BUSINESS vox populi 23 октября, 2014 13:19

Қазақстанда жаңа зауытты қалай құруға болады

Қазақстанда жаңа зауытты қалай құруға болады
Қарапайым инженерден директорлыққа дейінгі сатыны бағындырған Сергей Сотников қазіргі таңда үлкен жобаны жүзеге асыруда. Оның басқарып отырған «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС таяу арада сырттан әкелінетін өнімдерді жойып, Қазақстанды құрыш арматурасын экспорттаушылар қатарына қосатыны сөзсіз. Өз ісінің майталманы Сергей Сотников өзі туралы айтуды аса ұнатпайтын болып шықты, бірақ та өз ісіне толықтай берілу мен ісіне деген құштарлықсыз металлургияда жұмыс жасау мүмкін еместігіне сенімді.

Қазақстанда тұтынылатын металлдардың жартысына дерлік Ресей және Қытайдан әкелетін тауарларға тиесілі. Сонымен бірге, өнімді жеткізіп берушілер Украина және алыс шетел елдері.
2013 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша құрыш арматурасы балық, құс және сүт өнімдерімен қатар, Қазақстанға көп мөлшерде әкелінетін тауарлар санына кірген. Отандық металлопрокаттың орнын толтыру үшін, қостанайлық металл өңдеу және қайта өңдеу, арматура дайындау және ұсақ өнімдер шығарушы «Евраз Каспиан Сталь» зауыты тартылған. Зауыт Қазақстан Даму Банкімен қаржыландырылып, жаңадан салынған. Зауыт жылына 450 мың тонналық жоба қуаттылығымен 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде. Бүгінде зауыт өкілері осы тәріздес 400 мың тонна өнім өндіретін Теміртаумен белсенді байланыс жасауда. Кәсіпорындар біріге отырып, қазақстан нарығын толықтай құрыш арматурасымен қамтамасыз етуге дайын. Экономикалық маңызды объект құрылысы және жұмысы туралы Сергей Сотников айтып берді.

– Өзіңіз туралы айтып берсеңіз. – Мен Қостанайда туып өстім, Қостанай құрылыс техникумын техник-технолог мамандығы бойынша бітірдім. Кейін жедел әскери қызметке шақырылып, запастағы кіші сержант атағымен босатылдым. Әскерден кейін Қостанай ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Өзімнің еңбек жолымды қарапайым инженерліктен бастап, «Агромашхолдинг» АҚ ҚФ директоры қызметіне дейін көтерілдім. Соңынан мені осында қызметке шақырды. Мен істің адамымын, құр сөз сөйлейтін адамдар қатарына жатпаймын, сондықтан да өзім туралы көп айтқанды жақтырмаймын. Тек айтқым келетіні осы жобаны жүзеге асыруға басынан араластым және өз жұмысымды қатты бағалаймын. Қызығушылығы жоқ адамдар мұндай жерлерде көпке тұрақтамайды деп есептеймін. – Қазір зауыттағы жұмысшылар саны қанша және оларға қандай жағдай жасалған? – Бүгінде зауытта 250 адам еңбек етеді. Жақсы жалақымен ( Қостанай бойынша орташадан жоғары) қатар, әлеуметтік артықшылықтар бере отырып, ықтимал шығындардың орнын максималды толтыруға тырыстық: түскі астың жарты ақысын төлеу, жұмысшылар, олардың балалары үшін демалыс және сауықтыру жолдамаларының 80% ақысын төлеу, спортзал, асхана, жуынатын бөлмелердің болуы. Бізде қауіпсіздік техникасы өте қатаң сақталады, арнайы киімдер және транспорт бар. Басқа қаладан шақырылған мамандарға тұратын пәтерлерінің жалға алу құнын толықтай төлейміз. Мықты деген мамандарды жұмысқа шақыра отырып, олардың дамуы мен еңбекте өсуін қамтамасыз етеміз. Айта кететін жайт, біз жұмысқа тек еңбек өтілі бар мамандарды ғана емес, сонымен қатар металлургия, энергетика және механика салалары бойынша білім алған оқу орындарының түлектерін де аламыз. «Евраз Каспиан Сталь» (ЕКС) жұмысшыларының орташа жасы 35 жасты құрайды, ұжым көбіне жастардан құралған деп айтуға болады. ЕКС-та қазақстандықтардан басқа Ресей және Украинадан келіп 11 маман жұмыс жасайды. Бұлар кәсіпорынның топ-менеджерлері, тар шеңбердегі мамандар (калибровщик, технолог), бас механик, ӨТБ ауысым жабдықтарын дайындау бөлімшесінің басшысы. Бізге шақырылған мамандардың барлығы Ресей және Украинаның металлургиялық кәсіпорындарында мол тәжірибе жинақтаған мамандар. Олардың міндеттеріне өндірісті жолға қою, жобалық қуаттылығына көтеру, үнемшіл өндіріс және 6 S жүйесінің принциптерін енгізу, өндірістік және коммерциялық қатынастарды реттеу, жұмысшылар штатын жасақтау, қызметкерлерді ынталандыру жүйесін енгізу, сонымен қатар жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілерін үйрету жатады.

