Ты можешь всё! Эльвира Абдусалямова 30 сентября, 2015 14:00

Үлкен белестерге шабытпен: жас кәсіпкер Абылай Юсупов

Үлкен белестерге шабытпен: жас кәсіпкер Абылай Юсупов
Vox Populi өзінің "Үлкен беслестерге шабытпен" атты айдарын одан әрі жалғастырады. Бүгінгі репортажымыздың кейіпкері қазіргі қазақстандық жастарды шынымен шабыттардырушы деп атауымызға болатын жиырма жасар еңбекқор, ақылды, бүгінгі ісін ертеңге қалдырмайтын, уақыттың ең үнемді кестесімен жүріп-тұратын, алға қойған мақсаттарына қол жеткізбей қоймайтын кәсіпкер жігіт.

Аблай Юсупов
Аблай Юсупов

Абылай Юсупов — ALMA University түлегі.Сіз ол туралы  Instagram желісіндегі «Queex» жобасы арқылы біетін боларсыз, ол сол жобаның жетекшісі. Дегенмен Queex — ол айналысатын жобалардың бірі ғана. Абылайдың мақсатына қалай қол жеткізіп, табыстарға қалай ие болып жүргені туралы тарқатып айтып берсек...

Абылай Екібастұз қаласында дүниеге келген. Бес жасына дейін Солнечный деп аталатын ауылда тұрған, бес жастан он бір жасқа дейін Екібастұзда, одан кейінгі уақыттаотбасымен Астанаға көшіп кеткен. Бала Абылайды № 60 мектепке береді, ол оны қте жоғары бағамен бітіріп шығады:

— 9 сыныптан кейін мен әкемгің цехына барып, әртүрлі жұмыстар атқара бастадым, пенопласт кестім, қоқыс шығардым. Қысқасы бір    айдай жұмыс жасадым. Сол жүргенде, ғаламтор желілерінен сыныптастарымның керемет демалып жүрген суреттерін қарап жүрдім. Сол сәтте, цех менің жүретін жерім емес, маған басқа жұмыс табу керек деп ойладым. Мен сабақты ол кезде үшке оқитынмын, содан соң ата-анаммен келісім жасастым, егер мен мектепті жақсыға аяқтасам, олар мені бір айға тіл үйренуге Англияға жіберетін болып келісті. Осы келісімді ұтып алғаннан кейін мен адам алға ұандай да бір мақсат қойса, оған жету мүмкін екендігін түсіндім.

Маған ең бастысы тәжірибе жинақтау бооды, кейінірек студенттік кеңестің төрағасы ретінде алатын 40 мың теңге жалақыммен өз оқуымның ақысын өзім төлейтін болдым. 

Мектеп бітіргеннен кейін біздің кейіпкеріміз Алматыға келіп, бұрын МАБ деп аталған, қазіргі АLMA University оқуға түседі. Бірінші курсынан бастап Абылай студенттік өмірге белсене кірісіп кетеді, қазірге дейін жұмыс жасап жатқан түрлі жобаларға қатысып, университеттің өмірімен тығыз қарым-қатынаста болады.

Сондай бір жобалардың бірі Gold Rush:

— Бұл жобаны біз университеттегі достарымызбен бірге кәсіпте жолдары болған, белгілі кәсіпкерлер мен ірі компаниялардың жетекшілерін университетке шақырып, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру. Сонымен қатар, университетте студенттер өздерінің оқып тастаған кітаптарын алып келіп, бір-бірімен айырбастады. Біз содан кейін старт ап түнін өткіздік, ол түні студенттер университетке қонып, түнімен өз жобаларын жасады.

