Ты можешь всё! Эльвира Абдусалямова 1 июля, 2015 10:00

БЕЛЕСТЕРГЕ ШАБЫТТАНДЫРУ: K-PAK - ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР ЖІГІТ

БЕЛЕСТЕРГЕ ШАБЫТТАНДЫРУ: K-PAK - ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР ЖІГІТ
Фото: Мухтар Жиренов
Бұл өмірде ешкім ештеңеге кепілдік бере алмайды. Бірақ, кез келгенімізде өмірдің күтпеген жағдайларында әрқаша алдымызда екі таңдау тұрады: күресіп алға ұмтылу немесе жеңілу. Қуаныш бірінші жолды таңдады. Beeline – мен бірлесе отырып жасаған "Белестерге шабыттандыру" жобасында өзін шексіз мүмкіндіктері жоқ екендігін айналасындағыларға және өзіне әр күні дәлелдейтін керемет адаммен таныстырамыз.

K-Pak — Қуаныш өзіне ойлап тапқан лақап аты, себебі оның сүйікті репері 2Pac. Жігіт міне 31 жыл бойы ДЦП ауруымен өмір сүріп келеді. Өзі Батыс Қазақстан облысында дүние келседе, 12 жасына дейін Германияда, Венгрияда және 6 жыл Қытайда тұрған. Бұл жерде жігіт тәтесінің үйінде уақытша тұрып жатыр. Ата- анасы әзірше басқа қалада тұрады. 

Қытайда тұрған 6 жыл ішінде K-Pak қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Адамдарға тегін көмектескен: қытай тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудармалар жасаған. Ағылшын мен неміс тілінде жақсы біледі, бірақ қытай тіліндей емес.  

— 2Pac оның сүйікті репері. Тәтесі айтқандай, Қуаныштың арманы Америкаға барып, репер жерленген жерді көру.

K-Pakта Бой атты иті бар. Оны ол күшік кезінде сатып алған, ал қазір өздеріңіз көріп отырғандай күшік үлкен ит болды. Біздің қаһарман Бойды өте қатты жақсы көреді. Ит тіпті барлық командаларды орындайды, қажетті киімге дейін әкеліп береді.  

— Қуаныш үш баланың кіндік әкесі болып келеді. Ең үлкен кіндік қызы 16 жаста. Оны өзі баққан. Одан басқа жігіт ат шабу спортын ұнатады: ол көп рет ат шапқан,- деп жалғастырды туысқаны.  

Алайда, бәрінен бұрын жігіт – тренажер залын жақсы көреді. Ол денсаулыққа қатты көңіл бөледі, сондықтан біз Қуанышпен Бодибилдинг және Фитнес Чемпионатында танысқан болатынбыз. Ол чемпионтта ол өзінің бұлшықтарын көрсетіп жатқан, адамға толы зал қуана қарсы алған болатын.

- Кейін K-Pak өзінің Эминемге ұқсатқанын айтты. Себебі Эминем сахнаға шыққанда зал дәл солай үлкен қуанышпен қарсы алатынын айтты. 

K-Pak-тың сахнаға шығуын Қазақстан Бодибилдинг және Фитнес Одағы ұйымдастырған болатын. Бас хатшы Талап Иматалиев моральды түрде үлкен сахнаға шығуға қолдау көрсетті және бірнеше күн бойы Қуаныш жаттығатын жаттығу залына дайындыққа келіп жүрді. 

Қуаныштың жаттықтырушысы Нурсултан Амантай K-Pakтың мақсатына қалай жеткенін айтп берді:

— Жігіт  Pro Gym-ге бір жыл бұрын келгенде оның басты мақсаты – денсаулықты сақтау болды. Біздің зал Қазақстан Одағымен бірлесіп жұмыс атқарады, сондықтан біздің балалардан 15 адам чемпионатқа дайындық барысында болды. Жарыс алдында біз үлкен жігермен дайындалдық. Қуаныш оны білетін және өзі аптасына 6 рет 3 сағаттан (кейде оданда көп) дайындалатын.  Залда дайындалатын қыздармен жігіттерге қарап, ол оданда көп жетістіктерге жеткісі келді. «Мен барлық адамдарға өзімнің олардан еш айырмашылығым жоқ екенін, атлеттермен қатар тұра алатындығымды дәлелдегім келеді»- деп бізге айтты. Талап Сайпулловичпен сөйлескенімізде кездесі керектігімізді айтқан болатын.  

— Оны бір көргеннен жақын тартып қалдым! Болды, бұл адам біздікі, жіне ол сахнаға шығады.  Тек бір психологиялық жағдай туындады: Шынында, бұлшықтарды шынықтыруға, жаттығуғы болады, бірақ сахнаға шығып өзін көрсету қиындау мәселе. Мен оған бірнеше сөз айттым, ол сахнаға шықты. Бұл оның жеңісі болды. Қуанышты жаңадан танығанымда, оның қалай өмір сүретіндігіне таң қалдым, – деп бөлісті Талап Сайпуллович. 

— Біздің Одағымыздың алғашқы мақсаты- адамгершілікті бірінші орынға қою. Ешқандай тәж, жұлдыздардың қажеті жоқ. Біз мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмектесеміз. Жыл сайын түрлі жарыстар өткізіп тұрамыз. Қолымыздан келсе, адамдарға көмек көрсету- біздің міндетіміз, - деді Талап Сайпуллович. 

— K-Pak тән сауығуына ғана емес рухани сауығуғада көп қадам жасады. «Дені саудың- жаны сау» демекші, мен керісінше айтар едім «Жаны саудың дені сау». Егер оның осынша өмірге ынтасы болмағанда, осы күнге жетпес те еді. Таң қаларлық жағдай: жаттығулар жасап, қазір сыраханада отыратын адамдар- өте жаман нәрсе. Ал K-Pak секілді адамдарды құрметтеу керек. Осындай керемет ұлды дүниеге әкелген Анаға Рахмет айту керек деп ойлаймы, - деді Қазақстан Федерация Одағының бас хатшысы. 

