BUSINESS Инесса Шлапак Дамир Отеген 8 августа, 2014 14:09

Қазақстандағы рок-н-ролл: бизнес пе әлде әуестік пе?

Қазақстандағы рок-н-ролл: бизнес пе әлде әуестік пе?
Қазақстанда өздері жазып, өздерінің әндерін орындайтын жүзден астам рок-топтары бар. Кавер орындайтындары бірнеше есе көп. Бұл қаншалықты табысты бизнес екенін, жалпы бұл бизнес пе екенін бұрынғы қарағандылық Cry Baby тобының вокалисті, ал қазір Komancheros тобының көшбасшысы Денис Балакиревтен білдік.

Қарағандылық және қазақстандық рок-музыка туралы

Қарағанды негізі өте бірегей орын: ауыр тарихы бар кішігірім түнеріңкі қалашық. Мүмкін, сол себепті шығар, сонда бір сиқыр бар. Қарағандыда үнемі қандай да бір қызықты топтар пайда болып жатады. Барлығы кенеттен шығып, бірден сапалы болады. Бұл Қазақстандағы сахнасы мен сабақтастығы бар жалғыз орын. Бір жағынан, сонда «Свинцовый дирижабль» атты рок-клубы бар болғандықтан шығар, топтар сол жерде үнемі өнер көрсете алады. Жай ғана келісіп, сенің тобың ойнай бастайды. Осының арқасында жаңа ұжымдар пайда болып, ескілері де қалыспайды. Қарағандада өз шығармашылығын орындайтын ондаған топ табылады.

Қазақстанда өз музыкасын ойнайтын барлық топтар бұны шын ықыласпен істейді. Өз шығармашылығыңмен біздің елімізде табыс табу мүмкін емес. Бұны халық тығыздығының төмендігімен түсіндіруге болады. 16-17 миллион адам – осының ішінде ұаншасы музыкаға, атап айтқанда рокқа көңіл бөле алады? Тұтынушылар саны мен өткізу нарығы жеткіліксіз. Біздің шоу-бизнестегі жалғыз табысты бизнес-модель – бұл Қайрат Нұртас.

Бұрынғы және қазіргі жобалар туралы

2011 жылы біздің Cry Baby тобымыз «На вершине Тенгри» атты қазақстандық музыкалық рок-жобасына қатысты. «Тенгри FM» ұйымдастырған концерттен бірнеше ай өткеннен кейін менімен бірге Cry Baby тобының негізін қалаған гитаршы кетіп қалып, сиқыр жа жоғалды. Біз басқа адам таптық, бірақ бұрынғыдай болмады... Мен өлеңдердің мәтінін, ал Гитаршы Дима әнін жазуға көмектесіп жүретін сиқырлық жетіспеді. Топтың атын «Край ветра» деп ауыстыруға тырыстық, бірақ бұл әлдеқандай жанталасу болды, өйткені сол кезде жігіттер суып қалған еді. Топ 2005 жылдан бері өмір сүріп, жұмыс уақытынан тыс уақытта шұғылданатын шығармашылық жоба болды. 2012 жылдың жазында мен Алматыға жаңа топ жинау үшін келдім, бірақ бұл жолы коммерциялық тұрғыда табысты болатындай кавер-бағыттағы топ құруды жоспарладым. Қазіргі командамыздың 75% қарағандылықтардан құралған. Шахтерлер қаласы – бұл қайнар көз, дарынды жастары көпшілік. Қарағандыда First fight хардкор тобы болған – қатал жігіттер, ескі таныстарым. Мен гитаршы мен дағырашыны сол жерден қағып алдым. Хардкор – айтарлықтай тауашалы сахна, соның ішінде Қазақстанда. Ал жігіттер жақсы ақша тауып, әрі қарай дамығысы келді, сол себепті келісімдерін де берді. Тек басистіміз Эльдар – алматылық. Жаңа топты Komancheros деп атадық.

Алматылықтар мен қарағандылықтардың айырмашылығы туралы

Мен көптеген жігіттерді сынап көрдім, бірақ көбісімен бірігіп жұмыс істей алмадық. Алматылықтармен қиындау, себебі ділдеріміз өзгеше. Біріншіден, жергілікті жігіттер табысқа үйреніп қалған, ал маған жаңа қадам басқан топты орнынан қозғауға уақыт керек еді. Оған қоса алматылықтарда үлкен қалаларға тән көкірекшілдік, қанша таңырқарлық болмасын инфантильдік те бар. Ал солтүстіктің адамдары қатал әрі турашыл болады.

Қазақстандағы кавер-топтардың табыстылығы туралы

Біздің кавер-топ екеніміз көбісін жиіркендірсе де, бұның қандай жұмыс екенін анықтау қажет. Бұл той-бизнес, а сен мейрамханашысың және бөтен әндерді орындайсың. Біз, шыны керек, өз маркамызды ұстауға тырысамыз, шын ықыласпен және негізінен рок туындыларын орындаймын. Сәйкесінше, барлығын ойнай беретіндермен салыстырғанда табысымыз да аздау болады. Сол себепті осындай адамдардың негізгі табыс көзі – тапсырысты банкеттер, тойлар, Сердючка және сол сияқтыларды орындауға тура келетін шаралар. Егер де сен осындай топтардың қатарына кіріп, жақсы танылып, сені ірі агенттіктер мен ивент-агенттіктер сататын болса, онда жақсы табыс табуға болады. Айына 100-200 теңгеде нақ көп болады, өйткені жақсы танылған командалар бір банкеттен орташа есеппен 2000-3000 доллар алады. Шыны керек, ондайларды саусақпен санауға болады, ал елімізде кавер-топтар жүзден асады.