Абылайдың тағы бір жобаларының бірі ALMAU Family. Ең алдымен ол ВКантакте желісіндегі жоба ретінде басталған, одан кейін студенттік кештерді, табиғат аясына саяхаттарды, абитуриенттерді табиғатқа шығару жұмыстары сияқты түрлі іс шараларды жүргізетін жоба ретінде өсіп кетті. Негізі бұл жобаның иесі  Enactus клубының иесі, Баку мен Мәскеу университеттерінің өкілдері болған. Ол досы екеуі   Mass On Family жобасын құрған:

— Жоғарыда айтып өткенімдей мен бұл жобаларды ақша табу көзіне айналдырған жоқпын.Маған ең бастысы тәжірибе жинақтау бооды, кейінірек студенттік кеңестің төрағасы ретінде алатын 40 мың теңге жалақыммен өз оқуымның ақысын өзім төлейтін болдым.   

— Бірақ, мен өзім айтып өткендей, мен жалақы үшін жұмыс істеген жоқпын, мен біріншіден тәжірибе жинақтау үшін жұмыс істедім, екіншіден бұл іс өзіме қатты ұнағандықтан жүргіздім. Жұмыстан тқртінші курстың екінші семестрінен бастап кеттім, себебі мен осыдан жарты жыл бұрын жасап жатқан   Queex жобасының жігіттерімен жұмыс істеп жүргенмін, шынын айтсам, менің уақытым өте тығыз болып кетті. Менің ойымша, адам өзіне ұнаған іспен айналысса, бар күн жігерімен кірісуі керек деп ойлаймын.

— Queex — менің қала деңгейінде жасаған алғашқы жобам. Менің бұл іспен көптен бері айналысқым келіп жүрген: дегенмен, менің түсінігімде, адамның өзінің нақты бір жоспары, дайын дүниесі болмай жарыққа шығам деуі бекершілік. Мен өзім жергілікті алматылық болмағандықтан, маған бұл жобаны бастау өте қиын болды.   Queex-тің — ең басты құндылығы тұжырым жасау болды. Нағыз Queex - бұл қазіргі таңда өз арнасымен жұмыс жасап тұрған нағыз жоба, бірақ бұған дейін жігіттермен 15 минуттық роликті талқылау үшін үш-төрт сағаттан уақыт жоғалтатын едік. Queex тұжырымы бойынша, төрт заманауи әдемі, қыздың көзі сүрінетін бозбалалар, өмірлік жағдаяттарды салып күлдіргі роликтер түсіреді. Бірінші кезекте олардың ішек түйдіретіндей қалжыңдары емес, олардың көз сүріндіретін сымбаттары көп талқыланып жатыр. Олардың әрқайсысы, шын мәнісінде кез-келген киноға түсіруге болатын модель десек қателеспейміз. Мысалы, Марлен бір фильмге түсіп, Киевке барып клипке түсіп үлгерді. 


Команда Queex
Queex командасы

Біз Queex тобының жігіттерімен кездесіп, олар бір-бімен қалай кездесті, Абылаймен қалай танысты және өздерінің әріптестері туралы не айталады екен деп сұрап көрдік.

Исхар: Біз Абылаймен жоба басталмастан бұрын таныс болдық, біз бір университетте оқыдық. Мен қаржыгер маманығында оқыдым, ал Абылай маркетолог мамандығы бойынша оқыды. Біздің бұған дейін де бірге жасаған көптеген жобаларымыз болды.

Марлен: Жаздің бір күндерінде маған ВКантактіде Абылай Юсуповтан хат келіп түсті. Осы сәтте біздің топта сырттың адамы жетпей тұрған кезең болатын, елдің бәрі айтып жүргендей жобаның президенті емес, ұйымдастырушысы, топты құрастырушы адам қажеттігі туындаған уақыт болды. Абылай бізге жобаны қалай дамыту туралы, бірге қалай жұмыс жасау керектігіміз туралы айтып берді.

Исхар: Содан бері, біз бір жылдың шамасында әріптес қана емес, дос болып кеттік.

Марлен: Абылай біздің қызметімізге кәсіби біліктілік көрсетті. Біз, барлық шығармашылық жұмыстарды өзімізге қалдырып, ал кездесулер, іскерлік келісімшарттар, келіссөздер Абылайдың құзырында қалды.