— K-Pak-қа залда өте ұнайды. Демалыс күндері ол үзіліссіз жаттыға алады. Бұл жерде кейбір балалар сынады, ал Қуаныш – ешқашан! Мен «Сен өзі демаласың ба?» дегенімде, ол тіпті демалатын түрі де жоқ.- деді Нұрсұлтан. 

Жаттықтырушы басқаларға қарағанда Қуанышты жаттықтырған оңай дейді. Айтқан нәрсеңді тез қағып алады. Ең бастысы, ол өзіне не керектігін біледі. Ол өте тәртіпті. 

Нұрсұлтан тағы біздің атлетіміздің тамақтануы туралы айтып берді:

— K-Pak салауатты тамақтануды ұстанады. Тұзы, қанты аз тамақтар жейді. Ақуыз өнімдерін жеуге тырысады. Тәтті мен ащы тағамдар жемейді. Кейде сағат түнгі 10-11лерде қоңырау шалып қандай тамақ жеуіне болатындығын сұрайды.

Қуаныш Қытайда болғанында, ол елге танымал Ник Вуйчичпен кездесті. Басқа адамдарға емес, дәл Қуанышқа келіп оның қандай ерекше адам екенін, биік шыңдарға шығатынын айтқан екен. 

K-Pak- тың денесінде 7 тату бар. Олардың көбісі Қытайда жасалған болатын.  

Жігіттің ең сүйікті татуы Tupac Amaru Shakur деп жазылғаны. Бұл тату сонымен қатар сүйікті реперінің өмір жылдарын білдіреді. 

Залда біздің қаңарман таразымен бірге жүреді. Өзінің коляскада отырған орынына жаттықтырушы ауыр таразы салады, K-Pak оның бәрін итереді. Әдетте ол көп салғызады- Біздің Қаһарман осындай!

Pro Gym-де Қуанышты бәрі таниды. Басқа жаттықтырушы Николай (сол жақта) Нұрсултан жоқ кезде жігітке жаттығуға көмектеседі.

K-Pak- тың сүйікті жаттығуы — пресс жасау. Көріп тұрғандарыңыздай, оның қолынан өте жақсы келеді.  

Тағы ол Смит тренажерында жерден көтерілуді жақсы көреді. Біздің фотограф осы сәтті ұстай алмағанда, Қуаныш еш қиындықсыз бір жаттығуын қайталай берді. Ол үшін бұл оңай. 

K-Pak жаттығуын аяқтағаннан кейін, фотосессияның жалғасы болды. Екі күн бұрын қалаға оның болашақ жары Сая да келіпті.  

— Мен Қуанышты бір қызбен таныстыруға шештім. Ол намаз оқиды. Олар хат алысып жүрді, сосын қыз Ақтөбеден осында қонақ болып келді. Бәрі жақсы болды, себебі Сая осында көшіп келген соң, біз той жасаймыз, - қуана бізбен Қуаныштың тәтесі бөлісті. 

Сая бізбен бірге болмағанда, Қуаныштан ол қыз несімен ұнағанын сұрағанымызда

— Ол өте жақсы, шынайы, еңбекқор әрі шыдамды, ең бастысы ақылды қыз –деп жауап берді. 


Ал қазір қыз біздің жанымызда, соның өзінен сұрап көрдік:

— Менің құрбым Қуаныштың тәтесін жақсы таниды. Бізді солар таныстырған болатын. Мен, әрине, өте қобалжыдым, себебі, бұл өмірлік қадам. 

— Себебі, мен – жетімдер үйінде өстім. Өз өмірімде мен қиын жағдайларға ұшыраған адамдарға көмектесуге тырысамын. Бірақ Қуаныш маған еркек ретінде ұнайды. Шынымды айтсам, ең басты себеп: оның көздері жылы, жүрегі ашық жан. Мен оған мен сияқты болмағанына кінә тартпадым. Менің жүрегім маған осы адам керек екендігін сездірген болатын, - деп бізбен бөлісті Сая.  

K-Pak Саяны келмейді ма деп қорықты, оған көп хабарлама қалдырды. Сая болса келді, ал Қуаныш оны шоқ гүлдерімен қарсы алды. 

— Чемпионатта мен болмадым, бірақ суреттерді көрдім. Мен сол күні қатты жыладым. Ол бақыт жасы болған еді, – деді Сая. 

— Мен Қуаныштың бақытты болғанын қалаймын. Ол өмірде әлі талай белестерге жететініне сенемін. Және мен әрдайым оған көмектесетін боламын!- деп сенімді түрде айтты. 

Саябақта серуендеп жүріп, тұйық мінезді Сая:

— Кейбір адамдар суретке түскенді ұнатады, маған болса ұнамайды...

— Ал маған ұнайды! — күлімсіреп айтты Қуаныш.

Қуаныш айналасындағыларға, әлемге позитивті түрде қарайды. Адамдарға қажетті кеңес бергенді ұнатады. Тіпті оның киімі де- имиджінің бір бөлігі болып табылады. 

Follow me  стиліндегі фото жасау— Қуаныштың арманы. Біз бірнеше түсірілім жасадық.  

«Ешқашан қолымнан келмейді деп айтпа. Істей алмаймын деген сөз жоқ! Егер жаның ауырса, көрсетпе. Бәріне, өзіңнің ең күшті екеніңді дәлелде. Қалауың болса, өз мақсатыңа жете аласың!!!»

K-Pak.

Бөліс
Эльвира Абдусалямова
Эльвира Абдусалямова
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000