– ЕКС-тің ерекшелігі неде?

Біздің зауыттың Ресей және Теміртау зауыттарынан ерекшелігі, Siemens итальян компаниясының заманауи құрылғылары және жабдықтарымен жабдықталуында. Мұндай жабдықтарда жұмыс жасау еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бір жұмысшыға жылына 65 млн. теңгені құрайды деп күтілуде. Біздің сұранысымыз бойынша жобаны жасауда ГП «Укргипромез», Siemens VAI және Forni E combustione инженерлері біріге отырып бірегей техникалық шешім тапты. Нәтижесінде Forni E combustione компаниясы үшін ауа өткізгіш аралық жүйесі жанынан орналастырылған адымдағыш пештің қайта жасалған конструкциясы пайда болды. Бұл жобаның инженерлік жағына да, экономикалық жағына да оң әсерін тигізді. Мен біздің жоғары сапалы, соның ішінде А500СП маркалы арматура шығаратындығымызбен мақтанамын.Зауытымыздың құрылысын осыдан екі жыл бұрын елбасы да қолдаған болатын, себебі, ЕКС Қазақстан территориясындағы алғашқы шикізаттан арматура өндіретін алғашқы өндіруші болды. Біздер шығаратын сапалы өнімнің Қазақстанда аналогы жоқ. Сонымен қатар, сырттан әкелінетін тауарларға қарағанда 10% арзан. Зауытта өнім сапасын бақылайтын сертификатталған заманауи зертхана жұмыс жасайды. Тұтынушылардың талғамына сай келетін, МЕМСТ бойынша жүргізілетін орамалау желісі жолға қойылған.

– Мемлекеттік институттың $90 млн қаржыландырған жобасы неге жұмыс орындарын аз ұсынып отыр?

– Айтып өткенімдей, зауыттың өндіріс жүйесі автоматтандырылған заманауи европалық қондырғылармен жабдықталған. Жұмыс орындарының қысқартылуы әлемдік ірі компаниялар үшін қалыпты жағдай, технологияға кеткен шығындар осылайша қайтарылады.

– Өнеркәсіптен хабары жоқ адамдарға сіздің өніміңіздің артықшылығы неде екені түсініксіз. Түсіндіріп өтсеңіз.

– Біздің өнім Қазақстан және Орта Азияның басқа да елдерінде тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік, зауыттар, фабрикалар құрылысында қолданылады. Біз өндіретін А500СП арматурасы – А500 классты прокаттың жетілдірілген модификациясы. Оның артықшылықтары, А.А. Гвоздев атындағы БТТЖКҒЗИ –ның зерттеулерімен дәлелденген. Мұндай арматураны құрылыста қолдану металлды 25% дейін үнемдеп, темірқұйматас конструкцияларының өзіндік құнын айтарлықтай төмендетеді және тіректілігін жоғарылатады. Зауыт толықтай қуаттылығына қосылған кезде ҚР аумағына әкелінетін арматура көлемі шығарылатын өнім көлеміне (жылына 450 мың тонна) пропорционалды түрде қысқаратын болады. Таяу жылдары біздің жобамыз қазіргі сырттан әкелінетін өнім көлемін 100% жойып, өзіміздің технологиялық өндірісті ашып, көрші елдерге тұрақты экспорттауды жолға кояды.

– Зауыттың тағы қандай ерекшелігін атап өте аласыз?

– Зауттың тағы бір сипаттамалық ерекшелігі Қазақстан Даму банкі қаржыландыруы және Evraz Group SA компаниясының басшысының бастамасымен бұл жерде өндірістің жаңадан құрылғаны. Greenfield-жоба деп аталатын зауыт бұрын еш құрылыс болмаған қамысы қаптаған, сазды аймақта тұрғызылған. Қазақстандағы зауыттардың көпшілігі кеңес дәуірінен қалған өндірістердің жаңартылған түрлері, жаңадан салынған өндіріс орындары аз кездеседі, ЕКС солардың бірі.

– Зауыт неге Қостанайда салынған, бұл орналастыруың өзектілігі неде?