Дияр Джамалдин, резидент команды Queex
Дияр Джамалдин,  Queex тобының резиденті

Дияр:Біз ең алғаш Абылаймен кездескен кезде, маған оның адамды жұмысқа ынталандыра білетін қабілеті ұнады. Біз жобамызды бұдан әрі қалай дамытамыз, өсіреміз, қалай қаржыландырамыз деп басымыз қатып жүргенде, Абылай Queex келе сала жобаға жан бітірді. Оның адамдарды жұмысқа ынталандыра білетін жақсы қасиеті бар. Абылай - бізді ұййымдастыра білетін қабілетке ие.


Марлен Капбар, резидент команды Queex
Марлен Капбар, Queex тобының резиденті

Марлен: Абылайдың күшті тұсы - оның жүйелі жұмыс жүргізе білетінінде. Оның басы тегіннен-тегін үлкен емес (қалжыңдайды) - ол өте көп оқиды. Абылай іскерлік келіссөздер жүргізудің шебері. Ол үшін ең басты нәрсе табысқа қол жеткізу. Қанша уақыт өтсін, бір жыл немесе екі жыл, ол өзінің көзқарасына берік, достарына адал.


Исхар Бабазаев, резидент команды Queex
Исхар Бабазаев,  Queex тобының резиденті

Исхар: Мен Абылаймен төрт жылдан бері таныспын, осы төрт жылдың ішінде мен Абылайды тек жақсы қырларынан ғана таныдым. Абылай - өте жақсы жетекші. Осы жылдардың ішінде менің байқағаным, Абылай адамға жақсы әсер ете алады, оның қызығушылығын, іске деген шабытын оята біледі. Ол қатал басшы да бола біреді, ақкөңіл дос та бола алады.


Марлен и Дияр
Марлен мен Дияр

Марлен: Дос ретінде ол әрқашан қол ұшын бере алады. Ең құрығанда телефон соғып, кофеге шақырады. Мен бір жұмыс болып қалды ма деп сұраймын, ал ол болса "Жай әшейін" дейді. Біз Абылай екеуміз кез-келген тақырыпта сөйлесе береміз, екеуміздің әңгімеміз бітпейді. Бір жарым жылдан бері бізге айтатын білімі таусылған жоқ.

Қазір Абылай Queex жобасынан бөлек тағы бір жобаны басқарады. Ол Cov.art деп аталады, оның да Instagram желісінде парақшасы бар, бірақ бірінші жобадан  Cov.art айырмашылығы мұнда әуесқой әншілер өздерін тыңдағысы келетін жандарға ән салып береді.

Абдрахманова Жанна: Anna Kendrick - Cups #queex #queexart #queexmix

Видео опубликовано Cov Art (@cov.art)

— Біз музыканттарды қолдаймыз, біздің арналар арқылы өздеріне қуат, шабыт алғандарын қалаймыз. Болашақта  Cov.art шоу, концертін қойсақ па деген жоспарымыз бар. YouTube сияқты өзіміздің үлкен арнамызды ашып, қызықты бейнежазбаларымызбен бөліскіміз келеді. Сол арқылы продюссерлер өздеріне қажетті әншілерді тауып, келешекте жұмыс жасауға мүмкіндік алса дейміз. Қазір бұл жобамыз тек фонаттардың ғана айналасында таралып жатыр, бірақ ,  Queex-те басында солай басталған. 

Мені ең бірінші шабыттандыратын менің отбасым. Олар маған сенеді, мен сол арқылы өзіме қуат аламын. 

—Мені ең бірінші шабыттандыратын менің отбасым. Олар маған сенеді, мен сол арқылы өзіме қуат аламын.  Мен Work and Travel деп аталатын бағдарлама арқылы Америкада болған кезімде тура бір айдан кейін мен қайта қайтып кеттім, себебі ол жақ маған ұнамады. Мен Америкада таратушы болып жұмыс жасадым, ал мен баратын кезде тіл үйрену үшін даяшы болып істеймін деп барғанмын. Шынын айтқанда, мені лақтырып кетті, біздің ол жаққа баруға жұмсалған көп қаржымыз желге ұшып кетті. Маған, "Ештеңе етпейді, одан ары өз мақсаттарыңа қол жеткізуге ұмтыла бер, жұмыс жаса" деді. Үйдегілер маған ешқашан кедергі жасамайды, жұмысыма араласпайды. Әрқашан қолдайды, жеңіске ұмтылдырады.