Дегенмен, біз де жақсы табыс табамыз, өйткені біз бір жарым жылдың ішінде өзімізге абырой-бедел жинадық. Біз музыкалық тұрғыда шегінуге барғанымызда, онда біз одан да көбірек табыс алып, жиі өнер көрсетуші едік. Біздің топ Red Hot Chili Peppers сияқты 90-х жылдардағы роктың жаңа толқынына екпін жасайды, классикалық дүниелерді орындаймыз. Сондықтан өз шарасында әрең тұрып, әрең ойнап тұратын шалдарды емес, мықты рок-бэнд көргісі келсе бізді шақырады. Komancheros – толықтай менің жобам деп айта аламын, ол мен қимылдағандықтан ғана табыс таба бастады. Топты ұйымдастыру мен оны жылжыту тәжірибесі айтарлықтай қызықты болды.

Жабық шаралардан басқа біз кейбір алматылық клубтарда өнер көрсетеміз, бірақ көбісі жабылып қалды, өйткені ұсыныс сұраныстан көп. Басқа қалаларға да барамыз – туған жеріміз Қарағандыға, Астана, Атырау және Ақтау. Соңғы екеуінде барлығы қатал және талғамы да қатал. Біз өзіміздің рокты орындаймыз, бірақ бізді амалсыздан қабылдайды. Сол жерде «летящей походкой» мен тағы сондайлардың комбаты керек.

Шығармашылық пен ақшаның қақтығысы туралы

Cry Baby-ден кейін ештеңе жаза алмай жүрмін, өйткені оған уақыт та, күш-қуатым да жетіспейді. Аптасына бес концерт ойнасаң, дүйсенбі немесе сейсенбіде жиналып, бірдеңе жазу оңай емес. Ештеңе жасағың да келмейді. Нобайлар өте көп, бірақ солардың барлығын бір жерге біріктіру болмай жатыр.

Жалпы, ақша пайда болған кезде, бірдеңе шығарып, жасау қиынға соғады. Мен осы салаларды бөлу керек екендігін түсінемін, егер табас табудың басқа да мүмкіндіктері болса, онда солай істеген дұрыс, ал шығармашылықпен әуестік ретінде айналысу керек. Бұл дұрыс әрі шынайы болады. Сахнада өнер көрсету – біздің негізгі жұмысымыз және табысымыз. Қосымша заттар да бар: арасында «Hit ТВ» арнасында жүргізуші боламын, кейде фестивальдардар жүргіземін. Немесе, мысалға, жақында мені танымал сыра брендінің жарнамасына түсуге шақырды.

Шетелдік болашақ пен жоспарлары туралы

Жаздың ортасында мен достарыммен бірге Испанияға бардым. Клубтарға барып, адамдардың сонда қалай ойнайтынын қарадым. Онда барудың еш мағынасы жоқ, өйткені музыкалық салада мүлдем аұша жоқ екен. Сонымен бірге музыканттардың деңгейі жаман емес, бізден жоғары. Бірақ олар өз өнер көрсетулеріне айтарлықтай аз алады. Мен оларға осындағы табысымды айтқан кезде, көдері бақырайып, осында қалай келсем екен деп ойлана кетті. Әрі қарай жылжуға қатысты жоспарларым жоқ емес, бірақ қазір солардың кескінін анықтау үстіндемін.

Өмірлік стиль туралы

Әнші болу – өте қиын. Сен ұйықтамасаң – бітті, дауысың жұмыс істемейді. Салқын тиіп, күйгелектенсең де солай. Физиология қатты әсер етеді.

Бірақ, айта кету керек, мен жұмыс істегенді ұнатпаймын және әшқашан қатты жұмыс істеген емеспін. Сондықтан аса қатты жұмыс жасамай-ақ, бірақ ақша тауып отыруға мүмкіндік берген осындай өмір кестесін тұрғызғаныма қуаныштымын. Бұл керемет! Бірақ уақыт өте келе, тағы бірдеңе, жаңасы керек екенін түсінесің.

Сенде бір пассивті табыс көзі болып, сенің шығармашылықпен айналысатын мүмкіндігің болса, оған ақша салып, осы бір шіңкілдетумен табыс табу керек деп ойланбасаң тіпті керемет болатын еді. Осыған ұмтылу керек.

Рок-музыкадағы табысты бизнес-модельдер туралы

Жалғыз қызықты бизнес-модель «Алдаспан» тобында мүмкін болатын еді. Бұл бүкіл әлемге сатуға болатын зат. Қазақтарда жақсы дамыған және рок-музыкамен біріктіріп қолдануға болатын этникалық құрамдас бөлігі. Қажетті қатынасы – 70% этно және 30% рок пен поп-музыка. Оған қоса жақсы вокал ментоптың стильді бейнесі қажет – сонда барлығы ойдағыдай жүреді!

Осы тақырыптағы репортаж:

Қазақстандық Кулибин

Бөліс
Инесса Шлапак
Инесса Шлапак
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000