– Caspian Group жобасын әзірлеушілер бас компаниямен серіктесе отырып, экономикалық тиімділікті көздеп, шикізат көздерінің орналасуын, аймақтың экономикалық әлуетін, РФ шектесуін, Қазақстан және Орта Азия нарығын қамтудың ыңғайлылығын есепке ала отырып шешімге келген. Қостанайда қолайлы жағдай көп: дизел зауытының жақындығы, білікті персонал, ауданы 17,1 га болатын меншікті жер телімі, ауданы 9000 м2 болатын қосалқы-қойма корпусы.

– Қазақстан нарығы арматураның қаншалықты мөлшеріне мұқтаж және қандай потенциалды бәсекелестер бар?

– Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда металлопрокаттың ішкі нарығының сыйымдылығының өсуі байқалады. Негізгі жабдықтаушы Ресей (Батыс-Сібір, Магнитогорск, Челябин және Нижнетагиль металл комбинаттары) жабдықтау көлемі 250 мың тоннадан жоғары. Бірақ біз тек Қазақстан нарығы емес, сонымен қатар Орта Азияның көршілес елдеріне және Ресейге шығуды жоспарлаудамыз. Мақсатымызға жету әрине қиын болары сөзсіз, себебі, бізбен бірге екі ірі арматура өндірушілер ММК (Магнитогорск қаласы) және «Мечел» (Челябинск қаласы) жұмыс жасауда. Біз берік бәсекелестік күреске кірістік. Мы вступили в упорную конкурентную борьбу. 2010-2014 жж тау-металлургиялық саланың болжамы бойынша 2014 жылы қазақстандық жайма прокат өндірісінің көлемі 3100 мың тоннаға жетеді.

– Жобаны несиелеу мәселелері қалай шешілді және қызметтес болуға қандай қаржылық институтты таңдадыңыздар?

– Қазақстандық және Ресейлік компаниялардың бірлесе отырып өндіріс орнын құру шешімі мемлекеттің қолдауымен және ҚДБ төменгі пайыздық несиелеуімен жүргізілді біз несиелендірудің басқа да нұсқаларын қарастырған болатынбыз. Бірақ олар қымбат және ыңғайсыз болды. Жалпы жобаға 131 млн доллар жұмсалды, осы қаражаттың 30% жобаға қатысушы – ресейлік топ «Евраз» және Caspian Group қазақстандық холдингі, 70% –Қазақстан Даму Банкі. Банктегі қызмет көрсетудің жоғары деңгейде екндігіне тоқталғым келеді. Атқарылған жұмыстардың көлемі көп болса да, несиені рәсімдеуге көп уақыт кеткен жоқ, себебі біздің қызметкерлер құрамы білікті менеджерлерден, технологтардан, қаржыгерлерден, заңгерлерден құралған. Бастысы, банк талаптары бойынша құжаттар дұрыс жинақталса (сауатты бизнес-жоспар және жобаның тиімділігін есептеу) барлық рәсімдер мерзімінде жүргізіледі.

– Зауыттың өнімдері негізінен қандай нарыққа шығарылып отыр?

– Қазір оны айту ертерек болар, себебі зауыт өндірісте алғашқы қадамдарын ғана жасауда. Өнімнің бір бөлігін Қырғыстанға, Өзбекістанға жібердік, бір бөлігін Қазақстандағы (Алматы, Шымкент т.б.) көтерме сатып алушыларға саттық. Аумағында жоғарыда атаған бәсекелестеріміз бола тұрса да, Ресеймен сауда жасасу жоспарымызда бар. Біз ішкі және сыртқы сатып алушылар қатынасын 50 де 50 жеткізуді көздеп отырмыз.

– Өндірісте қандай қиындықтар кездесуде?

Қазіргі уақытта зауыт бастапқы кезеңде – мамандарды дайындау мен машиналарды күйге келтіру жұмыстары жүргізілуде. Костанай – металлургиялық қала емес, көптеген жұмысшыларға біліктілігін арттыру қажет. Біз 100 астам адамдарды оқыттық, бәденде ыстық сынақтар жүргізіп, қазір де оқытудамыз.

–Өндірісті кеңейту жоспарда бар ма?

– Біз кеңейту мәселелерін қарастырудамыз, дайындамаларды шығаратын тағы бір зауыт құрамыз ба деген ойымыз бар, бірақ бұл келешек еншісінде. Біздің басты міндетіміз – зауытты 2015 жылы толықтай 450 мың тонна жобалық қуатында іске қосып, Қазақстан және Орта Азияда қалыптасқан ұсақ сортты прокат тапшылығын жою болып табылады.

Бөліс
vox populi
vox populi