— Менің анамның аты - Ханна. Ол — грек ұлтының өкілі. Әкемнің аты - Дастан.

Отбасында ағайынды үш ұлмыз: үлкеніміз -Шыңғыс, одан кейін - Сергей, сосын - мен

— Мені Ричард Брэнсонның өмірі қызықтырады, ол не істеп жүргенін өмірі бақылаймын. Сосын қазіргі кезде танымал Аяз Шагабудиновты бақылаймын. Көбісі оны көбіктен үй тұрғызып жүр деп кекететін, дегенмен ол пайда табуда, еңбектенуде. Мен миллионерлердің табыстарын қараймын: олар да біз сияқты адамдар ғой деймін де соларға қарап одан әрі жұмыс жасаймын. Мен көбінесе бейнероликтерді, бейнетренингтерді қараймын. Менің негізгі тренерім Энтони Роббинс. Оның тренингтерін қазіргі таңда миллион адам қарап шыққан. Ол өазіргі таңда  Маргарет Тэтчер, Нельсон Мандела, Билл Клинтон, Михаил Горбачев, Хью Джекман сияқты көптеген табысты адамдардың кеңесшісі. 

Абылай Юсупов көптеген кәсіби кітаптарды оқып тауысқан, бірақ соңғы екеуі көркем шығармалар, дегенмен олар да бизнес туралы. Оның үстелінен үнемі табылатын кітап Филипп Котлердің "Маркетинг негіздері" деп аталатын кітабы. Ал сүйікті көркем шығармасына келетін болсақ, ол бірден Иса Калашниковтің "Жестокий век" шығармасын атады.

Жарты жыл өткеннен кейінгі оның жасаған тағы бір жобасы  Top Generation Group деп аталатын орын. Мұндағы Абылайдың рөлі тіл үйрету орталығының пиар-менеджері.


Рахима Газизова
Рахима Газизова

Біз Top Generation Group орталығына келіп, компанияның қосымша басшысы Рахима Газизовамен кездестік. Компанияның жұмысымен, бұл жобаға Абылайдың өосқан рөлімен таныстырып, айтып берді:

—Біздің орталық қараша айында ашылды. Барлығы менің  IELTS-қа дайындалуымнан басталды. Мен мұнда бірінші студент болып келдім. Мен емтихандарды ойдағыдай тапсырып, қазіргі менің әріптесім Темір Айгеріммен таныстым, екеуміз достасып кеттік те әріптес боламыз деп шештік. Басында біз екеуміз ғана жұмыс жасайтынбыз, өте көп қиындықтар болды. Біздің ойымызда бір "топ" болу деген болмады. Маркетингке, жарнамаға уақытымыз болмады. Абылай бізге осы жағынан көмектесті. Бес ай өткеннен кейін бізге Абылай қосылды, ол өзінің иеяларын ала келді. Біздің орталықтың мақсаты - адамдарға ағылшын тілін үйретін, өмір сүру дағдыларын жеңілдету.

— Бізде "екіде екі" деп аталатын  IELTS бағдарламасы бар.Яғни екі айда сіз өзіңіздің көрсеткішіңізді екі балға көтересіз. Қазіргі таңда бқл біздің ең танымал, көп тараған бағдарламамыз. Көпшілік ттүлектер осы бағдарламаны таңдайды. Тағы бір айта кететін жағдай, біздің оқушыларымыз тіл үйренгеннен кейін біздің әріптесіміз, я оқытушымыз болып кетіп жатыр, себебі біз оларды әрқашан қолдаймыз. Одан бөлек біздің, Foundation, English for Kids, Corporate English және Business English деп аталатын бағдарламаларымыз бар. 

