, - деп бітірді Дария.

Бөліс
Ульяна Салапаева
Ульяна Салапаева
Внештатный автор
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000