BUSINESS Артур Жумашев 23 июня, 2015 12:00

BE IN BF – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛЬ

BE IN BF – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛЬ
Фото: Мухтар Жиренов
Өткен аптада, яғни 18-19 маусымда, Be in Bf атты Қазақстандағы алғашқы бизнес- фестиваль өтті. Фестивальды ұйымдастырушылар іс шараны «Бизнес Фабрика» жобасының ресми ашылуына уақытылы ұйымдастырды. Vox Populi басылымының тілшілері осы іс-шараға ақпаратты серіктес ретінде көрініп, бизнес- фестивальді одан әрі жандандыра түсті.

«Бизнес Фабрика» жобасы  —  бизнес өркендеуіндегі көп функциялы кешен. Бұл  бизнес-инкубатор және коворкинг-орталық.

Жоба құрылтайшылары  Лейла Кайназарова және  Ренат Есимбеков  «Бизнес Фабрика» туралы түсініктеме айтып кетті.

— «Бизнес Фабрика» — Қазақстан үшін шығармашылық жоба, — деген сөздермен Лейла жобаны таныстыра бастады. — Бұл бизнес-инкубатор және бизнес даму аймағы. «Бизнес Фабрика» бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның бірі — бұл коворкинг-орта.

— Коворкинг-орта — бизнес және бизнес жұмыс орындары жалға алынатын орта. Бұл жаңа формат. Әлемде осындай орталықтар кеңінен таралған, алайда Қазақстанда ондай орталар аз. Ең үлкені біздікі.   

— Бүгінгі таңда қолданыста 118 жұмыс орны- олар осында тұрақты жұмыс істейтін біздің резиденттерге бекітілген. Әрине, әр резиденттің өз жұмыс орны бар, тек инфрақұрылым ортақ. Мысалы, келіссөздерге арналған бөлме, конференц-залдар, сатып алушылармен кездесу аймақтары, жергілікті желі және шәй немесе кофе ішетін ортақ орын. Әр түрлі бизнес аудандарының өкілдері осынан жұмыс орындарын жалға алады, коворкингта бір бірімен танысып тәжірибе алмасады.

— Ең бастысы, - жалғастырды жоба құрылтайшысы – бұл біздің орталықтан алатын бизнестерінің қолдауы.

— Коворкинг - орталықта талап ресімделмеген, - деді жобаның екінші құрылтайшысы Ренат, яғни- бұл инновациялы әрі тәуекелді жоба. Алғашқы «Бизнес Фабрика» беретін — бұл осы жерде және қазір, әр күні бізге келген әр адам қолдана алатын тәжірибелі және актуалды білім.

— Бізде «Бизнес Практикум» атты бірегей бағдарлама бар.  Бұл бағдарламаны тренингтерге қатысты сұрақтарды шешуге ұйымдастырдық. Туындайтын сұрақ – мысалға тренингтарға қатысасың, ал аяқтала салысымен не істеріңді білмейсің. Менімен мұндай оқиғалар көп болған. 

— Бұл мәселені біз былай шештік. Ертең емес, бір айдан кейін емес, бір жылдан соң емес немесе бизнес 5млн. табыс әкелген кезде емес, дәл бүгін, қазір қолдана алатын білім беру.

— Бұл қалай жұмыс істейді, - жалғастырды Ренат, - Біз тапсырма береміз, ал адам болса ноутбук көмегімен алған білімін енгізеді. Одан әрі ең қызығы басталады: енгізу барысында біз бірігіп шешетін сұрақтар мен мәселелер тұындайды. Біз қатысушыларымызды осы жерде және қазір жасауға үйретеміз. Тәжірибесіз берілген білім- пайдасыз болғандықтан бізідң коворкинг—орталықтағы сабақтарда осындай амал қолданамыз.

— Бастаушы бизнесменнің алғашқы ережесі: «Істеу керек!»

— Білім берумен қатар біз- қоршаған орта береміз. Адам біздің ортаға тез сіңіп кетеді. Бұл инфрақұрылым- жас бизнесмендерге арналған алаңдар. Әркім өзін қолдаған ортаға ие болады. Өзін өзі өзгертуге болатын жақсы амал- қоршаған ортаны ауыстыру.

— Басқа маңызды әсерлердің бірі- коворкингтегі қызмет көрсету. Бұл жерде сен бір жұмыс орнына ақша төлейсің, ал саған ауданы 2000 м2 болатын аумақ береді. 

— Коворкинг тек іскерлік ғана емес, шығармашылық жағынан да көмегі зор. Соның арқасында қиын қыстау сәттерде тыныш ортада ойлануға, жақсы нәтиже әкелетін жаңа белестер ашуға ықпалын тигізеді. — деп Ренат Есимбеков сөзін аяқтады.

Жобамен танысып болғанна кейін СМИ өкілдеріне және фестиваль қонақтарына мастер- класстар тыңдап, өз бизнестерін коворкинг- орталықта дамытқан компания өкілдерімен танысу ұсынылды.

Жас өкілдер  ондаған жақтастары бола тұрысымен жұмыс істеудің қаңдай екенін Vox Populi оқырмандарымен бөлісуге қуана келісті. 

Алексей Тен

IT-қызмет 10LINES

— «Бизнес Фабрика»-да біз техникалық ашылуынан біргеміз. Қызметкерлері басқа жерде орналасқан біздің офисті мен өзім жеке коворкингте қарсы аламын. Коворкинг- орталықта соңғы технология жаңалықтарынан хабардар болатын адамдар арасында жұмыс аймағы пайда болады. 

— Мысалы, IP-телефония не үшін қажет екенін кімде кім біле бермейді. Ал бұл жерде біздің қызметтерімізді қолданатын серіктестер көп. 

Ернур Сулейменов

Languages Development Group ағылшын тілі сабақтары.

— Бұл коворкинг- орталықта біз бір бірімізді білеміз, тәжірибе алмасамыз. Біздің студенттер ең қолайлы бағдарламамен жұмыс атқарады. Бағдарлама маңызы- ағылшын тілін аз уақытта меңгеру. Егер басқа орталықтар жалпы курс уақытына  5-6 ай берсе, біз сол білімді 2 ай ішінде меңгерте аламыз. 

— Бизнесмен ретінде коворкингте жұмыс атқарып, қандай артықшыларға ие боламын: біріншіден, бұл бір офисті қамтамасыз еткеннен арзан. Екіншіден, бұл әрдайым тәжірибе алмасу, коворкингтің басқа қатысушылармен идея бөлісу және бір бірімізден бизнес құру амалдарын ұйрену. Сонымен қатар, мен «Бизнес Фабрикамен» контрактқа қол қойдым. Контракт бойынша инновациялық және жақсы келіссөздер бөлмелеріне қосымша сағаттар аламын. Көп адамдардың, сондықтан, маған қызығушылығы бар.

Камилла Бараева

Имидж Авто Автомобильдерін жалға алу

— Автомобильдерді жалға берумен айналысатын біздің компания бір жыл бойы жұмыс атқарып келеді, коворкингте біз жарты жыл жұмыс істейміз. Бізге бұл жер ұнайды- өте сәнді жер. 

— Қарапайым офисте жұмыс істеуден көп айырмашылығы бар. Бұл жерде төрт қабырға қыспайды, әрдайым пуфиктерде демалуға болады.  Коворкингте жұмыс уақытымен демалыс уақытын біріктіруге болады- бұл біздің жалпы қызметімізге зор әсерін тигізеді. 

Бөліс
Артур Жумашев
Артур Жумашев
Шеф-редактор
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000