— Қазір біз өмізідің орталыөта көптеген танымал адамдар оқып жатқанын немесе оқып кеткенін мақтан тұтамыз, мысалы  Абылай, Queex тобы, Луина, Da Gudda Jazz, Рано, Аида Кауменова. Абылай осындай бастаманың авторы атанды. Ол, бізге жұлдыздар келе бастаса жақсы болар еді, деді.

— Наурыз айынан бергі біздің табысымыз үш есеге өсті. Бқл жерде бірақ осының бәрі бір адамның еңбегі деп айтудан аулақпын.  Біз топпен жұмыс жасаймыз. Тәжірибе жинақтап жатырмыз, ал Айгерім өз ісін сапалы орындайды. Маркетингтің, яғни Абылайдың ісі өз жемісін беруде. Барлығын қосқанда өте сапалы өнім шығады.


Айгерим Темир
Айгерим Темир

— Қазір біздің орталықта 150ге жуық студент оқиды. Абылай келгелі біз Instagram желісіне шықтық, YouTube-арнасына шықтық, жалпы ғаламтор желісінде танымал болып кеттік - дейді Айгерім. 

Сәуір айында Абылай 3 000 000 ақша табамын деп өзіне мақсат қойған. Ол бұл ақшаны Top Generation Group и Queex жобаларының барлығында жұмыс жасап табамын деген. Ол мақсатына жетті.

Жаймен басып біз Абылайдың Біржан Әшімов пен Мағжан Тлеухановпен бірге жасаған жобалары туралы білгіміз келді. 28-қыркүйек күні жаңа тренингтің ашылуы болады, ол он аптаға созылады. 

Upgrade Business School — бұл енді менің жобам. Біздің жастарға қазір шабыттандыратын, қолдау , жол көрсететін адамдар жетіспейді. Біздің жастар: "Қойшы, біз әлі бар жоғы 18-20 жастамыз ғана ғой, әлі үлгереміз" дейтін шығар. Ештеңеге үлгермей қалады. Қазір жасау керек. Біз өзіміз қатарлы жастарға, біздің табысты компанияларымызыдң қалай жұмыс жасайтынын, алдымызға қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болатынын көрсететін тренингтер жүргізетін курстар ұйымдастырамын. Біз адамдарға макетингтік білім беру, адамдардың психологиясы туралы, менеджмент туралы білім береміз.

— Біздің он апталық курсымызға қазірдің өзінде 50 адам жазылып қойды, олардың арасында 1 оныншы сынып оқушысы, 1 ресторанның басшысы бар. Курстың бағасы 26 мың теңге. Әр апта сайын екі рет біржарым сағаттық тренинг жүргізіледі, ал сенбі күндері әртүрлі компанияларға апарып, тыңдаушыларымызға өажетті білім береміз. "Хардкор" деп аталатын түсінік бар. Бұл дегеніміз 6 сағат бойы төрт тренинг сабақ жүргізетін болады. Және де "разбор" деп аталатын түсінік бар. Адамдардың өздерінің идеяларын ортаға салып талқылаймыз. Негізгі тренерлер мен, Біржан және Мағжан.

Мүмкін мен 30-40 келгенде әртүрлі жобаларға ақшамды салатын шығармын, ал жас кезімде әзірге миды жұмыс жасатуым керек.

— Мен үшін ең бастысы - әртүрлі жобаларды сұрыптау, тесттен өткізу, өзімізге қажеттісін қалдыру. Бұл жобаның да қорытындысында осы елу адамнан қанша адам өз ісін жалғастырып әкетеді, соған байланысты біздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Егер осы адамдардың ешқайсысы жоба жасай алмаса , яғни біз бірдеңені дұрыс жасамағанымыз.

— Табысты болу үшін, сапасы бар дүниелер жасау керек. Ақша табу - ұзақ уақытты қажет ететін мақсат, менің басымда тек ақша табу ғана емес. Егер сұраныс болса, ақша өз-өзінен келеді. Сол үшін сұранысты талап ететін жұмыстармен айналысу керек.

Бір мезгілде біздің кейіпкеріміз тыныштық уақытына тап болды...

— Бұл жаз айларының басында, Queex тобының жігіттері демалған кезде болды, ол кезде біздің жұмысымыз тоқтап қалды. Біз тек осы уақыттың өтіп кетуін күттік. Top Generation Group де дәл осындай жағдай болды, яғни жазда адамдар көп оқығасы келмейді. Бұл қыстың күні балмұздақ сатқанмен бірдей жағдай ғой.

— Дегенмен, мен өзімнің жобаларыма көп ақша салған емеспін. Мен қазір 22 ғана жастамын. Бизнеспен 21 жасымнан бастап айналыстым, ал түрлі жобалармен, өзімді шыңдаумен 17 жасымнан бастап айналыстым.  Мүмкін мен 30-40 келгенде әртүрлі жобаларға ақшамды салатын шығармын, ал жас кезімде әзірге миды жұмыс жасатуым керек.

Өзінің Instagram парақшасында Абылай мини-блог жүргізіп отырады, ол жерде ол өзінің оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, бағалы кеңестер беріп отырады.

Өзінің білімін жалғастыру үшін, Абылай магистратураға түскісі келеді. Жұмысында оның толып жатқан идеялары мен ойлары бар, оларды жақын уақыттарда жүзеге асыруын ойлайды:

— 5-ақпаннан бастап Top Generation Group өзінің филиалдарын ашады. Мен бір мезгілде PR-менеджера мен серіктестің рөлін атқаратын адам боламын. Тек бір ғана foundation бағдарлама болатын болса, онда курстың бағасы арзанырақ болады. Астана қаласында да foundation мектебін ашпақ жоспарымыз бар. Cov.art жобасы бойынша жаңа жылға дейін концерт беру жоспарымыз бар, ал Queex бойынша әлі көптеген ойларымыз бен жоспарларымыз бар. Бұрын біз кино түнін өткізетінбіз, бірақ қазір онымен айналыспаймыз, себебі бұл заңсыз, дегенмен жігіттермен түрлі сауық кештерін өткізіп тұрамыз.

Абылайдың бизнестен бөлек өмірінде, ол қарапайым адам ғана. Дегенмен, кейде ол кәсіби өсуі үшін кейбір нәрселерді құрбандыққа шалып жіберуі мүмкін. Жігітіміз спортты өте жақсы көреді, бірақ оның тренажер залына баруға уақыты жоқ, сондықтан үйде шынығады. Бірақ салауатты тамақтануды ұмытпайды: сүт тағамдары мен күрішті жақсы көреді, фаст футты тамақ ішуге тамақ ішуге уақыты болмай қалған жағдайда болмаса жемеуге тырысады. Абылай бірақ достарымен кейде донер де жейтін орындарға баратынын да жасырмады, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды.

— Менің ең ұнататын жыл мезгілім - күз. Біріншіден, осы кезде көп жұмыс жасауға мүмкіндік туады, екіншіден, мен салқын ауа-райын ұнатамын, оның үстіне күзде қала өте әдеміленіп кетеді.

Спасибо:)

Фото опубликовано @yussupov

Жеке өмірінде де жас миллионердің барлығы жақсарып келеді. Екі жарым жылдан бері ол Сабина атты бір қызбен кездесіп жүр. Келесі жылы екеуі тойларын жасауды жоспарлап жүр екен. Ал ұашан әке болуға дайынсың деген сұрағыма, "Енді екі-үш жылда әке болып қаламын" деп жауап берді.

— Өмірде ең бастысы - сөзсіз отбасы. Мен шын мәнінде бақытты адаммын. Мен денім сау, отбасым аман болғаны үшін бақыттымын, қаржым қажеттіліктерімді өтейді, алға қойған мақсаттарыма жәймен қол жеткізіп келемін.

Бөліс
Эльвира Абдусалямова
Эльвира Абдусалямова
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000